Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Нәтиже сабақ Өнерлі - өрге жүзер

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Назгүл Сейпатталқызы Умарова

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ <<Өнерлі - өрге жүзер>>
Сабақтың мақсаты: 1) Қазақ киносы, театры, деректі кино, опера және балет туралы алған білімдерін тиянақтау, пысықтау, етістіктің райларын қайталау,
2) Сөйлеу тілін жаттықтыру, әдеби сөйлеуге дағдыландыру, сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту.
3) Оқушыларды өнерді сүюге баулу.
Сабақтың түрі: қайталау .
Сабақтың әдістері: блиц-гейм, сұрақ-жауап, сөйлеу, әңгімелесу, көрініс көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қуыршақтар, кеспелер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгін сыныпта кім кезекші?
Аптаның қай күні? Ауа райы қандай? Жылдың қай мезгілі?
Ақпан қыстың нешінші айы?
2.Үй жұмысын тексеру.
3. -Өздерің білесіңдер қазақта <<Оқы да біл, ойна да күл>> деген мақал бар.
Бүгін біз сол ойын үстінде алған білімдерімізді бекітеміз.
Өткен сабақтарда <<Кино. Театр>> модулі бойынша білім алдыңдар., бүгінгі сабақ нәтиже сабақ, осы алған білімдеріңді тексереміз.
-Өнердің қандай саласымен таныстыңдар?
-Кино, театр, опера және балет, деректі кино салаларымен таныстық.
-Ендеше білімімізді блиц-гейм арқылы тексереміз.
Блиц - (неміс сөзі), гейм- (ағылшын сөзі) ойын деген мағынада айтылған.
1 гейм. Кино және театр туралы не білеміз?
1. Қай жылдары клубтар, халық театрлары ұйымдаса бастады? (1926-1930)
2. Қазақтың ұлттық театры қай жылы ашылды? (1926)
3. Алғашқы театрды кім басқарды? (Жұмат Шанин)
4. <<Ленфильм>> студиясы арқылы алғаш қандай қазақ киносы жасалды? (<<Амангелді>>)
5. Қазақстанда <<Қазақфильм>> киностудиясында қандай кинолар шыққан?
6. Тұңғыш кино шығаруды кіім ойлап тапқан?

2 гейм. Өнер туралы мақал-мәтелдер білесің бе?
3 гейм. <<Өнерлі - өрге жүзер>> (Өз өнерлерін көрсетеді)
- Бүгін біздің мектепте жасөспірімдер театры ашылып жатыр, сол театрға актерлер керек екен. Театрға барғыларың келеді ме?
Қазақ халқының дәстүрі бойынша театрдың ашылуына байланысты шашу шашамыз.
(балалар кәмпиттерді жинап, ішіндегі сұрақ тапсырмаларды орындайды)
-Енді, сол театр дегеніміз не? ((дәптерге жазады)
(кәмптттің ішіндегі тапсырмалар)
1. Театр - өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің алдында әртістер күшімен бейнелейтін көркемөнердің бір түрі.

Театр халыққа саяси және эстетикалық жағынан тәрбие береді.
2. Сызбаны толтыр.
Етістіктің райлары

3.Қазақстан кино өнерінің негізі қай жылы салынды?
4. - ғы, -гі, -қы, -кі қай райдың жұрнақтары?
5. Тақырып бойынша диалог құрыңдар және пантомимо көрсетіңдер.
6. <<Алдар Көсе мен қу жаурын>> әңгімесінен көрініс көрсет.
-Міне, театрға актерлер табылды деп есептеуге болады.
-Балалар, сендер Алматы қаласындағы театрға барғыларың келеді ме?
Ол үшін билет алу керек.
Менде төрт билет бар. (тапсырмалармен)
1 билет.
М. Әуезов туралы не айтар едің?
2 билет.
К. Байсейітова туралы не айтасың?
3 билет.
Деректі кино деген не? Қандай деректі киноларды білесің?
4 билет.
Үй жұмысы.
Өзің қандай кино қояр едің? Шағын сценарий жазып кел.
Қорыту: Кино атауларынан терме диктант жазу.
Бағалау парағын тарату, оқушылар өздерін бағалайды.

Үй тапсырмасын орындауды ұнатасың ба?
Сабақта барлық тапсырмаларды істедің бе?
Сабаққа белсенді қатыстың ба?
Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
Өзіңе баға қой.

Ия немесе жоқ деп жауап бересің

Ұқсас жұмыстар
Қонақтарға сөз беру
Дәстүрімнің балқаймағы - әжелер сайысы
Сынып аруы
Анасы музыка пәнінің мұғалімі, талай талантты шәкірттерді тәрбиелегн жан
Екінші айналым
Күзгі жапырақтар тобы
<<Өнерлі өрге жүзер>>
Кел жемісті алтын күз
<<сән мен сымбат әлемі>> сайысы
Кішкентай арулар атты қыз сыны сайысының сценарийі
Пәндер