Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Математикалық лабиринт

Сыныптын тыс жұмыстың тақырыбы: "Математикалық лабиринт"
Сыныбы: 5 сыныптар
Мақсаты: а) оқушыларға ауызша, логикалық есептер шығарта отырып, ойын элементтерін пайдалану арқылы пәнге танымдық қызығушылықты тудыру;
б) ізденгіштікке баулу, оқушылардың өз бетінше ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін жеткізе білуін қалыптастыру. Топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Жаңа технология элементтерін пайдалану арқылы шығармашылық қабілетін, таным белсенділігін арттыру. Математикалық тілде жаза білу дағдысын, ақыл - ой өрісін дамыту. Өмірмен байланыс жасау арқылы патриоттық сезімін ояту;
в) ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Әдісі: танымдық ойын әдісі, ішінара ізденушілік,ой қозғау стратегиясы.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар,нақыл сөздер жазылған плакаттар,
құрастырма геометриялық фигуралар, көпжақтар, ережелер жазылған қағаздар, үйлестірме материалдар.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, дене шынықтыру.
Жоспар:
I. Кіріспе: а) сайыс жоспарымен таныстыру;
б) әділ-қазылар алқасын сайлау.
II. Негізгі бөлім:
1-кезең. Топ мүшелерінің сайысы:
1-бөлім.Сиқырлы көпжақтар.
2-бөлім. Фигурадан макет құрастыр.
3-бөлім.Жалғасын тап.
2 - кезең. Топ сайысы. "Айлакерден айлаңды асыр".
3 - кезең. Капитандар сайысы. <<Жорғалап, жалғасын тап>>.
III.Қорытынды:
Әділ қазыларға сөз беру, марапаттау.

Барысы:
I. Кіріспе.
Құрметті, ұстаздар мен оқушылар. 27 қаңтар мен 31қаңтар аралығында мектебімізде <<ИФМ - білім теңізінде>> атты математика, физика, информатика пән бірлестігінің апталығы болып жатырғанын білесіздер.
Міне осыған байланысты бүгін 5 - сынып оқушылары арасында <<Математикалық лабиринт>> танымдық сайысы болады. Осы сайысты көруге, тамашалауға қош келдіңіздер.
Енді сайыс жоспарымен таныстырып өтейік.
Сайыс үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өз кедергісі бар. Сол кедергілерден сүрінбей өтулерің керек. Мұқият тыңдау арқылы әр кезеңнің шартын ұғына аласың. Осы сайыста үш сыныптан бес оқушыдан қатысады.
Сайыс ережесі бойынша кедергілерден барлық қатысушылар жеке - жеке де, топ болып та өтеді. Алдымен, әділ - қазылар алқасын сайлап алайыз.
II. Негізгі бөлім:
1-кезең. Топ мүшелерінің сайысы:
1-бөлім. Сиқырлы көпжақтар.
Шарты:Стол үстіндегі көпжақтар астына оқушылардың алдын-ала таңдап алған тапсырмалары бойынша тапсырмалар жасырылады, оқушылар сол көпжақтың ішінен өз тапсырмасын тауып алып, тез орындауы керек. Бірінші оқушы орындап болып, екінші этапка көшкенде, топтын екінші оқушысы келіп өз тапсырмасын іздейді, сөйтіп ойын жалғасады...(ескерту оқушы өз тапсырмасының дұрыс екендігін бақылаушыға көрсету керек).
Тапсырмалар:
1) Амал орындау:
(202:2) +(2[2]+3[2]) (303:3)+(5[2]+4[2]) (505 : 5) + (6[2]+1[3])
2) Теңдеуді шешу:
х +243=500 х - 124=400 у+502=7

3) Периметрін тап:
Бер: тіктөртбұрыш Бер: тіктөртбұрыш Бер: тіктөртбұрыш
а=6 , b=3 а =7 , b=2 a=5, b=4
Р -? Р -? Р -?
4) 1)Бір әтеш екі адамды оятса, 10 адамды ояту үшін қанша әтеш керек?
2) Аулада бірнеше қой бар. Олардың әрқайсысының маңында 7 қой бар.Сонда аулада қанша қой бар?
3) Ағаш үстінде 100 торғай отыр еді. Аңшы 10 торғайды атып алады, торғайдың қаншасы қалды?
5) Санның дәрежесін есепте: 73; 83; 63.
2-этап. Фигурадан макет құрастыр.
Стол үстінде жатқан фигураларды ақ қағазға жапсыру арқылы берілген макетті жасау керек.
3 - этап. Жалғасын тап.
Алдарыңдағы тақтаның бірінші қатарында ережелер ілінген. Алдарыңдағы парта бетінде сол ережелердің жалғасы жатыр. Осы ережелердің жалғасын дұрыс тауып, әрқайсысын өзінің астына ілу керек. Егер жалғасын дұрыс тапсаң, тақтаны
айналдырған кезде алдарыңда сөз шығады. Ал, қане бастайық.
1 - топ
1. Санағанда қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады. (Л).
2. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады. (Ы)
3. 11[2] = 121(Ж)
4. Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар құрама сандар деп аталады. (О)
5. Тік бұрыштан кіші бұрыш сүйір бұрыш деп аталады. (7)
2 - топ
1. Тең бөліктер үлестер деп аталады. (Е)
2. 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандар жай сандар деп аталады. (К)
3. Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады. (С)
4. 12[2] = 144 (І)
5. Бұрышты өлшеу және салу үшін транспортир қолданылады. (Ң)
3 - топ
1. Алымы бөліміне тең бөлшектер бұрыс бөлшектер деп аталады. (Е)
2. Ең кіші жай сан - 2. (Ж)
3. Тік бұрыштан үлкен бұрыш доғал бұрыш деп аталады. (Ы)
4. 132 = 169 (Л)
5. Көпбұрыштардың ішінде қабырға саны ең азы - үшбұрыш. (Ұ)
Ұ
Л
Ы
Ж
Е
Ң
І
С
К
Е
-
7
0
Ж
Ы
Л
2 - кезең. Топ сайысы. "Айлакерден айлаңды асыр".
Шарты: мұнда топтың барлығы бірігіп жұмыс жасайды, ертегі кейіпкерлері кедергі жасайды. Содан жеңіп тапсырмасыны орындаған топ жеңіске жетеді.

Тапсырма
1) 2346:(209 - 107) ∙ 15; 2) 6422 -24 ∙ (372 : 12); 3) (1593 : 27 + 326) ∙ 60;

3 - кезең. Капитандар сайысы. <<Жорғалап, жалғасын тап>>.
Шарты:қапшықтың ішімен жорғалап алған тапсырмасының жалғасын кедергілер арқылы тауып шығу керек. Ескерту: қапшықтың ішінде
жасырынған сұрақтың жауабының жанында номер болады, шыққанда сол номерді айту керек.)
1) 3 - ке қандай сан бөлінеді?
2) 5-ке қандай сан бөлінеді?
3) 10- ға қандай сан бөлінеді?
4) Сүйір бұрыш деген не?
5) Тең қабырғалы үш бұрыш дегеніміз не?
6) Тең бүйірлі үш бұрыш дегеніміз не?
7) Тік төртбұрыштың периметрі неге тең?
8) Тік төртбұрыштың ауданы неге тең?

Жауаптары:
1) Цифрларының қосындысы 3 -ке бөлінетін сан 3-ке бөлінеді. (4)
2) Цифрларының соңы 0 мен 5 аяқталатын сан 5 бөлінеді. (7)
3) Соңы 0 аяқталатын сан 10 бөлінеді. (5)
4) Барлық бұрышы сүйір болатын үшбұрышты сүйір бұрышты үшбұрыш дейміз. (11)
5) Барлық қабырғалары және бұрыштары тең болатын бұрышты айтамыз. (13)
6) Екі қабырғасы тең болатын үшбұрышты айтамыз. (9)
7) Ρ = 2 ∙(а +в). (6)8) S=a∙ в.(1)
III. Қорытынды.
а) Әділ қазылар алқасына сөз беру.
ә) Оқушыларды марапаттау.

Ұқсас жұмыстар
Сиқырлы сандар
Математикалық сайыстың барысы
Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі
Лабиринттан шығу жолды табу
Лабиринттен өтіп көр
Менің алғашқы программам
Тік ұшақ
Математикалық тартыс. 7 сынып
Есептің мәнді белгісі
Пәндер