Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Бәрін білгім келеді

Тақырыбы: Бәрін білгім келеді.
Мақсаты: білімділік- оқушылардың алған білімдерін тереңдету, өткен тақырып бойынша білімдерін пысықтау.
Дамытушылық- оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылықпен өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік- ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу,іздемпаздыққа баулу, ұтқыр ойға ұтымды жауап беруге дағдыландыру.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: түсіндіру, талдау, өз бетімен жұмыс, жарыс.
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, қазақ тілі.
Көрнекілігі: <<Сиқырлы шаршылар>> плакатқа жазылған есептер, таратпа материалдар.
Барысы:
Жоспар:
Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе сөз.
Сайысқа қатысушыларды таныстыру
І. Математикалық эстафета.
ІІ. Бәйге.
ІІІ. Полиглот
ІҮ. Мақал сөздің мәйегі
Ү. Әріптен сөз құрау.
ҮІ. Қорытындылау.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Балалар, бүгінгі біздің сабақтың тақырыбы: <<Бәрін білгім келеді !>>.
Қазір бәріміз топқа бөлінеміз, сабақ сайыс түрінде өтеді.

І топ - <<Ұлан>>
ІІ топ - <<Талант>>
Әр топтың өз топ басшысын сайлаймыз. Тапсырмаларды мұқият ойланып, дұрыс орындаңдар. Екі топқа екі қалташа дайындалған. Бірінші болған топқа қызыл шаршы, екінші топқа қоңыр үшбұрыш беріп отырамыз. Қызыл шаршыдан қай топ көп жинаса , сол жеңімпаз. Сондықтан қызыл шаршыдан мол алуға тырысыңдар.

І кезең: <<Математикалық эстафета>>
Ойын шарты. Берілген мысалдардың тұсына бағдар стрелка арқылы әр мысалдың жауабын жаз.
<< Ұлан>> тобы <<Талант>> тобы
25 + 32 18 25 + 44 36
69 - 53 50 86 - 42 70
80 - 30 95 90 - 20 92
67 - 59 57 92 - 56 69
78 + 17 16 34 + 58 44
ІІ кезең: <<Бәйге>>
Ойын шарты: Жауап нақты, тез болуы керек. Қай топ жалаушаны бірінші көтереді, сол топ бірінші жауап береді.
Сұрақтар:
1. Зат есімнің сұрақтары (Кім? Не?)
2. Екі ғасырда неше жыл ? (200 жыл)
3. Басты байлық не ? (Денсаулық)
4. Қазақстанның мемлекеттік нышандары (Ту,Әнұран,Елтаңба)
5. а + 35 қандай өрнек ? (Әріпті өрнек)
6. Абайдың әжесі кім? (Зере)
7. Бір өркешті түйе қалай аталады? (Нар)
8. Ұя салмайтын құс (Көкек)
9. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
10. <<Су>> қандай жерден шығады? (жақсылық жасаған)

ІІІ кезең: << Полиглот>>
Ойын шарты: Құрамында сан есімі бар сөздерден жұмбақ шешу. Жұмбақтың шешуін қазақ және орыс тілінде айту.
1) Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (киіз үй - юрта)

2) Қос құлақты, жүз тісті,
Жүзінен бір - ақ із түсті. (ара - пила)

3) 1 санға өсірді,
Өзі қалып орында,
Бізді алға көшірді. (сынып - класс)

4) Сақталады 6 ай жаз,
Сандығымда сары аяз. (тоңазытқыш - холодильник)

5) Қылқиып екі құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян - заяц)

6) Екі аяқпен кезек-кезек тебеді,
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді. (доп- мяч)

7) Ағайынды 5 туыс,
Жамылатын тоны бар.
Бесеуінде бір қуыс,
Сырттан кірер жолы бар. (қолғап - перчатка)

8) Бір қораға қамалғандар,
Жану үшін жаралғандар. (сіріңке - спички)

9) Болса да көкте мекені,
Кездеспейді екеуі. (ай мен күн - луна и солнце)

10) Кіп - кішкентай екі көзі,
Қалай көреді өзі?
Қолы екен ұзын мұрыны,
Сол мұрнымен
Тамақ тауып жүреді. (піл - слон)

ІҮ кезең. <<Мақал сөздің мәйегі.>>

1. Жеті рет өлшеп, ... (бір рет кес)
2. Тіл тас жарады, ... ( тас жармаса ,бас жарады)
3. Көп тыңда ... (аз сөйле)
4. Сөз анасы - құлақ ... (су анасы - бұлақ)
5. Судың да ... (сұрауы бар)
6. Ақыл азбайды ... (білім тозбайды)

Ү кезең. <<Шашылған әріптен 2 сөз құра>>

А, А, А, О, Қ, Н, Т, Л. (ОТАН, ҚАЛА)
Қорытынды: Бес кезеңнің қорытындысы бойынша қызыл шаршылар мен қоңыр үшбұрыштар саны саналады. Жеңген топтар марапатталады.

Ұқсас жұмыстар
Бәрін білгім келеді тренинг
Қазақстан Респубилкасының Мемлекеттік рәміздері
Гүлдің құрылысы . Өсімдіктердің көбею мүшесі, гүлдің құрылысы, гүл бөліктерінің атқаратын қызметі туралы
Бәрін білгім келеді. білім марафоны
Тақырып Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Шығармашылық сайыс
Информатика әлемінде сайысы
Компьютерді үздік меңгерген топ
Сөз таптары. қазақ тілі, 2 сынып
«информатика әлемінде» сайысы 6-сынып
Пәндер