Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Алтын жүрек анамыз мәнерлеп оқу сайысы

Тақырыбы:<<Алтын жүрек анамыз>> мәнерлеп оқу сайысы.

Мақсаты: <<Бөбек>> қайырымдылық қорының негізін қалаушы С.А.Назарбаеваның өмірі мен шығармашылығымен танысу, мемлекетіміздің болашағы-жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
Оқушыларға әлемдегі барлық жақсылық ана махаббатынан тарайтынын түсіндіру;
Балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілігін арттыру;
Ананы сүюге, ана еңбегін ақтай білуге тәрбиелеу.
Ақындық өнерлерін дамыту.
Ресурстар: тақырып, слайд, аудиотаспа, шарлар, Сара Алпысқызының фото суреттері, күн бейнесі.
Мұғалім:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, пән сүйер жаңа ғасырдың ұландары!
С.А.Назарбаева-қазақтың бақытты аналарының бірі.С.А.Назарбаеваның есімі бұл күнде <<Бөбек>> балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы, жетімдердің жебеушісі, қорғансыздардың қамқоршысы ретінде қалың жұртшылыққа кең танымал. Бүгінде мыңдаған жетім балалар мен мүгедек сәбилердің тағдыры үшін бүкіл жауапкершілікті мойнына алып, бөбектердің анасына айналды. С.Алпысқызының туған күніне арналған <<Алтын жүрек анамыз>> атты мәнерлеп оқу сайысымызды ашуға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті пән сүйер қауым. Сайысымызды әр қайсымыз өз анамызды еске ала отырып, Шәмші Қалдаяқовтың әні "Ана туралы жырды" бірлесіп айту ұсынамыз! (тақтаға ән караоке минус қосылады)
Жүргізуші:
Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылы 12 ақпан күні Қарағанды облысының Қызылжар ауылында дүние есігін ашты. Қарағанды металлургия комбинатының <<Бөбек>> қоры арқылы мыңдаған жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға, көп балалы отбасыларына қолдау көрсетіп келеді.1994 жылдың маусым айынан бастап <> атты балалар ауылының президенті. 2001 жылдың желтоқсан айында жетім мен мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсеткен еңбегі үшін <<Достық>> орденімен>>, 2003 жылы Шыңғыс Айтматов атындағы алқамен марапатталды.

- дей келе мәнерлеп оқусайысына қатысушыларды таныстыра кетейік. Бұл сайыс 5-8 сыныптар аралығында өтеді. Олар:
1. 5 сыныптан - Төлеубеков Исатай
2. 6 б сынып-Нұрланқызы Бақытнұр
3. 7а сынып - Эрикова Анель
4. 7 б сынып-Кыдыкенова Дина
5. 8 а сынып - Оразханова Айдана
6. 8 б сынып-Кәкеш Талшын, Жеңісова Мөлдір
Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын тағайындап алайық:

Директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Жакишева Жулдыз
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Чайзат Мұрат
Қазақ тіл пәнінің мұғалімі Нұрсеитова Ақерке

Сайысымыз 1 негізгі кезеңнен тұрады:
І кезең. Ана тақырыбында өлеңдерді нақышына келтіріп, мәнерлеп айту. (мәнерге салып оқушыларды іріктеп алу)
қосымша кезең. Ана тақырыбында өлең шұмағын құрап шығару.
І кезең.
Сара апамыз-анамыз, өз анамыз,
Ертең апай атынан сөз аламыз
Қасиетті, қамқоршы жүрегіңнен, жақсылығын өмірдің сезе аламыз
- дей келе І кезең ана туралы өлеңдерді мәнерлеп оқуына берейік. (Оқушылар сынып бойынша шығып өз өлеңдерін оқиды. Бірінші 5 сыныптан басталады.)
Жүргізүші:
Әділ-қазылар шешімін шығарғанша, көрермендермен сахналап көрсетілген жағдаятты талдау ұсынымыз.
Арман күнделікті сабақтан келгенде үстіндегі киімдерін лақтырып, тамағын ішер-ішпестен далаға ойынға шығып кетеді. Анасы үндемей жинап қояды.Бірақ арман бұл әдетін күнде-күнде қайталайды.
Арманның бұл қылығы туралы не айтасыздар?
Арманға қандай кеңес берер едіңдер?
Енді келесі ІІ кезеңімізге көшелік
Өзгеге көңілім, тоярсың
Өлеңді қайтып қоясын.
Сені айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың - деп ұлы ақынымыз Абай атамызайтқандай қосымша кезеңде Жас ақындарымызды сынап көрелік. Ана қасиетті тақырыбында 4 жолды өлең құрастыру тапсырамыз. Қатысушылар даяр болғанша Әсем ай би тобының <<Көңілді күн>> биін тамашалаңыздар.
Енді кезекті әділ-қазыларға береміз.
Қорытынды: <<Жер бетіндегі Жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды деп Нұр ағаның сөзімен қорытындылап мәнерлеп оқу сайысымыз аяқталды деп жариялаймыз, назар қойып тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет!
1 орын 7 б сынып оқушысы Қыдыкенова Дина
2 орын 8 б сынып оқушысы Жеңісова Мөлдір
3 орын 6 б сынып оқушысы Нұрланқызы Бақытнұр

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№3 Күршім гимназиясы КММ

Алтын жүрек анамыз!
Мәнерлеп оқу сайысы

Күні:5.02.2016ж
Сыныбы:5-8
Мұғалімі: Маликова Н.Р

Ұқсас жұмыстар
Ана жайлы
Бар сыйымыз сізге, алтын күз!
Тәрбие ісінің жетекшісі
Бастауышпен қоштасу мерекесі туралы
Алтын жүрек Анамыз
Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра Сілтеме
Бастауышпен қоштасу 4-сынып
Синтаксистен өткенді қайталау
Мектеп вальсі
Бүршік. Б.Әдет Жетісу суреттері. І.Жансүгіров
Пәндер