Инклюзивті оқыту-заман талабы

Инклюзивті білім беру туралы мағлұмат беру.
Мектептегі инклюзивті оқытудың тиімділігі мен кездесетін қиындықтарына тоқталу, өз пікірлерін жеткізу, іс-тәжірбиелерік тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту.
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
(10 мин)
Коучингте жұмыс жасауға дайындалады.
3-жаттығу
Қатысушыларды екі қатар сапқа тұрғызу керек.
Нұсқаулық.
Барлық тапсырманы біз үнсіз жасаймыз, мүмкіндігінше әр тапсырманы жылдам және дұрыс жасауға ұмтылу керек.
Бірінші тапсырма бой өлшемі бойынша сапқа тұру керек.
Екінші тапсырма саптың басына туған айларының, күндерінің ретімен тұру керек.
Үшінші тапсырма саптың басына көзі қою қара адам тұруы керек, ал саптың соңында шашы ең ашық түсті адам тұруы керек.
Қарсы топ мүшелеріне тексерту керек.
«Ой шақыру»
( 15 мин)
Мұғалімдердің тақырыпты айқындауы
«Мұғалім үні» жұмысы
1Мен өзімді құрметтеймін. . . .
2. Мен өз мамандығымды жақсы көремін, өйткені. . .
3. Маған осы ұжымда жұмыс жасаған ұнайды. . .
Кіріспе сөз
Бейнематериал көрсету
Тақырып бойынша білім қалыптастыру
(10 мин)
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері
- Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы
- Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
- Барлық адам бір-біріне қажет.
- Білім шынайы қарым-қатынас шеңберіңде жүзеге асады.
Топқа бөліну
( 5 мин)
Топқа бөліну «Орнынды тап»
Гүлдердің суреттерін ұсынады, сол арқылы олар үш топқа бөлінеді.
1-тапсырма
( 15 мин)
2-тапсырма
( 15 мин)
Тапсырма ұсынып, жұмыс тәртібімен таныстырады.
І тапсырма
1-топ тапсырмасы.
Инклюзивті білім беруге дайынбыз ба?Қандай балалар оқытылуы қажет?
2-топ тапсырмасы:
Сау баланың ата-анасының көзқарасы қандай?
3-топ тапсырмасы:
Инклюзивті білім берудегі қиындықтар?
ІІ тапсырма
«Инклюзивті мектептің жобасы»
Топ мүшелері бірлесіп жұмыс жасайды.
Постер толтырып, оны қорғауға дайындайды.
Бағалау
(5 мин)
Сергіу сәті
( 5 мин)
Рефлексия
( 10 мин)
Шамадан, еттартқыш, кәрзинке.
Тақтаға осы заттардың суреті ілінеді.
Тапсырма:осы коучингте алған тапсырманы не істейтіндерін аңықтау.
Шамадан-әрі қарай сабақ барысында алған білімімді салып қоям.
Еттартқыш-мәліметті қайта қараймын.
Кәрзинке-мүлдем керек емес мәліметтер.
«Инклюзивті оқыту-заман талабы «тақырыбындағы коучингке
Әбдіғаппарова Гүлмира Қанжарбайқызының рефлексивтік есебі
2016 жылдың 3 наурыз күні мектеп мұғалімдерімен «Инклюзивті оқыту-заман талабы» деген тақырыпта коучинг өткіздім. Мақсаты: ұстаздарға инклюзивті білім беру - білім алудағы барлығының, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балалардың, қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беруді дамытуға арналған мемлекет саясаты екендігі туралы түсінік беру.
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру туралы мағлұмат беру.
Мектептегі инклюзивті оқытудың тиімділігі мен кездесетін қиындықтарына тоқталу, өз пікірлерін жеткізу, іс-тәжірбиелерік тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту. Топқа бөлу арқылы достыққа, ұйымшылдыққа және көшбасшылыққа тәрбиелеу;
Коучинг барсысында мұғaлiмдeргe пcихoлoгиялық дaйындық жүргiзiлдi. Мақсаты: Ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру, бірін-бірі кеңірек танып білуге, қатысушылардың өз мүмкіндіктерін шамалауға және кыс мезгіліндегі шаршағандықтарын төмендетіп, көңіл күйлерін көтеру.
«Оқушы үні» жұмысының ізімен «Мұғалім үні» тақырыбында жұмыс жүргіздім. Мұғалімдер үш сұрақтың біріне жауап берді. Бір-бірімен ашық пікір айтуға дайын екендерін білдірді.
Одан кейін «Инклюзив» сөзін қалай түсінетіндері жайлы аңықтау мақсатында АҚТ пайдалану арқылы таныстырылым көріп, ой қалыптастырды. Ресурс-материалдарды оқу арқылы инклюзивті оқытудың негізгі принциптерін білді. Олар:
- Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
- Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
- Барлық адам бір-біріне қажет.
4. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберіңде жүзеге асады.
Ocыдан кeйiн мұғалімдер « Орнынды тап» ойыны арқылы үш топқа бөлінді және де топтарының гүлдер аттарымен атады.
Топтық жұмыс барысында 1-топ «Инклюзивті білім беруге дайынбыз ба?Қандай балалар оқытылуы қажет?», 2-топ-«Сау баланың ата-анасының көзқарасы қандай?», 3-топ -«Инклюзивті білім берудегі қиындықтар?» сұрақтарына мектеп мұғалімдері жауап іздеді. Ұстаздар мүмкіндігі шектеулі жандармен істелініп жатқан жұмыстың жақсы, жаман жақтарын қарастырып, болашақта шешілетін мәселелер туралы өз ойларын барынша жеткізуге тырысты.
Екінші тапсырма жоба дайындау болды. Топ мүшелеріне «Инклюзивті мектептің жобасы» тапсырмасы берілді. Постер жасап, оны қорғады. Бір-бірін бағалау мақсатында «Екі жұлдыз, бір тілек» айтты. Топ мүшелері бір-бірін әділ бағалап, келісетін ойлары туралы пікір білдірді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz