Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Өнер өрге жетелейді

Сабақтың тақырыбы: Өнер өрге жетелейді.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халқымыздың ізгі өнегесімен білім беру, салт-дәстүрлерді бойына сіңіру.
Жарысу арқылы бәсекелесу қабілеттерін дамыту.
Жылдам шешім қабылдауға, ойларын жинақтап, қорытынды жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сыныптан тыс сайыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: көрме, қаттамалар, нақыл сөздер, слайд.
Сабаққа қажетті құрал-саймандар: түрлі - түсті қағаздар, қайшы.
Өткізілу барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Залды безендіру.
Қонақтарды отырғызу.
Топ мүшелерін дайындау.
ІІ. Сабақ барысы.
1. Өзіңді таныстыр, өзгені таны.
2. Білгенім бір тоғыз ...
3. Сөз маржан
4. Шебердің қолы ортақ.
5. Шеберлікте шек жоқ.
6. Қорытындылау.
Мұғалім:
-Бала тәрбиесіне мән беріп, ес біліп, ер жеткенге дейін салт-дәстүр, әдет - ғұрыпты сақтағандардың бірі - қазақ халқы. Осы тәрбиені көңілдеріне тоқып өскен балалар бірте-бірте бұл өнердің қыр-сырын меңгеріп, өз бетімен өмір жолын бастағанға дейін айтарлықтай тәрбие жинақтайды. Соған орай сабағымызда қолданылатын дәстүрдің түрлі әдістеріне тоқтала келе <<Өнер өрге жетелейді>> атты сайысымызды бастаймыз. Оқушылар білімдерін көрсету арқылы өздерінің қабілетін, өнерін көрсетеді. Сабаққа төрелік ететін әділқазы алқасымен таныстырып өту.
Ә - діл төре қазылардың алқасы,
Ұстаздарым шығармашыл жан-жақты,
Өнерлерін шәкірттердің бағалар,
Нағыз маман, білімді олар сарапшы, - деп әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
ТЕХНОЛОГИЯ - шеберліктің мектебі,
Бай мұрамыз, халқымыздың өнері.
Ас әзірлеп, үйренеміз іс тігіп,
Ынтаменен әзірлейміз көрмені.
Өнерлілер арасында шалқыңдар,
Білімді бар арамызда, тапқыр бар,
Бәсекеге түскелі тұр дәл қазір,
Әрбір сөзі саф алтындай тапқырлар.
Сайысқа 2 топ қатысады.

<<Өнерлілер>>тобы. Ұраны: Өнерлінің қолында,
Байлығы жатыр жолында.
<<Шеберлер>> тобы. Ұраны: Шыдамды еңбек, алғыр ой,
Нағыз досың біліп қой.
Қазақтың өнерлі ғой бар баласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы,
Жүзден бір, мыңнан озық жүйріктері,
Таныстыру - бұл сайыстың бастамасы.
І сайыс - <<Өзіңді таныстыр, өзгені таны>>
(Әр топ өздерін таныстырады)
ІІ. Сайыс - <<Білгенім бір тоғыз...>>
Оқу - білім азығы, білім - ырыс қазығы, дей келе ІІ-ші сайысымызды бастаймыз.
Байқалатын келді кез,
Біліміңнің шамасы.
Білімді мыңды жығады,
Жоқ оған ешкім таласы.
Сайысымыздың шарты: сұрақ берілген соң жалаушаны кім бірінші болып көтерсе, сол оқушы бірінші болып жауап береді.
1. Мақта матасы неден алынады?
2. Ең көп қолданылатын асханалық құрал?
3. Көкөністерден жасалатын тағам?
4. Қазақ қыздарының бас киімі?
5. Егде жастағы әйелдер бас киімі?
6. Қамыр жаятын құрал?
7. Ұлттық өрнек?
8. Іс тіккенде саусаққа киетін құрал?
9. Ең көне және кең таралған ою түрі?
10. Шашқа тағатын әшекей зат?
11. Қазатың ұлттық киімдерін ата.
12. Ағаш өңдеу жұмыстарымен айналысатын кәсіпкер?
13. Жұмыс кезінде оқушы нені есте сақтау керек?
14. Әсемдік бұйымдар жасайтын шебер?
15. Киіз үй құрылысын ата.
16. Қазақтың дәстүрлі той-томалақтарын ата.

ІІІ сайыс - <<Сөз маржан>>
Аталар сөзі - ақылдың кені , - дейді қазақ халқы.
Бүгінгі жастарға оқу міндет,
Тек қана оқуменен өнер білмек.
Өнер - білім, адалдық, ар - намысты,
Жоятын надандық қой, жаман індет.
Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек,
Оқыса басқа елдердей қатарға енбек.
Егерде мал керек болса,
Қолөнерді үйренбек керек, - деп Абай атамыз айтқандай, келесі кезекте мақал мәтелдер мен жұмбақтар сайысына келеміз.
1. Өнерлі жігіт өрге озар,
Өнерсіз жігіт .... (жер соғар)
2. Ұста пышаққа жарымас,
Етікші ..... жарымас. (етікке)
3. Шебердің қолы ... ортақ. (көпке)
4. Еңбек түбі .... (береке)
5. Ата көрген оқ жонар,
Шеше көрген ... пішер. (тон)
6. Еріншектің ... бітпейді. (ертеңі)
Жұмбақтар топтамасы.
1. Өзі сондай аппақ,
Жесең оны тәтті ақ. (Қант-сахар-sugar)
2. Айдалада ақ отау,
Аузы мұрны жоқ отау. ( жұмыртқа-яйцо-egg)
3. Мектеп сандығы ... (кітап-книга-book)
4. Мектеп кеме, білім ... (теңіз-море-sea)
ІV сайыс <<Шебердің қолы ортақ>> Бұл сайыста
Ою керек қарасаң,
Өңкей мүйіз тізілген,
Қайсысын қаласаң,
Қиып ал сызған ізіңмен.
Қию оңай демеңдер,
Оған да өнер, ой керек,
Бос мақтанып жүрмеңдер,
Қиюға пысық қол керек,
oo деп ұлдарымызды оюды ойып шығарса,
Тату қыздың тамағы тәтті келер, дей отырып,-
Қыздардың түрлі тағамы,
Дастарханның ажары.
Тіл үйірер дәмімен,
Аспаздардың наны менен салаты, -деп қыздарымыздың қолынан шыққан тағамдардың құпиясымен бөліседі.

V сайыс <<Шеберлікте шек жоқ>> деп аталады.
Шебер біздің әжеміз,
Шебер біздің атамыз,
Шебер болған бабам да,
Біз де шебер боламыз.
Келесі кезекте сайыскерлеріміз үйде дайындаған қолөнер бұйымдарын қорғап, жарнамалайды.
Кімдер білгір, кімдер ұшқыр,
Салыстырып біз көрдік.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Әділқазы алқасына сөз берейік.

Көгере бер, көркейе бер, өсе бер,
Өмір жолы еңбекпенен шешілер,
Шыңға шығар шынар болып шынайы,
Кездеспесін ешқашан да кесірлер, - деп сайысымызды тәмәмдаймыз. <<Өнерліге өріс кең>> - дегендей, өнерлерін өрге жүзе берсін.

Ұқсас жұмыстар
Атау септік. Атау септігі оның сұрақтарымен таныстыру
Ою - өрнек сыр шертеді
Көрікті көктем аруы
Зат есімді тап
Өнерлі өрге жетелейді
Ой-өріс кеңдігі және ақыл- парасат
Қыз аруы - 2015 байқауының ЕРЕЖЕСІ
Жас ұланға қабылдау бағдарламасы
Дәстүрімнің балқаймағы - әжелер сайысы
"көктем аруы-2013" 9-11 сыныптар
Пәндер