4-5 жастағы балаларға арналған инклюзивті оқу іс-әрекетінің конспектісі: Үй құстары

Камшат Бақтығалиқызы Турешова

БҚО Теректі ауданы, Подстепное ауылы

«Бәйтерек» мектепке дейінгі ұйымның

инклюзивті білім беру кабинеті психологі

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі

Тобы: №2 топ, 4­5 жастағы СТКД ІІІ­ІҮ деңгей

Күні: 10. 02. 16.

Тақырыбы: «Үй құстары»

Мақсаты: лексико­грамматикалық сөйлеу тілін дамыту.

Білімділік: үй құстары туралы білімдерін кеңейту, оларды еркелетіп айтуды үйрету.

Дамытушылық: есту және көріп есте сақтауын, ойлауын дамыту, тыныс алулары мен ұсақ қол моторикасын дамыту.

Тәрбиелік: оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын технологиялар: мнемотехнология, Луллия сақиналары.

Әдіс -тәсілдер: Сұрақ - жауап, түсіндіру.

Көрнекі құралдар: үй құстарының суреттері мен ойыншықтар, хат, кішкентай көлшік, «құс ауласының» қиылған суреттері, «Балапанын тап», «Мекенін тап», «Жемін тап», «Кейіпкерлерді құрастыр» ойындары (луллия сақиналары) .

Билингвальді компонент: үй құстары­домашние птицы­ a house is birds, тауық­курица­hen, қаз­гусь­goose, үйрек­утка­duck, күркетауық­индюк-turkey

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психолог:

- Балалар, қолымыздан ұстап «Қуаныш шеңберін» құрып, бір-бірімізге жылуымызды білдірейік.

Тиіспе, балапан, тауыққа,

Тентектікті қойыңдар.

Араздық жоқ араңда,

Тату-тәтті болыңдар.

- Балалар, бір-біріміздің тату екенімізді білдірдік. Ендеше, қонақтармен амандасайық.

Үлкенге де - сіз,

Кішіге де - сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Дефектолог: ­ Саламатсыздар ма, балалар! Саламатсыздар ма, қонақтар! Балалар, қараңыздаршы, мен келе жатқанда жолдан үлкен конверт тауып алдым. Оның сыртында балай жазылыпты: «Бұл конверт балабақшаның ең ақылды және ең көңілді балаларына арналған. Балалар егерде сіздер мына конверттің ішіндегі қиылған суреттерді дұрыс құрастырсаңыздар сіздер құстар ауласына тап боласыздар». Келіңдер, балалар, конвертті ашып, тапсырманы дұрыстап орындайық.

(балалар қиылған суреттерді құрастырады)

Психолог:

Релаксация: Көзімізді жұмамыз да беске дейін санап, үш рет айналамыз.

Дефектолог: Балалар, міне, біздер құстардың ауласына тап болдық. Ендеше біз мына суретке назар аударайық. Бұл суретте сіздерге ерекше тапсырма берілген.

( Мнемотекшемен жұмыс)

  • Жарайсыңдар, балалар, енді ауладағы үй құстарымен танысайық.

(Демонстрациялы суреттер арқылы үй құстарымен таныстыру)

Психолог: Билингвалды компонент: үй құстары­домашние птицы­ a house is birds, тауық­курица­hen, қаз­гусь­dik, үйрек­утка­duck.

Дефектолог: Балалар, келіңдерші, біз үйректің балапандарына көмектесейікші. Олар судың келесі бетіндегі ата­аналарына бара алмай. Оларға жел жасап, келесі бетке өткізейік.

(тыныс алу жаттығуы орындалады)

Дефектолог : Жарайсындар, балалар, енді саусақ жаттығуын жасап алайық, сосын ауладағы құстарға жем шашамыз.

(тіл және саусақ жаттығуы жасалады)

Шықты үйрек шалғынға - қолдарын белге қойып

Кря-кря-кря . . . теңселеді.

Көңілді қоңыз ұшады - қолдарын «қанат»

Ж-ж-ж . . . қылып қағады.

Мойының созып қаз алға қарай еңкейеді.

Шықты - ға-ға-ға . . . қолдарын бастан

Бұтақтарды жел шайқап - жоғары көтеріп тербелтеді.

У-у-у . . .

Суда қамыс шулады - қолдарын төмен түсіріп

Ш-ш-ш . . . тербелтеді, жүрелеп отырады.

Тағы да тыныштық орнатады - ш-ш-ш . . .

Психолог : Балалар, сендер үй құстары туралы ертегі білесіңіздер ме? Қандай ертегі білесіңдер? Келіңдер, ендеше «Алтын жұмыртқа) ертегісін тамашалайық.

(дефектолог көлеңкелі театр арқылы ертегіні сомдайды)

Психолог : Балалар, ертегі не туралы болды? Бұл ертегінің неше кейіпкерлері бар? Атасы мен әжесі ертегінің басында қандай көңіл күйде болды? Ал алтын жұмыртқа жарылмағанда қандай көңіл күйде болды?

(балалар сұрақтарға жауап берді)

Психолог: Балалар, ендеше осы ертегіні өзіміз сахналап көрейікші. Қане, кім ата болады, ал кім әже болады? Тауық кім? Тшқан ше?

(балалар ертегіні психолог көмегімен сахналайды)

Дефектолог: Жарайсындар, балалар! Сіздер шаршаған шығарсындар. Енді көз жаттығуын жасаймыз.

(Көз жаттығуын жасайды)

Психолог : Сергіту сәті: «Шөжелерім» (бейнетаспа)

Психолог : Балалар, сіздер ертегіні тамаша сахналадыңдар. Енді мына Луллия сақиналарының тапсырмаларын шешейік.

(Луллия сақиналары арқылы құстардың балапандарын ажыратады, олардың азықтарын табады. )

Дефектолог : Дұрыс айтасыңдар, балалар, жұмбақтарды да дұрыс шештіңдер. Әрі бізге балабақшаға қайтатын уақыт болды. Балабақшаға қайтпас бұрын қонақтарымызбен қоштасып алайық. Сосын құстардың ауласын жинастырып болған соң балабақшамызға қайтамыз.

Балалар: Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: үй құстары туралы біледі

Меңгеру керек: өз ойларын еркін жеткізуді

Жасай білу керек: сұрақтарға толық жауап беруді.

МдҰ әдіскері: Куспанова Р. Х.

Дефектолог: Зайнуллина А. А.

Психолог: Турешова К. Б.


Ұқсас жұмыстар
Үй жануарлары мен үй құстары бойынша ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің сабақ жоспары
Тіл дамытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Үй жануарлары мен үй құстары
5-6 жастағы балаларға арналған ҚМТҚ оқу іс-әрекеті: дидактикалық ойындар картотекасы
Шағын топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (тіл дамыту): Үй құстары
Мектепалды даярлық тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Үй құстары
Үй құстарының сыйы: Step by Step технологиясымен өткізілген мектепке дейінгі оқу іс-әрекетінің конспекті
4 жастағы балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Цифр мен зат санын сәйкестендіру (сол жақ - оң жақ), Көктем
Мектепалды даярлық тобының Үй жануарлары тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Үй құстары тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (І кіші топ, Күншуақ тобы, Нұрсәт мектепке дейінгі балалар мекемесі)
5 жастағы балаларға арналған әлеуметтік-қарым-қатынасты және ынтымақтастықты дамыту ойындары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz