Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Ағаштар неге ашуланады
Ағаштар неге ашуланады?
Cәтпаев қаласының
<<№ 2 жалпы орта білім беретін мектебі>>
бастауыш сынып мұғалімі: С.К.Тукенова
Сабақтың тақырыбы: <<Ағаштар неге ашуланады?>>
Сабақтаң мақсаты: Оқушылардың ағаштар туралы білімдерін кеңейте отырып, мәтінді сауатты оқуға, талдауға, негізгі ойды табуға, ой қорытындысын жасауға, оған өз ойын қосуға, әрі қарай жалғастыруға, аяқтауға үйрету. Оқушылардың ойлау қабілеті мен дүниетанымын кеңейту, шығармашылық пен жұмыс істей отырып, сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, табиғатқа деген мейірім мен ықыласын, табиғаттың байлығы мен әсемділігін қорғай білуге, еңбек ете білуге, еңбегін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Мақал-мәтелдер, терек, қайың, қарағай, емен, т.б ағаштардың суреттері.
Түрі:Жаңа сабақ
Әдісі: Сұрақ-жауап, жеке жұмыс, топпен жұмыс
Қолданылатын технология: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі. Ой қозғау
1. Ағаштар туралы не білесің? Оқушылар сұрақ-жауап жазып оқиды.
1-оқушы: Ағаш - жердің көркі, сәні, байлығы. Ағаштан үстел, орындық, қарындаш, сызғаш, ағаш шкаф, кітап сөрелері, қағаз, дәрі-дәрмек алынады.
2-оқушы: Ағаш ауаны тазартады. Ағашты отқа жағамыз. Ағаштан үй саламыз. Ағаштан егіс алқаптарын ыстықтан, жерден қорғайды.
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызда Б.Соқпапбаевтың <<Ағаштар неге ашуланады?>> (слайд ашу) атты әңгімесін оқимыз. Б.Соқпапбаев Алматы облысының, Райымбек ауданында дүниеге келген. Қазақтың көрнекті балалар жазушысы. Оның балаларға арналған бірнеше шығармалары бар. <<Чемпион>>, <<Менің атым - Қожа>>, <<Жекпе-жек>> т.б. Ағаштар неге ашуланады екен оқып білейік.
II. Нұсқау беріледі. Мәтін 4 бөлімге бөлінеді.
Iбөлім. <<Көктем>> оқылады, ат қояды(слайд ашу).
Iбөлімге 1-топ автор болады.
Қалған топ сұрақ қояды.
Жылдың қай мезгілі?
Мектепте қандай апталық басталды?
Алмабек не істеді?
Алмабек ағаштарын күтті ме?
Тапсырма:
1-топ. Ағашты қалай отырғызамыз?
2- топ. Жас талдың суретін салу.
3-топ. Алмабектің істеген ісі туралы өз ойларын айту. Алмабек енді не істейді деп ойлайсын?
II бөлім. <<Жаз>>. Оқылады, ат қояды. Екінші бөлімге екі топ автор болады. Сұрақ қояды.
Алмабектің отырғызған ағашы өсті ме?
Ағаштар қандай жағдайда болады?
Алмабектің қылығын ормандағы ағаштар неден естіді?
Тапсырма:
1-топ. Ағаштардың сөзін кітаптан тауып оқу
2-тап. Күтім көрмеген ағаштың суретін сал.
3-топ. Желдің сөзін тауып оқы.
Алмабекке хат жазу.
Мұғалім: Ағаш енді не істейді? Әңгімені әрі қарай қалай жалғастыруға болады?
III бөлім. <<Ашулы ағаш>> оқылады, ат қояды.
Алмабек қайда барады?
Балалар неге жүгіріп кетті?
Алмабектің басынан не ұшып түсті?
Тақиясы қайда домалап кетті?
Қарт емен не деді?
Мұғалім: Алмабек енді не істейді деп ойлайсын?
Оқушылар өз ойларын айтады.
Үйіне келеді.
Тақиясын ұстап алады.
Ағаштарына қарайды.
Болған жағдайды жолдастарына айтады.
IVбөлім. << Алмабек пен ағаш>>. Оқушылар оқиды, ат қояды.
Алмабек қателігін түсінді ме?
Қандай уәде береді?
Алмабек үйіне келген сон не істейді?
Алмабектің ағаштары қалай өсті?
Әңгіменің осылай аяқталғаны сендерге ұнады ма?
Тапсырма:
1-топ. Еңбек, еріншектік туралы мақал-мәтелдер жазу, оқып беру
2-топ. Жайқалып өскен ағаштардың суретін салу
3-топ. Ағаштан жасалған заттарды тақтаға жазу.
4-топ. Қандай ағаштарды білесің? Ағаштардың аттарын дәптерге жазу.
Мұғалім: Жаңа өздерін бірнеше ағаштардың түрлерін айтып кеттіңдер. Алмабек орманнан терек, қайың ағаштарын әкеліп отырғызды. Еріншектігінен ағаштарды қайғылы күйге түсіріп, ағаштарын күтпеді. Кейін қателігін түсініп, ағаштарын күтті. Біздің еліміздің біраз жерлері орманды жерлер. Негізінен, орманда көктерек, қайың, қарағай, емен өседі. Тауларды кейбір жерлерде Тянь-Шань шыршасы, Сібір қарағайы, Сібір самырсыны, Зеравшан аршасы кездеседі. Ағаш- табиғаттың адамға тартқан сыйы, жердің көркі, мол байлығы. Халықтың мол қазынасы. Сондықтан да сендер:
Отырғыз ағаш көктемде
Жөн болмақ еңбек еткенің.
Келмесе шаман еккенге,
Сындырып жұрттың еккенің.
III бөлім. Алғашқы ақпаратты толықтыру.
Мұғалім: Енді өздерің бүгінгі сабақтан ағаш туралы не білесіңдер?
Өз ойларыңды жазып, оқып беріңдер.
IV бөлім.Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың білімдерін бағалау, үйге тапсырма беру. <<Ағаш - жердің көркі>> тақырыбында әңгіме жазып келу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz