Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бөлшек деген не

Сыныбы: 5 <<Б>>
Уақыты: 27.01.15.
Сабақ тақырыбы: Бөлшек деген не
Сабақтың мақсаты: бөлшекті жазып үйрену.
Білімділік: оқушыларды бөлшек ұғымымен, бөлшектің алымы мен бөлімі туралы түсінікпен, бөлшек түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін дамыту. Математикалық тілде жаза білу дағдысын, ақыл - ой өрісін дамыту. Өмірмен байланыс жасау арқылы патриоттық сезімін ояту. Пәнге деген ынтасын арттыру.
Тәрбиелілік: оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, тапқырлыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақ түрі: дәстүрлі.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, репродуктивті, ішінара ізденушілік, тест әдісі.
Технологиялар: АКТ, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, компьютерлік оқыту әдісінің элементтері.
Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақта, электрондық оқулық, үлестірме қағаздар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, дене шынықтыру, тарих.

Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Өткен сабақты қорыту.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру.
V. Жаңа сабақты бекіту.
VI. Жаңа сабақты қорыту.
VII. Үйге тапсырма.
VIII. Бағалау.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Құрал-жабдықтарын қарап, сабаққа дайындығын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару.

II. Үй жұмысын тексеру.
М: Оқушылар, бізде бүгін ерекше сабақ болғалы тұр. Осы аптадан бастап, мектебімізде Информатика, Математика, Физика пәндерінің <<ИФМ - білім теңізі>> тақырыбында апталық өтеді. Осыған сендердің қосқан үлестерің: осы апталыққа жақсы атсалысу, ребустар мен сөзжұмбақтарды шешу және т. б. іс-шараларға араласу. Апталыққа қатысуларың осы бүгінгі ашық сабағымыздан басталмақ. Бүгінгі сабақта көңілді тақпақ арқылы бастайық.

М: Сонымен, үйге қандай есеп берілді?
О: № 818, және № 822.
М: Қазір, осы есептерді арасынан біреулерің оқисыңдар, қалғандарың мұқият қарап, тыңдап отырыңдар.

II. Үй тапсырмасын қорыту.
Өткен тақырыпты математикалық диктант арқылы қорытайық.
Алдарыңда көрсетілген фигураларды үлес бойынша жазыңдар.
Суреттік диктант.
1. Сегізден бір бөлік.
2. Сегізден бес бөлік.
3. Бестен үш бөлік.
4. Төрттен үш бөлік.
5. Алтыдан екі бөлік.
6. Екіден бір бөлік.

Үлес туралы сендер төртінші сыныпта шолу жасағансыңдар. Міне, өткен сабақта осы үлестерді тереңдете білетін боламыз. Осы сандардың артында жасырын сөздер бар. Оны ашып қарасақ бүгінгі сабағымыздың тақырыбын аламыз.


Сонымен, дәптерлеріңді ашып бүгінгі күн реті мен сабақтың тақырыбын жазып қойыңдар.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты:бөлшек ұғымымен, бөлшектің алымы мен бөлімі туралы түсінікпен, бөлшек түрлерімен танысу. Бөлшекті жазып үйрену.
Жаңа сабағымызды түсіндіру кезінде электрондық оқулықты тыңдайық.

Жазылуы: 35 , 3 - алым, 5 - бөлім, ортадағы сызық - бөлшек сызығы.Оқылуы: бестен үш.
Жазылуы: 23 , 2 - алым,3 - бөлім, ортадағы сызық - бөлшек сызығы.Оқылуы: үштен екі.
Сонымен, бөлшек деген ұғым, математикалық бөлу дегенді білдіреді. Алдағы уақыттарда бөлу амалын бөлшек сызығымен алмастырамыз.

Бөлшекті дұрыс бөлшек және бұрыс бөлшек деп екіге бөлінеді.
Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп, алымы бөлімінен үлкен немесе алымы бөліміне тең бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады.
Мысалы:

V. Жаңа сабақты бекіту.
Осы ережелерді есте сақтай отырып, мына есептерді шығарайық.
№ 826.
Квадраттың неше тең бөлікке бөлінгенін және оның қандай бөлігі боялғаныын анықтаңдар. Бөлшек түрінде жазып, оның алымы мен бөлімін атаңдар. Квадраттың қандай бөлігі боялмаған?

№ 830
Оқушылар үш топқа бөлініп, әрқайсысы өз есебін жазады. Егер есеп дұрыс шығарылса, жасырын сөйлемді оқимыз.

Ал қазір, шамалы демалып алайық. Сергіту сәтін бастайық. Барлығымыз орнымыздан тұрамыз.

№ 831
Үш топқа бөлініп, әрқайсысы өз есебін жазады. Егер есеп дұрыс шығарылса, жасырын сөйлемді оқимыз.

VI. Жаңа сабақты қорыту.

VII. Үйге тапсырма.

VIII. Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру, жәй бөлшектерді, аралас сандарды салыстыру
Дұрыс және бұрыс бөлшектер
Ондық бөлшек. ондық бөлшекті оқу және жазу
Бұрыс бөлшек. Аралас сан
Ондық бөлшектерді көбейту тақырыбына есептер шығару
Бөлшек сауда
Аралас сандарды қосу және азайту
Жай бөлшектің ондық жуықтауы
Бөлшек сандар шығу тарихын таныстыру
Бұрыс бөлшекті тап
Пәндер