Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Көктем ерекшеліктері

Білімділік саласы: <<Қатынас>>
Бөлімі: <<Тіл дамыту>>
Сабақтың тақырыбы: Көктем ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты:
Балалардың көктем туралы ұғымдарын бекіту, білім біліктілігін ары қарай жетілдіру.
Дамытушылық: Жаңа иновациялық технологиядағы ойын арқылы есте сақтау , логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғаттың әрбір тамшысына қуанып оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын , ізденіс тәсілдері, ынталандыру т.б.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекіліктер: Табиғат көрінісіне байланысты тірек сызба, сиқырлы гүл, үлестірмелі гүлдер, күннің суреті, ағаштың суреті, түрлі-түсті қатты қағаз, желім, қайшы, сүрткіш т.б.
Сабақтың барысы:
Балалар сабақты бастамас бұрын,жарқыраған күнмен, жер анамен, қонақтармен амандасып алайық.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көріп қуандым.
Қуан, шаттан, алақай!
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң балалар!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Тәрбиеші:-Балалар, бүгін сабағымыз сәтті өту үшін, бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдіріп,жақсы тілектер айтайық. Ол үшін мына себеттің ішіндегі ертегілер елінен әкелінген ерекше сиқырлы, желекті гүлді алайық. Балалар, білесіңдерме бұл гүлдің әр желегінде бір-бір тілек орындалады екен. Қане әрқайсысымыз бір-бір желектен алып тілегімізді айтайық.
Балаларға тілек айтқызу. Мысалы: денсаулық,татулық,бақыт,сұлулық,ынтымақ,береке,тыныштық,жақсылық,
молшылық,достық, амандық т.б.
Тәрбиеші:-Балалар,бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Барлығың мұқиат тындаңдар:
Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен, селдеткен.
Шалшық келіп ойнайтын.
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші:-Міне, балалар бүгінгі сабағымыз көктем және көтем мезгілінің ерекшеліктері туралы болады.
<<Сиқырлы кубик>> ойынын ойнату.
Тәрбиеші: Менің қолымдағы кубиктің неше қабырғасы бар?Қане санап шығайық, осы алты қабырғада алты сұрақ жасырынған екен. Ал ол сұрақтарды табу үшін бір бала алдыға шығып теріс қарап тұрып кубикті лақтырады, қай сан түссе сол санның сұрағы оқылады.
1.Жыл мезгілдері қаншаға бөлінеді?
2.Жыл мезгілдерін ата?
3.Көктем мезгілінде қанша ай бар?
4.Көктем мезгілінің айларын ата?
5.Қазір көктемнің қай айы?
6.Көктем мезгіліне арналған қандай өлең білесіңдер?
Қар еріді, су ақты
Дана Күндер келді шуақты.
Байтақ дала келбеті,
Түкті кілем сияқты

Көкке бояп өңірді.
Аружан Көктем келді көңілді,
Бау-бақшада ормандар.
Құстар әні төгілді.

Жаңбыр жауып басылды.
Амина: Күлімдеді көкте нұр.
Кемпірқосақ асылды,
Өрнегіндей көктемнің.

Түрлі-түсті әйбат.
ЕрнұрГүлдер шықты жайнап,
Қызыл, жасыл аймақ,
Қырға шықты ойнап.

Тәрбиеші:- Балалар, енді біз алдымыздағы суретке назар аударайық. Бұл суреттен көктем мезгілінің ерекшеліктерін көріп тұрмыз.
-Енді, осы көктем мезгілінің ерекшеліктерін әңгімелеп көрейік.
(тірек сызба арқылы көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтқызу)
Жаңбыр жауады
Көктем ерекшеліктері
Қар ериді
Малдар төлдейді
Бәйшешек гүлі шығады
Құстар жылы жақтан ұшып келеді
Күн жылынады
Ағаштар бүршік жарады
Күн күркірейді
Өзендердің мұзы ериді
Жерге шөп шығады

Сөздер сурет арқылы көрсетіледі

Тәрбиеші:-Құстар жылы жақтан ұшып келеді дедік. Ендеше балалар, ерте көктемде қандай құстар ұшып келеді екен,еске түсірейік. Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын.(жұмбақтың шешуін тапқан бала сол құстың суретін тауып тақтаға жапсырады)
Жұмбақтар
Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады.
(қарлығаш)

Су бетін сүзіп,
Ақ құман жүр жүзіп.
(аққу)

Өз атын өзі шақырады
Сөйтіп күнді батырады.
(көкек)

Көкте ұшады тізіліп,
Біз қараймыз қызығып.
(тырна)

Бұл не деген шебер еді.
Ормандағы ағаштарды,
Тұмсығымен шегеледі.
(тоқылдақ)
Тәрбиеші: - Өте жақсы балалар, осы құстардың табиғатқа қандай пайдасы бар екенін білесіңдер ме?
Балалар: - Құстар ағаштардың құрт-құмырысқаларын тазартады.
oo Тоқылдақты орман дәрігері деп атаймыз.
Тәрбиеші: Балалар, сендер өте тапқыр екенсіңдер, құс туралы жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар және қандай пайдасы бар екенін де біледі екенсіңдер.
- Енді мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойын <<Ұшты-ұшты>> деп аталады.
Ойынның шарты: Ұшатындарға қол көтереді>>, ұшпайтындарға қол көтерілмейді және бұл ойында қолдарын дұрыс көтермеген бала айыбын өтеп жаңылтпаш айтып береді.
Ойынды басқаратын бала сайланыды, ол ортаға шығып ойынды жүргізеді.
Ал, қане, ойынымызды бастайық:
oo Ұшты-ұшты сұңқар ұшты!
oo Ұшты-ұшты тұлпар ұшты!
oo Ұшты-ұшты қарға ұшты!
oo Ұшты-ұшты арба ұшты!
oo Ұшты - ұшты үйрек ұшты!
oo Ұшты - ұшты бүйрек ұшты!
Тәрбиеші: - Балалар, көктемде ағаштар бүршік жарады дедік, қандай ағаштардың түрін білесіңдер?
Балалар: Емен, қайың, терек, шырша, қарағай, бәйтерек т.б.
(айтқан балалар сол атаған ағаштардың суретін тауып тақтаға жапсырады.)
Тәрбиеші: - Ал, осы ағаштардың адамға, табиғатқа қандай пайдасы бар?
Балалар: - Ағаштар ауаны тазартады.
oo Далаға көрік береді.
oo Көлеңке түсіреді.
Тәрбиеші: - Балалар, жазда, ыстықта күннің астында ойнаған жақсы ма?
- Әлде, ағаштың көлеңкесінде ойнаған жақсы ма?
Тәрбиеші: Күннің астында ойнаған несімен жаман?
Балалар: - Басымыздан күн өтеді, ауырып қаламыз, ыстықтаймыз.
Тәрбиеші: - Ағаштың көлеңкесінде ойнаған несімен жақсы?
Балалар: - Таза ауамен дем аламыз, басымыздан күн өтпейді, ыстықтамаймыз.
Тәрбиеші: - Ағаштардан не жасайды?
Балалар: - Қағаз, дәптер, кітап, жиһаздар жасайды (орындық, стол, шкаф)
Тәрбиеші: - Көрдіңдерме балалар, ағаштар біздің өмірімізге ауадай қажет екен. Сондықтан ағаштарды аялап, оларға қамқорлық жасап көбейту керек. Оны кесуге, бұтақтарын сындыруға болмайды, керісінше көктем мезгілінде аулаға жаңадан тал егіп отыру керек.
- Осы ағаштар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Кім айтады?

Ағаш көркі - жапырақ, Аула сәні - терек,
Адам көркі - шүберек. Терек - егу керек.

Әке - бәйтерек, Бір тал кессең,
Бала - жапырақ. Он тал ек.

Жердің көркі тал болар, Жаңбыр бір жауса,
Елдің көркі мал болар. Терек екі жауады.

Тәрбиеші: - Балалар, көктем мезгілінің тағы бір кереметі, ол гүлдер.
- Көктемде қандай гүлдер шығады?
Балалар: - Бәйшешек
oo Сарғалдақ
oo Қызғалдақ
Тәрбиеші: - Гүлдер бізге не береді?
Балалар: - Әсемдік
oo Жұпар иіс
oo Әдемілік
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар балалар, гүлдер, ағаштар, құстар бұлардың барлығы табиғатқа жатады. Ал сендер осы табиғатқа байланысты қандай тыйым сөздер білесіңдер? Кім айтады?

Балалар: - Аққуды атпа.
oo Құстың ұясын бұзба.
oo Жұмыртқасын жарма.
oo Ағашты сындырма.
oo Гүлді, шөпті жұлма.
oo Суға түкірме.
Тәрбиеші: - Балалар, енді біраз демалып алайық.

Сергіту сәті.
Ал, балалар тұрайық.
Торғайлар ұшты оңға,
Торғайлар ұшты солға.
Жоғары ұшты, төмен ұшты.
Ағаштың түбінде қоян жатыр екен, қоянша секірейік
Аю маймаңдап жүр, бәріміз аюша жүрейік.
Көбелек ұшып жүр, бәріміз көбелекше ұшайық.
Табиғат қандай керемет, сұлу ауасы не деген таза,
Қане бәріміз тыныстайық (тыныс алу)

Д/ойын. <<Неге ұқсайды>>. Шарты: геометриялық пішіндерді атап, түр-түсін ажырату.
Тәрбиеші: - Балалар, мына пішіндерге назар аударайық, бұл қандай пішіндер
Балалар: - Төртбұрыш
oo Үшбұрыш
oo Домалақ
Тәрбиеші:-Енді осы пішіндерді пайдаланып, жылы жақтан ұшып келген қанатты достарымызға ұя жасап көмектесейік.
(жасаған ұяларды ағашқа апарып жапсырады)
Қорытынды: <<Топтастыру>> стратегиясы.
Тақтаға күннің дөңгелегін іліп, балалардың бүгінгі сабақта немен танысқандарын сұрап, айтқан балаларға күннің шуағын жапсыртып сабақты қорытындылау.

Тәрбиеші:-Балалар, енді сабақ барысында дұрыс жауап беріп алған сыйлықтарыңды (гүлдерді) санайық (балаларға жеке-жеке санату)
Тәрбиеші:-Сабағымыз аяқталды, қане қонақтармен қоштасайық.
Балалар: -Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
«көктем» қабыкен мұқышев
Көктем туралы ақпарат
Жыл мезгілдері. Е.Елеубаев
Көктемде алғаш шығатын гүл
Жыл мезгілдері жайлы ақпарат
Абай. "жазғытұры" 3 -сынып
М.дулатов «қош келдің, наурыз!»
Нан қоқымын баспа
Жыл мезгілдерінің суреттері
Балалардың жұмыстарын талдау
Пәндер