Ғ. Мүсірепов Ананың анасы (бекіту сабағы)

Cыныбы: 7 «А» 12. 02. 16ж.

Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» (бекіту сабағы)

Сабақтың мақсаты: а) Әңгіме мазмұнына сүйене отырып, ана бейнесін ашу, талдау, әдеби теориялық ұғымдар бойынша көркем шығарманы талдау, функционалдық сауаттылықтарын арттыру;

ә) Сөз астарына үңіліп, әңгімені түсінуге, өз бетімен ізденіуге, шығармалық жұмысқа баулу, сөйлеу тілін дамыту;

б) Ана алдындағы парызын сезіне білетін, ананы аялап, құрметтей білетін ұрпақ тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже: - Оқушылар әңгіме мазмұнына байланысты сыни пікір айтуға дағдыланады.

  • Анаға, үлкенге деген құрметі арта түседі;
  • сөздік қоры жетіледі;
  • әдебиетке деген қызығушылықтары арта түседі;
  • топта ынтымақтастықта жұмыс істейді, өз ойын өмірмен байланыстыра отырып, ортада ашық айтады.
  • функционалдық сауаттылықтары артады.
Р/с
Атқарылатын жұмыстар
Әдіс - тәсілдер
Ресурстар
Бағалау

Оқушылардың

іс-әрекеті

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Р/с: 1
Атқарылатын жұмыстар:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық (2 мин)

Әдіс - тәсілдер: Шаттық шеңбері
Ресурстар: Жұмсақ ойыншық
Бағалау:
Оқушылардыңіс-әрекеті:

Оқушылар бүгінгі күнге тілектерін айтады

(мысалы: күнің сәтті өтсін, сабаққа белсене қатыс)

Мұғалімніңіс-әрекеті: Шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне тілек айтуын өтінемін.
Р/с: 2
Атқарылатын жұмыстар: Топқа бөлу
Әдіс - тәсілдер:
Ресурстар: Қима қағаздар
Бағалау:
Оқушылардыңіс-әрекеті:

1) Етістіктің шақтарын анықтап, үш топқа бөлінеді.

2) Әр топ өздерінің топ басшысын сайлап алады.

Мұғалімніңіс-әрекеті:

Сынып оқушыларын үш топқа бөлемін, әр топтың өз орындарына отыруын өтінемін.

I топ - шығармашылдар

II топ - ойшылдар

III топ - ізденімпаздар

Әр топқа топ басшысын сайлатып аламын және олардың сабақ бойы атқаратын міндеттерін түсіндіремін.

Р/с: 3
Атқарылатын жұмыстар:

Қызығушылықты ояту

Өткен материалмен жұмыс

Әдіс - тәсілдер: Бәйге ойыны
Ресурстар: Слайд, тірі сұрақтар
Бағалау: «Жарайсың» сөзі
Оқушылардыңіс-әрекеті: Ұяшықтағы сандарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
Мұғалімніңіс-әрекеті: Ұяшықтағы сандарды таңдату арқылы өткен материалды пысықтау.
Р/с: 4
Атқарылатын жұмыстар: Мәтінмен жұмыс
Әдіс - тәсілдер: Тарелка әдісі
Ресурстар: Тарелкалар
Бағалау:

«Бағдаршам» тактикасы.

Сұраққа толық жауап алсандар жасыл, толық емес болса сары, дұрыс емес болса қызыл көтереді.

Оқушылардыңіс-әрекеті: Әр топ тарелкеге сұрақтар жазады, келесі топтармен алмасып сұрақтарына жауап алады.
Мұғалімніңіс-әрекеті: Бағыт - бағдар беремін.
Р/с: 5
Атқарылатын жұмыстар:
Әдіс - тәсілдер: Жұппен, топпен жұмыс. Автор орындығы
Ресурстар: Дәптер
Бағалау: «Жарайсың басбармақ» әдісі
Оқушылардыңіс-әрекеті: Жұптасып бірінші топ анаға мінездеме, екінші топ Жалпақ балуанға мінездеме, үшінші топ ана мен Жалпақ балуанның портретін жасайды. Топта ақылдасып, ортада талқылайсыңдар, ортақ ойларынды автор орындығында айтасындар.
Мұғалімніңіс-әрекеті: Бағыт - бағдар беріп, автор орындығында сөйлетемін.
Р/с: 6
Атқарылатын жұмыстар: Мәтінді талдау
Әдіс - тәсілдер: Жеке жұмыс
Ресурстар: Оқулық
Бағалау: «Жарайсың» мадақтау
Оқушылардыңіс-әрекеті: Оқушылар шығарманың композициялық құрылысына талдау жасайды.
Мұғалімніңіс-әрекеті: Бағыт бағдар беремін.
Р/с: 7
Атқарылатын жұмыстар: Қорытынды
Әдіс - тәсілдер: Семантикалық карта
Ресурстар: Карта
Бағалау:
Оқушылардыңіс-әрекеті: Шығарманың көркемдік тілі. Әңгіме үзіндісі бойынша семантикалық картамен жұмыс жасайды.
Мұғалімніңіс-әрекеті: Әңгімеден үзінді келтіре отырып, семантикалық картаны толтыртамын.
Р/с: 8
Атқарылатын жұмыстар: Бағалау
Әдіс - тәсілдер: Дебоның алты ойлау қалпағы
Ресурстар: Қызыл, жасыл, сары түсті қалпақ
Бағалау: «Шапалақ» әдісі
Оқушылардыңіс-әрекеті:

Бірінші топ- сары қалпақ.

Қазіргі таңдағы аналардың бойындағы жағымды қасиеттерін өмірмен байланыстыра отырып сөйлеу. Екінші топ - қызыл қалпақ.

Аналардың бойындағы жағымсыз қасиеттерін өмірмен байланыстыра отырып сөйлеу.

Үшінші топ - жасыл қалпақ.

екі топқа басу, ұсыныстарын айтады.

Мұғалімніңіс-әрекеті: Әр топқа үш түрлі қалпақты тастай отырып, ана туралы пікірлерін айтқызу.
Р/с: 9
Атқарылатын жұмыстар: Мәтін бойынша қорытынды сұрақтар
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ-жауап
Ресурстар: Слайд
Бағалау:
Оқушылардыңіс-әрекеті: Берілген сұрақтарға жауап береді.
Мұғалімніңіс-әрекеті: Бағыт бағдар беремін. 1) «Ананың анасы» әңгімесінен ананың бойындағы өзіне ұнаған жақсы қасиеттерді тізіп айтқызамын. 2) Келешекте барлығын бір- бір үйдің иесісіндер осы қасиеттердің қайсын бойларына жақын ұстар едіңдер?
Р/с: 10
Атқарылатын жұмыстар: Үй тапсырмасын беру. «Ана - теңдесі жоқ құдірет» тақырыбында шығарма жазу.
Әдіс - тәсілдер:
Ресурстар:
Бағалау:
Оқушылардыңіс-әрекеті:
Мұғалімніңіс-әрекеті: Күнделіктеріне жазғызамын.
Р/с: 11
Атқарылатын жұмыстар: Бағалау
Әдіс - тәсілдер:
Ресурстар:
Бағалау:
Оқушылардыңіс-әрекеті:
Мұғалімніңіс-әрекеті: Топ басшысы бағалайды, өзім бағалаймын.
Р/с: 12
Атқарылатын жұмыстар: Рефлексия
Әдіс - тәсілдер:
Ресурстар: Кері байланыс парағы
Бағалау:
Оқушылардыңіс-әрекеті: Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағына жазып, алма ағашына іледі.
Мұғалімніңіс-әрекеті: Кері байланыс парағына сабақтан алған әсерлерін жазғызамын.

Ұқсас жұмыстар
Ашынған ана
Мүсірепов кім
Ана бейнесі
Ғ.мүсірепов «ананың анасы» әңгімесі
Ананың анасы
Мүсірепов Ананың анасы
Сөзімді ұлы
Ана құшағында
Ғ. мүсірепов. "ананың анасы" әңгімесі. презентация
Ғабит мүсірепов «ананың анасы»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz