Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

Солтүстік Америка материгінің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы

Сабақ: № 41
Сыныптар: 7 <<а>>
Күні: 03.02.2016 жыл
Тақырыбы: Солтүстік Америка материгінің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты:
-Оқушыларға Солтүстік Америка материгі туралы түсінік бере отырып, аталған материктің ерекшеліктеріне тоқталу. Материкті зерттеуге атсалысқан саяхатшы-ғалымдардың еңбектерін зерделеу.
Дамытушылық мақсаты:
-Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру. Сонымен қатар, оқушылардың өз ойларын жете айта білуге, өткен тақырыптарды байланыстыра отырып жан-жақты ойлау, топпен, картамен жұмыс жасау қабілеттерін, дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:
-Оқушылардың алған білімдерін, білік дағдыларын көрсету арқылы бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау, өздік ізденіс жұмыс, СТО, баяндау, сұрақ-жауап, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, географиялық диктант, қатемен жұмыс, сандар сөйлейді, сабақта АКТ-ны пайдалану.
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Солтүстік Американың электронды физикалық картасы, интерактивті тақта, атлас оқулық, суреттер, қосымша материалдар.
Оқу құралдары: Оқулық, 7- сынып Атлас, Дү Дүние жүзінің физикалық картасы, дидактикалық материалдар

Сабақтың жоспары:
І кезең - ұйымдастыру
ІІ кезең - үй тапсырмасын тексеру
ІІІ кезең - жаңа тақырыпты түсіндіру
ІVкезең - Жаңа тақырыпты қорытындылау. Видеоролик көрсету
V кезең - Жаңа тақырыпты бекіту
VІ кезең - Бағалау
VII кезең - Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
(сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Топқа бөлу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Әр топтың топ басшыларын топқа сұрақ қою арқылы сайлап аламыз.)
1. География ғылымының атасы кім? Және география ғылымының негізі қаланған жер?
2. Картографиялық проекциялар нешеге бөлінеді? атап шық.
3. Жер қыртысының түзілгеннен бергі уақытты қамтитын кесте қалай аталады.
ІІ. Үйге берілген тапсырма.
<<Даналық ағашы>> ойынында ағашқа алма тәрізді етіп, сұрақтар ілеміз.
Оқушылар бір-бірден алманы алып, үйге берілген тақырып бойынша сұраққа жауап береді. Әрбір оқушының өткен сабақта алған білімін осындай ойындар арқылы тексеруге болады.
№1- Орталық және Шығыс Азияның құрамына кіретін мемлекеттер? (ҚХР,Моңғолия,Қазақстан,Жапония, Корейя,КХДР)
№2- Ішкі айырмашылықтарына байланысты қалай ажыратылады? (Орта Азия,Орталық Азия, Шығыс Азия)
№3- Биік Азия деп аталу себебі? (Тибет,Памир,Қарақорым,Кунь-Лунь,Тянь-Шань тауларының осы дүние бөлігінде орналасуына байланысты)
№4- Қытай мемлекетін неліктен ежелгі мәдениет пен өркениет елі деп атайды? (Ұлы қытай қорғаны,будда храмдары мен ғибадатханалары,императордың салтанатты сарайлары, қытай театры,өнері,музыкасына байланысты!)
№5-Қытайда күріштің қанша мың сорты өсіріледі? (10 мыңнан)
№ 6-Жапон аралдарында қанша жанартау бар? ( 150-ге тарта)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.Солтүстік Америка материгін таныстыру туралы тақпақ оқып, тақырыпты ашу.
Мен өзім үш бұрышқа ұқсас жермін,
Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.
АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,
Даңқыментаңқалдырғанбарлықелдің,
Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтай,
Макензи, Миссисипи суымқандай!
Виннипег, Ұлыкөлдер, тұздыкөлім,
Тамашакөргенадамтаңқалғандай.
-Балалар осы өлеңжолдарындақай материк туралыайтылған?
(Солтүстік Америка)
Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсаты мен жоспарымен таныстырады. Сабақ барысында қолданылатын оқытудың белсенді формаларын атап, қандай әдіс тәсілдермен жұмыс істейтіндерін ескерте кетеді. Сабақ ЖИГСО мозайкалық әдісі бойынша өтіледі.
Оқушыларға мәтінмен жеке жұмыс жасауға 5 минут беріледі. Бұдан кейін топта талқылайды. Әр топтың баяндамашылары басқа топтарға барып өздеріне берілген мәнмәтіндерін баяндап айтады. Хатшы баяндаманы қағазға түсіріп, төраға топтың әрмүшелерін бақылап баға береді.
Постер арқылы жаңа тақырыпты әр топ оқушылары қорғайды.
Оқушылар топта мынадай ролдер бойынша жұмыс жасайды:
1. Төраға
2. Хатшы
3. Баяндамашы
ІV. Содан соң мұғалім қорытынды жасап, оқушыларға Солтүстік Америка материгі туралыслайд көрсетеді көрсетеді.
V. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.
1-тапсырма

Ең, ең, ең
Жауаптары
1
Ең ұзын әрі енді тау жүйесі

2
Ең суық жері

3
Ең ыстық жері

4
Ең биік,ұзын ағашы

5
Ең үлкен арал

6
Ең ірі сарқырама

7
Ең биік ағашы

8
Ең ұзын жер асты үңгірі

9
Ең үлкен, әрі ең терең каньоны

10
Ең үлкен тау мұздығы

2 - тапсырма.
Сандар сөйлейді .


Сандар
Осы сандардың нені білдіретінін табыңыз
1
24,2 млн/км2

2
500 км;

3
18 м;

4
+57˚;

5
6193

6
100 м;

7
-700

8
1492 жыл

9
-86 м

10
6000 мм;

3-тапсырма.
Резюме
:: Материктің аты:__________________________________________________________
:: Жер көлемі:_______________________________________________________________
:: Жер көлемі жөнінен нешінші орында:_______________________________________
:: Материктегі мемлекеттер:__________________________________________________
:: Ең биік нүктесі:____________________________________________________________
:: Ең төмен орналасқан нүктесі:_______________________________________________
:: Ең үлкен аралы:___________________________________________________________
:: Зерттеген ғалымдар:_______________________________________________________
:: Жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер:____________________________
:: Мінездеме:_________________________________________________________________

Жаңа сабақты бекіту:
1. Солтүстік Америка табиғатының қандай басты ерекшеліктер бар?
2. Солтүстік Америка қай жарты шарда орналасқан?
3. Солтүстік Американың зерттелу тарихына қомақты үлес қосқан саяхатшыларды ата?
Қорытынды: Қорытакеле, бүгінгісабақта, Солтүстік Америка материгінің географиялық орны және ашылу,зерттелу тарихымен қоса осы материкті зерттеген саяхатшы ғалымдар туралы толық мағлұмат алдық
Оқушыларды бағалау. Кері байланыс Insert стратегиясы арқылы

Топтың ынтымақтастығы
Постер
Тапсырмалардың орындалуы
Қорытынды баға
І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Үйге тапсырма. §30-мазмұндап оқып келу

Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік американың зерттелуі. 7 сынып
Оңтүстік жарты шар материктеріне сипаттама бер
Семантикалық карта
Топ саяхатшылар
Солтүстік Америка материгінің географиялық орны,зерттелу тарихы
Ежелгі солтүстік материк
География ғылымының негізгі ерекшеліктері
Бойлық бағытта оңтүстікке
Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер
Африка материгі
Пәндер