1836-1838 жылдардағы И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған көтеріліс

Нұрбақыт Әбілқайырқызы Тоғызбаева
№111 орта мектеп
Тарих пәнінің мұғалімі
Алдашбай Ахун ауылы
Қармақшы ауданы
Қызылорда облысы
Сабақтың тақырыбы: 1836-1838 жылдардағы И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған көтеріліс
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға туған жердің тарихын, соның ішінде 1836-1838 жылдардағы көтерілістің себептері, қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызы туралы түсінік беру, Махамбет пен Исатайдың өмірі мен шығармашылығына тоқталу. Қосымша деректер арқылы тарихи білімдерін көтеру.
Дамытушылығы: Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттыра отырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, өздігінен және топ болып жұмыс істеуге дағдыларын жетілдіру, әдебиет пен өнерге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды Исатай мен Махамбет бейнесі арқылы азаматтыққа, жерін сүюге, ұлтжандылыққа, намысшылдыққа, өршілдікке, бірлікке, өз елінің тарихын құрметтеуге, ел қорғаған бабалардың ерліктеріне тағзым етуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдістері: түсіндірмелі, сұрақ- жауап, баяндау, топтастыру, Венн диаграмма
Көрнекілігі: буклет, плакат, слайд
Жабдығы: интерактивті тақта
Пән аралық байланысы: әдебиет, математика, география
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Оқушыларды топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Балалар, біз өткен сабақтарымызда 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісті өткен болатынбыз. Сол бойынша тақырыпты қаншалықты меңгергенімізді білу мақсатында тапсырмалар беремін.
10 (жоғарғы) Көтерілістің басталу себебі, қозғаушы күші
10 (ортадағы) Кенесары кім, біз оның бойынан өзімізге қандай үлгі өнеге қасиет аламыз?
10 ( төменгі) Кенесары бастаған көтерілістің жеңілу себебі, салдары, тарихи маңызы
20 (жоғарғы) Патша үкіметі көтерілісшілерді жазалау үшін қандай әрекеттер жасады?
20 (ортадағы) Кенесары Қоқан хандығының қандай бекіністерін тартып алды?
20 (төменгі) Хан алым-салықта, сауда-саттықта қандай өзгеріс жасады?
30 (жоғарғы) Ұлы жүздің батырлары
30 (ортадағы) Көтерілістің басты мақсаты
30 (төменгі) Қарулы күштерде әкелген өзгерістер
40 (жоғарғы) 1845 жылы хан сарайына жіберген елшілердің қызметі қалай аяқталды.
40 (ортадағы) «Менің мұнда келуімнің келгенімнің мақсаты, сендермен жауласу, қан төгу емес, қайта қазақтармен сендердің бастарыңды қосып, күшейту, Қоқанның қол астынан бөліп алу, қоқандықтардың қысымынан құтқару болып табылады» - деген үндеуді хан кімдерге арнады?
40 (төменгі) Қазақ хандығын қалпына келтіруде қандай өзгерістер әкелді?
ІҮ. Үй тапсырмасын бекіту
Біз өткен сабағымызда 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы мәлімет алсақ. Біз бүгін сол оқиғаның жалғасы ретінде Ресей үкіметіне қарсы болған тағы бір баскөтеру 1836 - 1838 жылдардағы И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған көтеріліс туралы айтпақпыз.
Ү. Жаңа сабақ
Жоспары:
- Көтерілістің шығу себептері
- Көтерілістің басталуы
- Көтерілісшілердің хан ордасын қамауға алуы
- Тастөбе түбіндегі шайқас
- Көтерілісшілердің күшін біріктіру әрекеті
- Көтерілісшілердің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдарлары
- Көтерілістің тарихи маңызы
Көтерілістің шығу себептері:
- Шаруалардың жерден айырылуы
- Алым-салықтың көбейтілуі
- Халықтың малдан, жерден, еркінен айырылуы
- Шаруалардың ата-бабаларының жерінде отырып айып төлеуі
- Жәңгір хан салған салықтардың түрінің көбеюі
Көтерілістің басталуы
Көтерілістің басталған уақыты-1836 жыл.
Қозғаушы күші- бақташы қазақтар.
Жетекшілері: Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы
Осы көтеріліс жетекшілеріне жеке- жеке тоқталсақ:
Исатай Тайманұлы
Дүниеге келуі: 1791 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмындағы "Тайман жалы" деген жерде дүниеге келген.
Беріш Тыныс, Наурыз, Бақай, Дәулет Тілеуке Есіркеп, Шағатай, Ағатай БоқайСарт, Жаңғабыл, Бекәлі Тайман ИсатайАқай, Оспан, Жақия, Дінислам --- ШахметАқан, Шомақ, Ахмет, СарыҚұрмет, Құрман (қазіргі ұрпақтары Атырау облысында тұрады)
Шешесі: Нағибала, әйелі - Несібелі
Қызметі: 21 жасында Беріш руының старшинасы
Тұлпары: Ақтабан
Қайтыс болған жері: 1838 жылы 12 шілдеде Қиыл мен Ақбұлақ өзендерінің бойында
Сүйегі: Қиыл өзені бойындағы Шолақмолада жерленген.
Махамбет Өтемісұлы
Дүниеге келуі: 1804 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарайтын Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген.
Беріш НәдірМәлінің(Құлмәлі, Құлманияз) қалмақ әйелінен Қобылай, қазақ әйеліненШыбынтай, ӨтемісБекмағанбет, Махамбет, Исмайыл, Досмайыл, Қожахмет, Қабыланбай, Хасен, Сүлеймен, Ибрайым, Мұса, Махамбеттен Нұрсұлтан--- Сауғабай--- Мырзағали, Шәкір (қазір ұрпақтары Башқұртстанда тұрады)
Ақын, күйші
Күйі: 11, «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен 1982 жылы жарық көрді.
Қайтыс болған жылы: 1846 жылы өз үйінде қастандықпен қаза табады.
Бейіті: Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қараой деген жерде.
Хронологиялық кесте
1837 жылы
13 желтоқсан
Көтерілістің жеңілу себептері:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz