Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

Төрт түлік жайлы

Әдебиеттік оқу 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік
Мақсаты: Төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту, ұғымдарын толықтыру, байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, сөздік қорын байыту; Балаларға жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігін оятып оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: үй жануарларының суреті, дидактикалық ойынға қажетті құрал-жабдықтар
Әдіс - тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жүмыс, ойын, әңгімелеу
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің байланысы: қоршаған ортамен таныстыру, құрастыру, сурет.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ашық сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Сәлеметсіңдер ме,балалар! Көңіл күйлерің қалай? Олай болса алдарыңдағы кез келген шарларды алып тілектеріңді айтып бір-біріне сыйлаңдар. Алған шарларыңмен енді топқа бөлініп отыра қалайық.Қызыл,сары шарлар бойынша сынып екі топқа бөлінеді

Үй тапсырмасын сұрау
<<Көл>> өлеңінен ұнаған шумағын жатқа сұрау
Картадан Алакөл,Балқаш,Зайсан,Марқакөл көлдерін көрсету

ІІІ. Қызығушылықты ояту

-Балалар,мына суреттен не көріп тұрсыңдар?
-Қайсылары артық екен? (доп,балапан,тышқан,пингвин,қоян,түлкі)
-Сонда мына бір-біріне қай суреттерді жақын дер едің?
-Иә,оларды біріктіріп қалай атауға болады? (үй жануарлары)
Мағынаны тану
Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Осылардың барлығы төрт түлік малға жатады.

Төрт түлік - түйе, жылқы, сиыр және қой-ешкі малдары. Малдың шығу тегі туралы қызықты аңыз көп. Солардың біріне құлақ ассақ түйе - сордан (сотаң, ащы шөпке әуестігі, шөлге шыдамдылығы ескерілсе керек), жылқы - желден (желден жүйрік), сиыр - судан (сулы-нулы қонысқа үйір), қой - пейіштен (жуас, момын, шаруаға қолайлы), ешкі - тастан (тау-тасқа секірген жеңіл мінезді) жаратылыпты.Суретке қарап әр малдың өз төлдерін тауып айтады

Оқулықтағы мәтінмен танысу.
-Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
Өлеңнің 1-ші шумағын мұғалім оқиды,қалған 4 шумақты 2-топ өздері оқиды
-Балалар,түсінбеген сөздерді түртіп алып отырыңдар,сосын сөздерге түсінік жасаймыз
Сөздік жұмысы.
Жүген-
Көген- төлдің мойнына байлайтын жіп
Ноқта-
Бұйда-
Құрық-
Күнұзын-
-Балалар,келесі тапсырма топтарға беріледі
1-топ Қой-ешкі мен түйенің пайдасын айтады
Түйенің төлі бота. Түйе тікен жейді, су ішеді. Ботасы сүт емеді. Түйенің сүтін - шұбат деп атайды. Түйе мінсе көлік, сойса ет, сүті дәрі. Түйенің пірі - Ойсылқара.
Қойдың төлі қозы. Қой шөп, жем жейді, су ішеді. Қозысы сүт емеді. Қойды сойса ет, терісінен түрлі заттар жасайды. Қойдың пірі - Шопан ата.
Ешкінің төлі лақ. Ешкі шөп, жем жейді, су ішеді. лақ сүт емеді. Ешкіні сойса ет, терісінен түрлі заттар жасайды. Ешкінің пірі - Сексек ата.

2-топ Жылқы мен сиырдың пайдасын айтады
Сиырдың төлі бұзау. Сиыр жем, шөп жейді, су ішеді. Бұзау сүт емеді. Сиыр сауса сүт, сойса ет, терісінен киім тігеді. Сиырдың пірі - Зеңгі баба. Сиырдың сүтінен қаймақ, айран, сүзбе, құрт, май, ірімшік алынады.
Жылқының төлі құлыншақ. Жылқы сұлы, жем жейді. Құлыншақ сүт емеді. Жылқының сүтін - қымыз деп атайды. Жылқы мінсе көлік, сойса ет, сүті дәрі. Жылқының пірі - Қамбар ата.
Сергіту сәті: <<Дұрыс па,бұрыс па?>> ойынын ойнайық
Мен төрт-түлік малға қатысты сөздер айтсам шапалақтаймыз, басқа сөздер айтсам шапалақтамайсындар
Мысалы: Қой-шапалақ, түлкі-шапалатамайды,т.б.

Мұғалім: Балалар,мына белгі нені білдіреді? (ойлануға берілген тапсырма)
-Дұрыс, <<Ел құты-төрт түлік мал>> дегенді қалай түсінесіңдер?
1-топ: Төрт түлік малға байланысты тыйым сөздер тауып жазады
1. Малды бастан ұрма.
2. Малға теріс мінбе.
3. Малды теппе, төкпе.

2-топ: Төрт түлік малға байланысты мақал-мәтелдер айтады
Мұғалім: -Балалар,төрт түліктің жаңа туған кезіндегі атауларын жаз.Сол төлдер келесі жылы қалай атаатыны туралы кестені толтыр
Жастары
Туғанда
1-жас
2-жас
3-жас
Қой-ешкі
Қозы-лақ

Сиыр
Бұзау

Жылқы
Құлын

Түйе
Бота

Ойтолғаныс:
* Біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде не туралы өттік?
* Үй жануарларына нелер жатады екен?
* Жануарлардың төлдерін не деп атаймыз?
* Жануарлар қалай дыбыстайды?
* Балалар, үйымдастырлған оқу іс-әрекетіне қатысқандарыңызға рахмет, мадақталады.

Үйге тапсырма: өлеңнен кез келген шумақты жаттау, ұнаған төрт-түлік малдың суретін салып келу
БағалауСабақ басында таратылып отырған жұлдызшалардың санына қарай бағалау

Ұқсас жұмыстар
Ақ бұзау өлеңі. Жуан дауыстылар А, О, Ұ, Ы
Қой жайлы ақпарат
Төрт түлік. 3-сынып. орыс мектебі
Төрт түлік атасы
Төлдердің суреттері
Сиырдың пайдасы
Төрт түлігім - ырысым
Төлдер қалай дыбыстайды
Мөлдір мен Аяжан Төрт түлік малдың балаларын сүюі
Инетербелсенді тақтадан оқып берем
Пәндер