Бастауыш сыныпқа арналған дүниетану сабағы: кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы

№19 орта мектептің бастауыш класс

мұғалімі Сагинбаева Назкен

Пәні: дүниетану

Тақырыбы: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Сабақтың мақсаты: а) Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар туралы одан әрі кеңейте түсу, қолдануына қарай пайдалы қазбалардың үш топқа бөлінетіні жайында ұғым беру.

ә) Сауатты, мәнерлі оқу, өз ойын жеткізе білуге төсілдіру, сөздік қорын және тіл байлығын дамыту;

б) Туған жер байлығына деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру;

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақ түрі: жаңа білімді хабарлау

Көрнекіліктер: фосфорит ұны, карта, ас тұзы, мұнай, кесте жазылған плакат

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі

2. Үй тапсырмасын сұрау

3. Топқа бөлу

4. Жаңа сабақ

5. Сабақты бекіту

1-топ: Ойшылдар

2-топ: Тапқырлар

3-топ: Ынталылар

4-топ: Алғырлар

Әр топ жауап беруіне байланысты жапырақтармен бағаланып отырады.

1. Өте жақсы - жасыл түсті жапырақ

2. Жақсы - қызыл түсті жапырақ

3. Орташа- сары түсті жапырақ

Енді алдарыңыздағы кестеге назар аударыңыздар

Жанғыш пайдалы қазбалар
Кен пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Жанғыш пайдалы қазбалар: 1. Тас көмір
Кен пайдалы қазбалар:

Темір

Мыс

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар:
Жанғыш пайдалы қазбалар: 2. Мұнай
Кен пайдалы қазбалар:

Қорғасын

Алюминий

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар:
Жанғыш пайдалы қазбалар: 3. газ
Кен пайдалы қазбалар: Мырыш
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар:

- Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?

- Газ, мұнай, тас көмір

-Темір, мыс, қорғасын, алюминий, мырыш

Қазір әр топқа тапсырмалар беріледі.

1-топ: Жанғыш пайдалы қазбаларға нелер жатады?

2-топ:Жанғыш пайдалы қазбалардың қасиеттерін, қолданылуын жазып айтыңдар.

3-топ: Жанғыш пайдалы қазбалардың пайдасы мен зиянын жазып айтыңдар.

4-топ:Кен пайдалы қазбалардың түрлерін жазып, бір түрлі-түсті металды айтыңдар.

Жаңа сабақ

- Балалар мына қағазға өздерің білетін кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды жазыңдар.

-Оқулықпен жұмыс

Жаңа тақырыпты бес минут оқып, мына кестені толтырыңдар.

Нені білемін?
Нені білдім ?
Нені білу керек?
Нені білемін?:
Нені білдім?:
Нені білу керек?:

Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың картадан шартты белгілерін көрсетіңдер. (картамен жұмыс) Оқушылар алдарындағы контурлы картаға бүгінгі өткен пайдалы қазбаларды түсіреді.

Тест жұмысы

1. Тас көмір қай жерден шығады?

а ) Ақтөбе, Қостанай

ә ) Қарағанды, Екібастұз

б ) Көкшетау, Қоңырат

2. Пайдалы қазбалар 3 топқа бөлінеді:

а) пайдалы, пайдасыз, жарамсыз;

б) жанғыш, кенді, кенді емес;

в) бағалы, құнсыз, жанатын

3. Газдың түсі қандай?

а) мөлдір

ә ) түссіз

б ) жасыл

4. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата

а) ағаш, темір, көмір

ә) көмір, су, жермай

б) мұнай, тас көмір, газ

5. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды ата

а) ас тұзы, фосфорит ұны, мәрмәр

ә) мұнай, ағаш, газ

б) мыс, темір, әктас

6. Мұнайдан не алынады?

а) көмір, күкірт, бензин

ә) керосин, бензин, газ

б) темір ағаш, мыс

Балалар, ас тұзына сипаттама берейік.

Енді балалар өздерің жинаған жапырақшалардың жалпы санын есептеп қанша болғанын айтып бір-бірімізді бағалайық.

1. Сонымен сабақты қорыта келіп, кенге жатпайтын пайдалы қазбалар дегеніміз не?

2. Фосфориттің түсі қандай?

3. Өз жеріңде кенге жатпайтын пайдалы қазбалар өндіріле ме?

4. Балалар, бүгін нені үйрендік?

Үйге тапсырма: Кескін картаны аяқтап, мәтінді оқып түсінгенін айту.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпқа арналған Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар тақырыбындағы сабақ жоспары
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар: 4-сынып Дүниетану пәнінің ашық сабағы мен тесті
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар: 4-сыныпқа арналған сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған диалогтік сабақ жоспары
3-сынып: Дүниетану мен информатика пәндерінің кіріктірілген сабағы - Пайдалы қазбалар және ақпараттық технологияларды қолдану
Пайдалы қазбалар: түрлері, қасиеттері және Қазақстандағы пайдалану
3-сынып: Пайдалы қазбалар тақырыбындағы ашық сабақтың әдістемелік жоспары
Пайдалы қазбаларды өндіру мен қорғау: 3-сыныпқа арналған дүниетану ашық сабағы
Дүниетану (3-сынып): Темір және түсті металдар - Пайдалы қазбалар, 10 сағат, 8-сабақ
Пайдалы қазбалар: кендер, металдар және өндіру әдістері - бастауыш сынып сабақ жоспары
Бастауыш сынып сабағы: Пайдалы қазбалардың түрлері мен қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz