Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Менің алғашқы ұстазым. Тәуелдік жалғау

Сабақтың тақырыбы:<<Менің алғашқы ұстазым. Тәуелдік жалғау>>.

4 <<б>>сынып
Күні 14.03.16.
Мақсаты: 1.Білімділік: тәуелдік жалғауларды қайталай отырып, алғашқы ұстаз туралы әңгімелеуге, ұстаз бойындағы қасиеттерді айта білуге үйрету,
2. Дамытушылық: Ссздерге тәуелдік жалғауларды жалғап, сөздер мен сөз тіркесін
құрастыруға, сөздерді құрамына талдауға, жалғау түрлерін ажыратуға үйрету.
3.Ұстазды құрметтеуге тәрбиелеу ,өзінің алғашқы ұстазы туралы әңгімелеу.

Құрал жабдықтар:АКТ, маркер, стикер, жүрекшелер, магнит, смайликтер, үлестірмелі қағаздар, ба

Сабақ барысы: Кіріспе бөлім

-Сәлеметсіздер ме, балалар.

Қанекей, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. (Шаттық шеңберін құру).

-Ал енді топқа бөлінейік.Өздеріңе ұнаған екі түстің біреуін таңдап алып, екі топқа бөлініп отыра қойыңдар.(Оқушылар көк және қызыл түсті жүрекшелерді таңдап 2 топқа бөлініп отырады.)

Оқушылар шеңбер жасап тұрады.
Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық,
Тұрып болсаң шеңберге,
Алақанды соғайық.
Оң жақтағы балаға
Алақанды соғайық.
Сол жақтағы балаға
Алақанды соғайық.
Амандасып алайық.
Достарменен бірге біз
Күлімсірей күлейік.
Қолды созып күнге біз,
Шат көңілмен жүрейік.

Балалар, біз өткен сабақта мектеп туралы әңгімелеген болатынбыз.
Оқушы өзінің болашақтағы мектебі туралы әңгімелейді.

Бағалау.

-Балалар, енді тақтаға назар аударайық.Тақтадағы жұмбақты шешіп көрейік.

Білімнің дәнін береді,

Балаға тәлім береді.

Бұл кім туралы айтылған? Балаға кім білім, тәрбие береді? Дұрыс, ұстаз екен.
-Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ұстаз туралы болмақ.Дәптерімізге сабақтың тақырыбын жазамыз.
Менің алғашқы ұстазым.Тәуелдік жалғау.
-- Қазір мен үнтаспадан қосамын, мұқият тыңдап, сол өлеңнің мағынасын түсінуге тырысыңдар. Өлең мен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы бірдей. (өлеңмен қоса Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатұлы туралы ұлы ұстаздар туралы мағлұматтар және ұстаздар туралы өлең жолдары беріледі).

-- Ал, қанеки, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?
-- Дұрыс, ұстаз, мұғалім туралы. (3-4 минут)
-- Балалар, сендер бүгінгі сабағымыздың тақырыбына байланысты не білесіңдер, не білігілерің келеді? Тақтадағы <<Білемін, білгім келеді, білдім>> кестесіндегі 1-2-ші ұяшықтарды толтырыңдар.

(1-2 минут)

Жаңа сабақты түсіндіру: Тәуелдік жалғауы

1-тапсырма
-- Плакатқа <<Үлгілі мұғалім>> тақырыбына сурет салып, пікірлеріңді жазып, тақтада қорғауларың қажет. (5 минут/ 1 минуттан әр топқа)
2-тапсырма
<<Синквейн>> немесе <<Бес жолды өлең>> әдісі.
-- Балалар, әр топ қазір <<мұғалім>> сөзіне қатысты
2 сын есім
3 етістік
4 сөзден тұратын сөйлем
1 синоним табуларың қажет.

(Түбірлес сөздер болмауы тиіс) (5 минут/ 1 минуттан әр топқа)

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Қорыту кезеңі

<<Менің сүйікті мұғалімім>> тақырыбына шағын эссе жазу (5-6 сөйлем)

(Эссе жазу барысында <<Мектебім>> атты өлеңді қосу)

(10 минут)
-- Балалар, сендер бүгінгі сабағымыздың тақырыбына байланысты не білдіңдер? Ендеше, тақтадағы <<Білемін, білгім келеді, білдім>> кестесіндегі 3-ші ұяшықты толтырайық. (1 минут)
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы

Үй жұмысын беру
<<Үлгі тұтар ұстаз>> тақырыбына реферат дайындау. (әр оқушы өз деңгейіне сай шығарма жазады, талантты оқушылар ізденіп, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов сияқты педагогтар туралы жазуларына болады). (1-минут)

Бағалау кезеңі

Оқушылардың топтық жұмысқа қатысуына, өзіндік жұмысты орындауына сәйкес тиісті бағаларын қойып, түсініктемелер беру. (3 минут)

Ұқсас жұмыстар
Топ Көптік жалғау
Тәуелдік жалғауларының қолданысын білу
Сөз ілік септік жалғауы сөз тәуелдік жалғау
Тәуелдік жалғауларының жекеше түрін тексеру
Қазақ тілінен бақылау жұмыс дәптері
Нұргүл оқушы қала
Сабақтың максаттары. Сабақтың барысы
Қазақ тілінен орта мерзімді сабақ жоспары 10 сынып
Тәуелдік жалғау
Менің электронды поштам
Пәндер