Сабақ жоспары :: География
Файл қосу
Өзендер
Сабақтың тақырыбы: Өзендер.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өзен және оның бөліктері шоңғалдар мен сарқырамалар жайлы ұғым қалыптастыру, өзен ағысының бағытына жер бедерінің әсері, өзендердің қоректенуі жәнешаруашылықта пайдалануы туралы түсініктер беру.
Білімділік: Өзендер туралы толық мағлұматтар бере отырып, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық:Оқушылардың тірек-сызба нұсқалары арқылы өзіндік ойлану, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Экологиялық, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі:Қазақстанның физикалық картасы, тірек - сызба нұсқаулар, таиғат көріністерінің суреттері.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Мақсат қою кезеңі.
а) тақырыбы; ә) мақсаты; б) міндеті.
III. Материалды түсіндіру кезеңі.
IV. Жаңа сабақты меңгеруін тексеру кезеңі.
V. Бекіту кезеңі.
VI. Үйге тапсырма
Тақырыпты Ы. Алтынсаринның <<Өзен>> атты өлеңімен бастаймын.
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған - деп Ыбырай атамыз өзенге керемет сипаттама берген.
Өзен деген не?
Өздерің тұратын жерде өзендер бар ма?
1. Өзен бөліктері.
Тау шатқалдарының түкпір түбінен ағып шыққан бұлақтан су үнемі тынбай шығып жатқандықтан, одан тұрақты ағыс, яғни жылға пайда болады. Ол өзеннің бастауы болады. Сонымен бірге өзен көлден, батпақтанда басталады. Биік таулы жерлерде өзен басын қар мен мұздықтардың шетінен, еріген судан алады. Өзеннің басын алып ағып шығатын жер оның бастауы деп табылады.
Өзен жер бетінің еңістігіне сәйкес ылдиға қарай ағады. Оған жолшыбай басқа шағын өзендер келіп қосылады. Негізгі ірі өзенге басқа кішігірім өзендер де келіп құяды. Ол өзендерді негізгі ірі өзендердің салалары деп атайды. Ағыс бағытымен қарап тұрғанда оң қол бағыттағы өзенді - оң жақ сала, сол қол бағыттағы өзенді - сол жақ сала деп атайды. Мысалы, Есіл өзені - Ертістің сол жақ саласы. Ал Арыс Сырдариясы - оң жақ саласы. Өзен көлге немесе теңізге барып құяды. Өзеннің көлге немесе теңізге құяр жерін оның сағасы деп атаймыз. Яғни сол жерде атырау пайда болады. Өзен басутауынан бастап сағасына дейін әрі кең, әрі ұзынша алқапты бойлап ағады. Бұл - өзеннің аңғары. Аңғардың табанындағы өзен суы ағып жатқан ойыс арна деп аталады. Су тасыған кезде өзен арнасынан асып, аңғардың жайдақ бөлігін басады. Аңғардың өзен тасыған су басатын бөлігі жайылма деп аталады.
Өзеннің ағысы ұзына бойымен алып қарағанда үш бөлікке бөлінеді. Бастауына жақын жатқан бөлігі - жоғарғы ағысы, сағасына жақын жатқан бөлігі - төменгі ағысы, екеуінің аралығы орта ағысқа жатқызылады. Өзен өзінің барлық салаларымен бірігіп өзен жүйесін құрайды. Өзенге және оның салаларына су ағып келетін жердің бәрі өзен алабына жатады. Өзен алаптарын бір-бірінен көбінесе қыратты болып келетін суайрықтар бөлінеді.
2. Өзен ағысының бағыты мен сипатына жер бедерінің әсері.
Өзен ағысының бағыты мен жылдамдығы жер бедеріне байланысты.
а) жазық жер өзендері кең аңғармен баяу ағады;
б) тау өзендері едәуір тез, ағысты қатты болады, беткейлер тік.
3. Шоңғалдармен сарқырамалар.
Өзен аңғарларының түбінде қай жерлерде қатты кристалды тау жыныстары кездеседі. Олар кейде судың бетіне шығып жатады. Осындай өзеннің арнасында қатты жыныстарды шоңғалдар деп атайды.
Биік кемерден құлап ағатын тау өзендері сарқырамалар түзеді. Жер шарындағы ең биік сарқырама Анхель. Оның биіктігі - 1054 м. Ол Оңтүстік Америкадағы Орниноко өзенінде. Қазақстан жеріндегі Тянь-Шаньда - Күркілдек, Алтайда - Көккөл. Іле Алатауында - Анелы сарқырамалар бар.
4. Өзендердің суға молығуы.
Өзендерге жер асты сулар, мұздық, жаңбыр, еріген қар суы қосылады. Қыста қар тұрақты жататын аймақтардағы өзендер, негізінен, қар суымен молығады. Биік тау басындағы мәңгі қар мен мұздықтардың етегінен басталатын қар мен мұздың суымен молығады.
5. Өзендердің маңызы.
Өзендердің шаруашылықтағы маңызы зор. Су коп мөлшерде тұрмыс қажетіне пайдаланылады. Өзен сулары кеме қатынасы үшін пайдаланылады. Біздің елімізде Ертіс, Сырдария, Іле өзендерінде су электр станциялары жұмыс істейді және кеме қатынасына пайдаланылады. Өзен суларын ауылшаруашылық өнімдерін суғару үшін пайдаланылады.
ІV. Жаңа сабақтың меңгеруін тексеру кезеңі.
1. Өзен дегеніміз не және оның бөліктеріне сипаттама беріңіз?
2. Жер бедерінің өзен ағысына қандай әсері бар?
3. Шоңғалдар мен сарқырамалар қалай пайда болады?
4. Өзен суларының молығу кезеңдерін атаңыз?
5. Өзен суларының шаруашылық қызметі үшін қандай маңызы бар?
Y. бекіту кезеңі
Оқушыларды үш топқа бөліп, әр топқа тапсырмалар беріледі:
1- Топқа - таудан басын алатын Ертіс өзеніне;
2- Топқа- жазықтық жер мен ағатын Жайық өзеніне;
3- Топқа - Cырдария өзеніне сипаттама беру.
1. Географиялық орны:
а) Қай материкте орналасқан?
ә) Қай теңіз алабына жатады?
б) Бастауы, сағасы, салалары.
2. Ағысының сипаты (таулы жазық).
3. Өзен суының молаю кезеңі.
4. Өзендердегі шоңғалдар мен сарқырамалар.
5. Шаруашылықта пайдалануы.
6. Экологиялық проблемалар
YI. Үйге тапсырма. Өзендер туралы қызықты деректер, мақал-мәтелдер жазып әкелу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz