Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Зат есімнің септелуі
Сабақтың тақырыбы:Зат есімнің септелуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру.Септік жалғауларымен таныстырып,олардың сұрақтарын меңгеру.
Дамытушылығы:Сөйлемді жүйелі құруға,өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру,белсенділігін арттыру,ойлау жүйесін дамыту.
Тәрбиелігі:Сауаттылыққа,дұрыс,мәдениетті сөйлей білуге,жылдамдыққа,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі:Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап,ізденушілік,топпен жұмыс,түсіндіру,жазбаша жазу жұмысы,ойын,ой толғау.
Көрнекілігі: <<Алтын қақпа>> ойынындағы тас қақпа,күміс қақпа,алтын қақпа, алтын сандық,сегіз киіз үй,карточкалар,жеті септіктің сұрақтары мен жалғаулары жазылған плакат,кубик.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
-Сонымен үй тапсырмасын тексеру арқылы жаңа тақырыптың аты шықты.Бүгінгі өтетін жаңа тақырыптың аты <<Зат есімнің септелуі>> деген тақырып.
Тақтада сөйлем жазулы тұрады, Оқушылар орманға саяхатқа шықты.
Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары дейміз.
Қазақ тілінде жеті септік бар:атау,ілік,барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес.
Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі дейміз.
Зат есімнің септік жалғауларын айтып өтемін.
Атау септік Кім? Не?
Атау септігінің өзіне тән арнайы қосымшасы болмайды.Ол заттарды түбір күйінде атап көрсетеді.Бастауыш мүшесінің қызметін атқарады.
Сонымен сөйлемдегі жалғауларды алып тастағанда сөйлем байланыспайды.Бұл жалғанады.Бұл сабақта барлығымыз <<Білім еліне>> саяхатқа шығамыз.Мына өлең жолдарын айтып өтемін:
Шіркін-ай ғалым болсам,
Тілдескен даналықпен.
Әлемге мәлім болсам,
Ашқан көп жаңалықпен.
Шіркін-ай әнші болсам,
Кәдімгі күміс таңдай.
Шіркін-ай батыр болсам,
Айбатты арыстандай.
Әншінің,ақынның да,
Жанына білім керек
Бүгінде батырдың да
Өзіне білім керек.
Көзіңнен күлімдеген,
Бір ұшқын сезіп пе ең сен.
Алдымен білім деген,
Бәйгеден озып кел сен.
Оқудың озатына,
Арман да таяу болар.
Білімнің боз атына,
Мінбеген жаяу қалар.
-<<Білім>> деген ғажайып елге жету үшін көп еңбек етіп,білімімізді ортаға салайық. Оған жету жолында ертегілерде айтылатындай көптеген кедергілерден өтуіміз қажет.Бұл кедергілер біздің <<Алтын қақпа>> ойынында кездеседі.Бұл ойынды теледидардан көріп жүрсіңдер.Қайсы топ осы ойындағы әр қақпаның сұрағына жауап берсе, <<Білім елінің>> білімді азаматы болмақ.Осы қақпалардан өту үшін топ болып жұмыс істейміз.
(Сынып оқушыларын екі топқа бөлемін.Әр топтан жетекші белгіленеді.Берілген тапсырмалар бойынша жауаптары дайын топ жетекшісі белгі береді).
І. <<Тас қақпа>>
Тапсырмасы:Оқулықтағы 16-17 жаттығулар.
Кубикті лақтыру арқылы қай топ 1-ші жаттығуды орындайтындары көрсетіледі.
І топ:16 жаттығуды ауызша орындайды.
ІІ топ:17 жаттығуды жазбаша орындарында орындайды.
<<Тас қақпаның>> есігі ашылды.
19-жаттығу.Ата,щеңбер сөздерін септеп жаз.
ІІ. <<Күміс қақпа>>
Тағы да кубикті лақтырып,қай топтың номері түссе,сол сол топ бірінші сөзді септеп жазады.
А.с.ата,шеңбер
І.с.атаның,шеңбердің
Б.с.атаға,шеңберге
Т.с.атаны,шеңберді
Ж.с.атада,шеңберде
Ш.с.атадан,шеңберден
К.с.атамен,шеңбермен
Күміс қақпа да ашылды.
ІV.Сергіту сәті.
І-топ.Атау септік.
ІІ-топ.Ілік септік.
Атау септігі нұсқауларындағы оқушылар атау септігіндегі сөздерге мысал келтіруі керек.Ал екінші нұсқадағыны оқушылар ілік септігіне айналдырып айтуы керек.
Мысалы:
Сынып-сыныптың
Гүл-гүлдің
ІІІ. <<Алтын қақпа>>
Тапсырмасы: <<Орнымды тап>> деген ойын ойнау.
Ел,табиғат,ақынның,көлдің,малға,өріске,кітапты,қоянды,мектепте,далада,аспаннан, жаңбырдан,біліммен,еңбекпен.
Шығармашылық диктант.(Уақыт беріледі)
ІҮ. <<Алтын сандық>>
-Ал,енді,балалар, <<Білім елінің>> кілті жасырынған <<Алтын сандықты>> ашайық.
Алтын сандықтың тапсырмалары:
20-жаттығу.Өлеңді түсініп оқы.Септеулі зат есімдерді тауып жаз.
Білім керек бәріне.
Корабльді,жүзіне,тауды,мұхиттарды,елді,әжемді,ғылымның,білімнің.
Алтын сандығымызда ашылды.Оның ішінде тапсырма бар екен.
Ү.Қорытынды.
1.Септік жалғаулары не үшін қажет?
2.Зат есімнің септелуі дегенді қалай түсінесіңдер?
2топ та <<Вен диаграммасы>> арқылы көрсетіп,түсіндіреді.
ҮІ.Үйге тапсырма беру.
ҮІІ.Білімдерін бағалау.
2 топтың топ басшылары өздерінің топтарына қандай баға қойғанын айтады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz