Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану

Файл қосу

Адамның мәңгілік қасиеті

<<Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы №21 орта
мектебі мектепке дейінгі шағын
орталығымен>> мемлекеттік
мекемесінің 4 <<Ә>> сынып жетекшісі:
А.З.Аханова
Өзін-өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Адамның мәңгілік қасиеті
Сабақтың мақсаты: Рухани адамгершілік тәрбиесінде оқушыларды отаншылдыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптерді ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыру.
Міндеттері: 1. Өзін-өзі тану пәнінен төрт жыл бойынша
алған білімдерін жинақтау.
2.Өзін өзі белсенді етуге дайын,орташа өмір
сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті
шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және
қалыптастыру.
3. Өзін және өзгені сыйлай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, С. Алпысқызының суреті, түрлі-түсті қағаз.
1.Шаттық шеңбері:
Оқушылар шеңбер құрып тұрып бір-бірімен амандасады. Балалар қосылып ән шырқайды <<Біз бақытты баламыз>> әні
2. Әңгімелесу:
Мұғалім оқушыларға сұрақ қойып, әңгімелеседі:
-Осы уақытқа дейін өзін-өзі танудан не үйрендік?
-Өз бойыңыздан қандай жақсы қасиеттерді көргіңіз келеді?
-Достарыңызға қандай кеңес берер едіңіз?
Тақтаға қарайықшы, не көріп тұрсыңдар? Осы дәйек сөздердің мағынасын ашу арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтаймыз.
Дәйек сөз
1.Адамгершілік әр адамға тән асыл қазына.(халық даналығы)
2.Өзін тануды білмеген адам, басқаны қалай танымақ.(Аббас Сайар)
3.Ең қатігез адамдар, өзінің пікірінің дұрыстығына қатты сенетін адамдар.(Л.Толстой)
4.Мейірімділік көрсетпеген кісіге, мейірімділік жасалмас.(Қ.Әшірбекұлы)
5.Адамгершілік қасиеті- мәңгілік.(халық даналығы)
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Адамның мәңгі қасиеті. Олай болса осы өзін-өзі тану пәні- рухани адамгершіліктің қайнар көзі. Әрбір ата-ана баласының қабілетті,талантты,ізденімпаз болып өскенін қалайды.
Өзін-өзі тану пәні баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, ұқыптылықа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұрпақ бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға негізделген. Халықта ағаш түзу өсу үшін-оған көшет кезінде көмектесуге болады,ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған. Әрбір ата-ана, ұстаздар ең бастысы балаларымыз нағыз адам болса екен дейміз.
Слайдпен жұмыс.
Қазақстанның бірінші ханымы С.Алпысқызының суреттері, марапаттары . С.А. Назарбаева қайырымдылық қызметі үшін <<Достық>> орденімен, Философияда өзіңді - өзің таны және оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы І - дәрежелі алтын медалімен, <<Юнити>> халықаралақ сыйлықтың, СОС Киндердорф Халықаралық қорының алтын медалі, БҰҰ - ЮНИСЕФ халықаралық қорының ескерткіш медалі, Исхан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығы, Халықаралық <<Алтын жүрек>> сыйлықтарымен марапатталған.

Тренинг
Ал балалар алдарыңыздағы бос параққа адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді жазып шығайық. Оқушылар осы жағымсыз (негатив) жазылған парақтарды жыртып,қоқыс шелегіне тастайды. Ендеше осындай жаман, ұнамсыз істерден, қасиеттерден бойымызды аулақ ұстауымыз керек. Енді адамдар бойындағы жақсы қасиеттерді стикерге жазып, жүрек тұсына жабыстырады. Ал осы жақсы қасиеттерге қол жеткізу үшін ізгі істерге бойымызды үйретуіміз керек.
Бейне материалдар көру: "Алып піл>> атты мультфильмнен үзінді көрсетіледі. Осы үзіндіден қандай жақсы қасиеттерді көріп тұрмыз? Алып піл тиінға қандай қамқорлық жасады? (талдау)
Қорытындылау: Енді сіздердің осы сабақтан қандай әсер, қандай ой түйгендеріңізді білгім келеді? Сіздердің ойларыңызбен толық келісемін,адамгершілік қасиетіміз әрқашан мәңгілік болсын.
Мұғалім: Міне оқушылар сабағымыз өз мәресіне жетті. Сабақтың басында біз шаттық шеңберімен,әнмен бастадық енді сіздерді ортаға шақырамын.
Жүректен жүрекке:
Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрады. Оқушылар бір-біріне тілектерін білдіреді.
Мейірім өлеңін оқу:
Мейірімділік ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң, сазды әуенмен тербетілер бесігің
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын ананың көмек сұраған.
Оу адамзат сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны сіздерден әр кез сұранам.

Ұқсас жұмыстар
Күз өлеңі
Жүсіп Баласағұн Құтты білік дастаны
Магнит
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар
Ерлік – елдің қасиеті
Өткенді қайталау. Қазақ тілі
"Қазақстан - 2050: ұлт идеясы - мәңгілік ел" шебер класс
Аталар ерлігі - ұрпаққа үлгі
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
Жақсы қасиет отбасынан дариды
Пәндер