Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Инклюзивті сыныптардағы білім беруді ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Қарқаралы аудандық білім беру бөлімі
Тақырыбы: Инклюзивті сыныптардағы білім беруді ұйымдастыру.
Орындаған : №6 орта мектептің қазақ тілі,әдебиеті пән
мұғалімі Мукишева Д.А.
Тамыз маслихаты. 2015жыл.
Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғам өміріне бейімдеу, өмірге араластыру.
Міндеті: ● Қоғамның көзқарасын өзгерту
● Жолдастарымен тіл табыса білуге үйрету
● Толық білім алуды ұйымдастыру
● Қоршаған ортаға бейімдеу
● Дені сау балалармен тең ұстау
● Өз-өзіне сенімін арттыру.
Жүзеге асу жоспары:
● Коррекционды сыныптар
● Техникалық құралдар мен жабдықтар
● Педагогикалық- психологиялық консилиум
● Дефектолог жұмысы
● Логопед жұмысы
● Педагогикалық-психологиялық коррекциалық кабинет
● Невропатологтың жұмысы.
Әр бала үшін ең алғаш мектепке бару ең жауапты да қиын кезең. Ал мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін бұл кезең әлдеқайда эмоциялық жағынан да, психологиялық жағынан да ауыр болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі инклюзивті білім беру қағидаларына бет бұрды. Бұл арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу. Әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиісті.Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірбие көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Инклюзивті білім беру немесе <<білім баршаға>> бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек <<Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында>> көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:
-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді. Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы <<кедергісіз аймақтар>> құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы. Қазіргі жас ұрпақ біздің болашағымыз. Бұл жас ұрпақтың ішінде қарапайым балалар да, даму мүмкіндігі шектеулі балалар да бар.Ендеше бұл балаларды бөлмей, бәріне бір көзқараспен қарап,олардың болашағына жол ашуға көмектесейік.Әрине бұны жеңіл деп айта алаймын.Бір сәт даму мүмкіндігі шектеулі балалардың орнында болып көрейікші,бізге қандай ауыр болса,оларға бізден де ауыр. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың толық көлемде өмір сүруі үшін қоғам көзқарасы өзгеруі керек.Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаудағы өзекті мәселе - инклюзивтік білім беру. Инклюзивтік білім мүгедек балаға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді.Көшеде өзінің жасындағы балалармен ойнап жүрген мектепке дейінгі жастағы балаға жақын жердегі мектепке емес,ерекше жағдайдағы мектепке баратыны жөнінде қалай түсіндіруге болады.Инклюзивті білім беру системасының өзі инклюзивтік қоғамның дамуының тиімді механизмі болып табылады. Инклюзивті білім беру системасын дамыта отырып,біз инклюзивтік қоғам,яғни әрбір адам үшін қоғамды дамытуға жол ашамыз.Инклюзивті білім мүмкіндігі шектеулі балаларға балабақша,мектеп,институт,мектепке дейінгі және мектеп өміріне толық көлемде қатысуына мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларды теңдікке, тең құқылыққа ынталандыру қорына ие. Инклюзивті білім беру пайдасын белгілететін фактілер, ол аталған бағытта білім беруде жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері:
● Сабақ үстінде берілген тапсырманы түсіндіртуге
● Оқушылардың селқостығына
● Сабақ үстінде сыныпта тыныштықты орнату барысында қаталдық танытуға
● Жаттығулармен, соның ішінде қатемен жұмыс, оқу дәптерлерімен жұмыс жасау және басқа да <<отыратын жұмыстар>> жасатуға
● Бір мезгілде жаңа материалды үлкен мөлшерде түсіндіруге
● Бағалауға байланысты стрессқа
● Оқушыларды <<қабілеттілік пен мүмкіндіктеріне>> байланысты топқа бөлуге
● Ынталандырушы әдістемесін жиі қолдануға
● Стандарттық тестілеуге жол бермеу қажет.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастыру мақсатында баланың психофизиологиялық және танымдық мүмкіндіктерінің деңгейін ескеретін, оқытудың нұсқауларын қарастыратын білім берудің арнайы типтік оқу бағдарламалары құрастырылып, бекітілген. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды кіріктіре (инклюзивті) оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар дайындалды.
Жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді табысты ұйымдастырудың жағдайы ретінде баланы білім беру мекемелеріне толыққанды кіріктіруді қамтамасыз ететін бейімделу ортасын құру болып табылады.
2020 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамдық орындарға кедергісіз енуді қамтамасыз ететін материалдық - техникалық жағдайлар жасалып, дене және психикалық жағдайлар жасалып, дене және психикалық дамуында ауытқушылығы бар балаларға жалпы білім беру мекемелерде <<кедергісіз аумақтар>> (пандус, арнайы лифт, арнайы жабдықталған оқитын орындар, арнайы оқу, оңалту, медициналық құрал - жабдықтар және т.б. қосқанда) жасалады. 2011 жылы инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектеп үлесі 18, 9 % (2010 жылы - 17, 7 %) болды.
Қазақстан Республикасының <<Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы>> заңының 15-бабына сәйкес осы санаттағы балаларға арналған жаңа білім беру ұйымдарын салу, жөндеуден өткізу және қайта салу жұмыстарын жүргізу барысында білім беру мекемелерінің <<кедергісіз>> әрі тосқауылсыз болуын міндетті түрде қамтамасыз ету қажет.
Жалпы білім беретін мектептердің сыныптарында оқитын дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту және олармен жүргізілетін түзету жұмыстары мұндай оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып дайындалған жалпы білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Республикамызда 2002 жылдан бастап дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер жасалып, қазақстандық басылымдарды шығару жұмысы жүргізілуде. Бірнеше нұсқада оқыту көзқарасы мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың танымдық даму деңгейіне бағытталған арнайы оқу бағдарламалары мен оқулықтарды қолдануды көздейді.
Республика бойынша мектептердің арнайы оқу әдебиеттерімен, соның ішінде көмекші мектеп оқушылары және көру, есту, сөйлеу қабілеттері бұзылған балаларға арналған пәндер бойынша қамтамасыз етілуі 57% құрайды. 2005 жылға дейінгі басылымдар жалпы аталымдардың санының 40% құрайды.
Есту, көру қабілеттері, тірек - қозғалыс аппарат, сөйлеу тілі, зердесі сақталған психикалық дамуы тежелген балалар жалпы білім беретін мектептердің оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерімен оқиды, яғни қамтамасыз етілуі 100% құрайды.
296 оқулық пен оқу-әдістемелік кешен басылымнан шығарылды, оның ішінде аталымдардың 39% қазақ тілінде, ал орыс тілінде 61% құрайды.
Қазақ тілінде білім алатын дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған оқулықтар, оқу құралдары және дидактикалық материалдар бұған дейін жеткіліксіз мөлшерде дайындалып, шығарылған. Қазіргі кезде қазақ тілінде жеке түзете - дамыту жұмыстарын ұйымдастыру жұмыстары бойынша педагог - дефектологтарға арналған оқыту - әдістемелік құралдар саны көбеюде.
Білім беру жүйесін 12 жылдық оқытудың жаңа мерзімдеріне көшуіне байланысты негізгі жалпы білім беретін мектептерде білім алатын мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға қажетті мерзімді бекіту керек. Мысалы, естімейтін балалар мектептің негізгі бағдарламаларын 12 жыл бойы меңгеруі (0 - мектеп алды даярлық және бастауыш және орта буын) керек. Білім беру жүйесінде оқытудың жаңа мерзімдері енгізілгеніне байланысты барлық типтегі түзету мектептеріне арналған жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтарын өңдеуді талап етеді.
Білім берудің арнайы (түзету) ұйымдарын арнайы құралдармен қамтамасыз ету 2011 жылы 40% бастап 60%-ға жетті (2010 жылы 25% бастап 40,0% болды).
Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуына жағдай жасау мақсатында қызметті кадрлармен тиімді қамтамасыз ету үшін осы санаттағы балаларды оңалту және оларға білім беру мәселелерін шешумен айналысатын органдар мен ұйымдар, психологиялық - медициналық - педагогикалық кеңестер, білім беру басқармасындағы қызметкерлердің біліктіліктерін көтеру және қайта дайындау өте маңызды.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда жалпы білім беретін мектептегі дефектологтың атқаратын ролі туралы айта кететін болсақ, дефектолог - мұғалімнің көмегі өте маңызды.Дефектолог - мұғалім пәндік материалдарды меңгерту үшін түзету- дамыту сабақтарын өткізеді,оқу материалын алдын - ала меңгеруді қадағалайды.
Күтілетін нәтиже:
1. Психофизиологиялық мүмкіндігі дамиды.
2. Оқудағы қиындықтары жойылады, өз ойларын жеткізе алады.
3. Әлеуметтік - адамгершілік қасиеттері дамиды, жағымды мінез- құлық қалыптасады.Өмірге құштарлығы артады.
Барлық бала тең дәрежеде және өз мүмкіндігінше білім алуы тиіс.Инклюзивті білім беру даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қоршаған орта мен жалпы қоғам алдында тең құқылы болуға қолдау көрсетеді.Мектеп тек білім беру қызметін ғана атқармай, бала өмірінде тәрбие берудің де негізгі саласы болып табылуы тиіс.Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік - тұрмыстық өмірге бейімделуін толық қалыптастырып, қоғам өміріне толыққанды енуіне мүмкіндік беретін адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруымыз керек. Жалпы білім беретін мектепте даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы жағдай жасалуы тиіс.Балаға аяушылық, мүсіркеушілік факторлары керек емес,ол балаларға адамгершілік, еңбексүйгіштік, өмірге құщтарлық, қоршаған ортаны сүю,адамдарға өшпенділікпен емес,махаббатпен қарап,тіл табыса алуға үйретуіміз қажет.Басқа дені сау балалар қол жеткізе алатын мүмкіндік ол балалардың да қолынан келетінін баса түсіндіруіміз қажет.Ал осы жағдайларды басты назарға алып, түзету көмегін беретін дефектолог-мұғалім жалпы білім беретін мектептің мұғалімдеріне нұсқаушы болуы керек. Инклюзивті білім беру барлық балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім беру үрдісінің дамуы. Сондықтан да мұғалім - дефектолог мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыптасуына,өз бетімен өмір сүруіне бағыт - бағдар беруі тиіс.Алдымен баланың даму ерекшелігін анықтайтын тесттер арқылы ойының, қиялы мен зейінінің тұрақтылығын анықтау қажет. Ол үшін жалпы білім беретін мектептер ПМПК қорытындысы бойынша көрсетілген,баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен тәрбиелеуі және оқытуы тиіс.Жалпы білім беретін мектептер, сол мектептің арнайы педагогтары оқытатан білімі мен тәрбие үрдісі мүмкіндігі шектеулі балалар үшін <<Өмірлік орнын толтырудың>> тәрбие институты болуы керек.Оны оқуға,жазуға,есепке,еңбектенуге,мәдени тәртіп ережелерін үйреніп,әртүрлі әрекетке икемділігін қалыптастыру маңызды болып саналады. Әрбір педагог, ата-ана,жалпы адамдар даму мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесіп,олардың өмірде өз орнын табуына жағдай жасауы керек.Бұл балалар үшін білім мазмұнын дидактикалық ойындар,түрлі көрнекі құралдар арқылы қалыптастыру өте маңызды болып саналады.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да ойын әрекеті болып саналады. Қай ғалымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде: <<Ойын баланың жетекші әрекеті>> деген сипаттама береді, өйткені ойын баланы ақыл-ой жағынан да, дене жағынан да алға жетелеп, дамытады, баланың ойын өрбітіп, бойын өсіреді. Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында компьютерлік сауаттылыққа баулу-бүгінгі күн талабы. Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен ұйымдастырылған ойын түрлері, балалардың сөйлеу тілінің қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Қорыта айтқанда жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін тәрбиелі, дені сау азаматтарды көп болып тәрбиелеуіміз керек.
Материалдық база
ресурстар
Оқушылардың қабілеті, мүм-рі
ауызша ойын сұрақ икем
жазбаша жауап дағды
жазбаша
Психологиялық дайындық
Ата- оқушы бағдар- жұмыс
ана лама орны
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастыру
Медициналық бақылау
мектепте есепке алу
Пайдаланылған әдебиет тізімі :
1 Ковалев С.В. Психология семейных отношений.- М.: Педагогика,
2 Ковалев А.Г. Психология семейного воспитания. - Мн.:
3 Бреслав Г.М. Эмоциональные особенности формирования личности в
4 Валлон А. Психическое развитие ребенка. - Спб.:
5 Выготский Л.С. Вопросы детской психологии. // Психология.
6 Божович Л.И. Личность и ее формирование в
7 Божович Л.И. Проблемы формирования личности. // Избранные
8 Роджерс К. От психотерапии к педагогике. //Семья
9 Роджерс К. Вопросы, которые я бы себе
10 Рояк А.А. Психологический конфликт и особенности индивидуального
11 Хямяляйнен Ю. Воспитание родителей: концепции, направления и
12 Фрейд 3. <<Я>> и <<Оно>>. //Основной инстинкт.
13 Крайг Г. Психология развития. - Спб.: Питер,
14 Бернс Р. Развитие Я-концепции и воспитание. -
15 Детский сад в Японии. Опыт развития детей
16 Ю.Гордин Л.Ю. Поощрение и наказание в воспитании
17 П.Гриншпун И.Б. Подходы к изучению личности.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz