Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Сахналық көрініс Бақыт
Сахналық көрініс <<Бақыт>>
(жай музыка немесе куй ойнап тұрады)
Сахнада: киіз үйдің макеті тұрады.(шаңырақ, кереге, уық)және от ( свечалар) жанып тұрады
1.(Сахнаға ұлттық киімде әйел (ана) музыка әуенімен жай жүреді, ортаға шығады)
2. Жас бала келіп анасын құшақтайды.
Анасы: Келдің бе? құлыным, бақытым!
Бала: Апа! Бақыт деген НЕ?
Анасы: Адамның үш бақыты бар.
Бала: Апа осы үш бақыт сізде бар ма?
Анасы: Иә, үшеуі де бар.
(Халыққа қарап мәнерлеп өлеңді оқиды)(жай күй ойнап тұрады)
Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім
. Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
(Қолына(екі алақанына) от (свеча) алып дуысын жоғары көтеріп оқиды)
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
( бір отты (свечаны) киіз үйдің ішіне қояды)
Түтін түтет, Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста, Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
Мені мұндай бақытты жаратар ма!
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
Бала: Апа! Онда мен бақытты екенмін, себебі мен де үшеуі де бар.
<<Қазақ>> деген халқым бар КЕҢ ПЕЙІЛДІ ;
<<қазақ>> деген тілім бар МӘРТЕБЕЛІ ;
ҚАЗАҚСТАНДАЙ елім бар кең байтақ ! (құшағын ашады)
Анасы: (балаға қарап)
Адам қанша болғанмен дарынды, табанды,
Туған жерін сүймей тұрып, сүймек емес ғаламды.
Өзге ананың мазмұнына, мерейіне төр құрар,
Алдыменен өз анасын сүйе алмаған сорлылар!
Нарық, ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға,
Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында?
Жалғандық бар ұстаздардың беделі мен даңқында,
Ана тілін сыйламаған.
Сыйламайды халқын да!
Бала: Тарихымыз тұр санаңа өткел тастан,
Өз тіліңде, ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастан,
Бүкіл баба рухымен байланысың кесілер,
Тағдырыңнан ата ғасыр шамын солай өшірер,
Қатеңді әбжіл түзетпесең, толыққанды жоқ тірлік.
Біз балалар сүйегіне, сеніміне бақ құрдық,
Бақ құрдық та ұлттық кеңістікке ат бұрдық,
Өз тіліңді жерсінбеудің,
Өз анаңды менсінбеудің,
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Ол - рухани мүгедектік әрі ұлттық сатқындық.
Анасы: (халыққа қарап)
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте!
(Соңына дейін музыка ойнап тұрады)

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz