Отбасы шеруі мерекесі

№19 жалпы орта білім беретін мектеп
Өткізген: Дүйсенова Айнұр
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар
2015 жыл, қыркүйек
Тақырыбы: «Отбасы шеруі» мерекесі
Мақсаты: қазақстандық отбасы күнін мерекелеу, үлгілі отбасылардың мәртебесін көтеру,
оларды басқаларға үлгі ету, отбасында ынтымақпен, тату өмір сүруге тәрбиелеу
Жүргізушілер: Нұрлан Әкежан-11-сынып оқушысы
Бауыржанова Фариза-11-сынып оқушысы
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар!
Барлығыңызға белгілі Елбасымыз мемлекет отбасыдан басталатынын, сол
құндылықты нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып келеді.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурыз-
дағы №3827 Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні
болып белгіленді. Баршаңызды бүгінгі Отбасы мерекесімен шын жүректен
мектеп әкімшілігі атынан құттықтаймыз. Осы отбасы мерекесіне орай бүгін
біздің мектепте «Отбасы шеруі» мерекесі өткізгелі отыр. Қош келдіңіздер!
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен - кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым
Гүл - гүл жайнап біздің, мына, төрімізге.
2-жүргізуші: Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де
тіршілік нәрі отбасынан сіңеді. Отбасында көрген жақсы-жаман қылықтар-
дың бәрі бала өміріне әсер етеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі - ерекше
дәстүр. Отан отбасынан басталады, - деген нақыл сөз бекер емес. Адам
өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тыңдырса деген мақсатты
нысана етеді, үміт артады. Сол ниетпен жақсылыққа баулиды.
1-жүргізуші:
Өнегелі отбасы арқасында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты
жақсарады. Бүгінгі таңда отбасы-шәкірт-ұстаз үштігінің жарасым тапқан
игі бастамасының жұмысы тек аудан, облыс көлеміне емес, республика
көлеміне таралуда.
Қыз бой жетіп келеді, шуақ шашып әр үйге,
Гүлдей болып өссінші, сыйлы болып бәріне,
Ата-ананың жүрегі «Бала» деп қана соғады,
Баласы жақсы адамның басына бақыт қонады.
2-жүргізуші:
Бүгінгі мерекеге құрметті шақыртулы қонақтарымыз, үлгілі отбасыларымыз
қатысып отыр. Олар:
- Жұмағалиевтер отбасы
- Тұрниязовтар отбасы
- Тәттібаевтар отбасы
- Сатқыновтар отбасы
- Жұмалиевтер отбасы
- Рысқалиевтер отбасы
- Төреғалиевтер отбасы
1-жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишіміз билеп кетті тербетіле
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишіміз бар өнерін көрсетуде
Мерекелік шашуымызды қабыл алыңыздар!
Қазақ биі «Қара жорға» орындайтын 7 «б» сынып оқушылары
2-жүргізуші: Отбасы мерекесіне байланысты құттықтау сөз кезегін мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дүйсенова Айнұр
Сұлтаниязқызына беріледі.
(Құттықтау сөз, отбасыларды марапаттау)
Ән: «Көңілді күн» орындайтын 1 «а» сынып оқушысы Аманжолова Ақниет
1-жүргізуші: «Бала - адамның бауыр еті» - дейді қазақ халқы. Ұрпақ - ғұмыр жалғасы,
тіршілік көзі. Қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді.
Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетін ұрпақ қалдыруды көздейді.
Халқымыз балалы болу бақытын байлыққа, мансапқа ауыстыра алмаған.
«Бала - өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі, »- деп ұрпақты болуға,
оның тәрбиесіне қатты көңіл бөлген. Елімізде төрт миллионнан астам
отбасы бар екен. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Мектебіміздің болашағынан үлкен үміт күттірер әншісі, республикалық,
халықаралық байқаулардың жүлдегері 4 «а» сынып оқушысы Хисен
Гүлназымның орындауында «Қос бәйтерегім» әнін қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Сымбатына сән киімі жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сай келіп тұрған мына
Бишілерге қызығына тамсанатын.
Мектеп оқушыларының орындауында « Венециан вальсін» қошеметпен
қарсы алайық
1-жүргізуші: Ақ жаулығың қымбат маған анашым
Тілегімсің, сүйенішім, панамсың,
Шапағатың сәуле болып төгілген,
Ақылы мол мейірімді данамсың.
Ән «Мама» орындайтын мектебіміздің мақтанышы 5 «а»сынып
оқушысы Кеңесова Анель. Қошеметтеп отырайық.
«Татар биі» орындайтындар 5 «в» сынып оқушылары
2-жүргізуші: Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң.
Қадірден жұрдай қасқа боп
Кешкенің өмір босқа тек.
Отбасы - адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан
бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Балаға білім,
тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата-
ана. Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - тірек, ана -
жүрек, бала - тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы
ошағының үш тағаны іспеттес.
1-жүргізуші: Келесі құттықтау сөз Жұмағалиевтер отбасының әжесі
Өтежанова Алтынай Қошқарбайқызына беріледі
Ортаға «Мерекем» әнімен 7 «б»сынып оқушысы Көшербаева Перизатты
шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші: Домбыра тілегімді қуаттасаң,
Үніңе үзіле бір құлақ тосам.
Тарихтың тереңінен сыр ақтарсаң,
Бойдағы қуатыма қуат қосам.
1. Махамбеттің термесі орындайтын облыстық байқаулардың жеңімпазы
9 «а» сынып оқушысы Жолдасов Мирас. Қабыл алыңыздар!
2 . «Үнді биі» орындайтын 5 «б» сынып оқушысы Мақтабаева Жанель
1-жүргізуші: Жиынымыз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты
Мың бұралып бишілер би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархаббатты
Ортада «Хорезм биі» орындайтын мектебіміздің бишісі облыстық,
республикалық сайыстардың жүлдегері 9 «а» сынып оқушысы Амангельдина
Перизат және 10 «б» сынып оқушысы Еңсегенова Лайық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz