5-сынып қазақ әдебиеті сабақ жоспары: Жұмбақ шешу

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Оқытушының аты-жөні: Акимжанова Гаухар Сауалхановна

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сынып: 5 «Б» 5 «А»

Мерзімі : 16. 11. 2015 18. 11. 2015

1. Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ шешу

2. Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Жұмбақтар, олардың мәні, жұмбақтардың ой шапшаңдығына тәрбиелейтін ерекшеліктері жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, білім, білік, дағдыларын, логикалық ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілік санасын қалыптастыру, халық өнегесін үйрету, тапқырлыққа тәрбиелеу.

3. Сабақтың түрі: ББД дамыту сабағы

4. Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы

5. Сабақтың жабдығы: үлестірмелі парақшалар, кестелер

6. Пәнаралық байланыс: тарих, орыс әдебиеті

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезең: Амандасу, оқушыларды түгендеу, кабинеттің тазалығын қадағалау, жаңа білім беру сабағына дайындық жүргізу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: «Ой шақыру стратегиясы». Мақал-мәтел дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

1. Топтастыру. «Жұмбақтар».

2. Оқулықта берілген жұмбақтарды оқып, шешуін табыңдар.

ІҮ. Бекіту кезеңі:

1-қадам. «Білу». Қандай тақырыптарға топтастырылған жұмбақтармен таныстыңдар?

2-қадам. «Түсіну». Неліктен күнбағысты күнге теңейміз?

3-қадам. «Талдау». Мақал-мәтелдер ман жұмбақтарды таныстырыңдар. Жауаптарыңды Венн диаграммасы арқылы көрсетіңдер.

4-қадам. «Жинақтау». Бір-біріңе жұмбақ жасырыңдар.

5-қадам. «Қолдану». 1. Өздерің қалаған заттың атынан жұмбақтап сөйлеңдер немесе қимылмен көрсетіңдер. Басқа оқушылар не екенін анықтасын.

2. Балалар! Жұмбақ жасырудың өзіндік әдістері мен тәсілдері бар екен. Ол үшін жұмбақ құрастырудың логикасын білуіміз керек. Алдымен тірек кесте жасап үйренейік. Мысалы, «Доп» сөзіне жұмбақ жасырып көрейік:

Неге ұқсайды?
Айырмашылығы қандай?
Неге ұқсайды?: Алма
Айырмашылығы қандай?: Жеуге болмайды
Неге ұқсайды?: Шар
Айырмашылығы қандай?: Жарылмайды
Неге ұқсайды?: Қандай?
Айырмашылығы қандай?: Тағы неге ұқсатуға болады?
Неге ұқсайды?: Домалақ
Айырмашылығы қандай?: Қарбыз
Неге ұқсайды?: Резеңке
Айырмашылығы қандай?: Дөңгелек
Неге ұқсайды?: Не істейді
Айырмашылығы қандай?: Тағы не сондай?
Неге ұқсайды?: Ұшады
Айырмашылығы қандай?: Құс
Неге ұқсайды?: Секіреді
Айырмашылығы қандай?: Қоян

Кестеде көрсетілген белгілерді пайдалана отырып, қандай жұмбақ құрастыруға болады? Қане, кім тапқыр? Мысалы, «Үстел» сөзіне келесі тірек кестені жасауға болады:

Бөліктерді атауы
Бөліктер саны
Бөліктерді атауы: Аяқтары
Бөліктер саны: 4
Бөліктерді атауы: Қақпағы
Бөліктер саны: 1

Кестеде көрсетілген бөліктер бойынша «Төрт аяқты, бір қақпақты. Ол не?» деген жұмбақ құрастыруға болады екен. Бір-бірлеріңе жұмбақ жасырып көріңдер. Кімнің жұмбағы сәтті шығар екен?

6-қадам. «Баға беру». Қалай ойлайсыңдар, жұмбақтардың пайдасы бар ма? Жұмбақ құрастыру оңай ма, қиын ба?

Ү. Қорытындылау: Рефлексия. Сендерге сабақ ұнады ма? Қандай тасырмалар ұнады?

Қай тапсырмалар қиын болды?

ҮІ. Үйге тапсырма: 51-бет. Тыйым сөздері жаттау.

ҮІІ. Бағалау: Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды бағалау.


Ұқсас жұмыстар
5-сынып қазақ әдебиеті: Қаңбақ шал ертегісіне арналған сабақ жоспары
5-сынып қазақ әдебиеті: Ә. Тәжібаевтың Толағай ертегісіне арналған сабақ жоспары
5-сынып қазақ әдебиеті сабақ жоспары: Ілияс Жансүгіровтің Күй поэмасын талдау
5-сынып: Мақтақыз бен мысық ертегісіне арналған қазақ әдебиеті сабақ жоспары
5-сынып қазақ әдебиеті: Абай Құнанбайұлының Қыс өлеңіне арналған сабақ жоспары
5-сынып қазақ тілі мен әдебиеті сабақ жоспары: Сусыз өмір жоқ
5-сынып қазақ әдебиеті сабақ жоспары: Қ. Шаңғытбаевтың Сабалақ өлеңін тарихи тұрғыдан талдау
5-сынып қазақ әдебиеті: А. Сейдімбектің Әйел-ана әңгімесіне арналған сабақ жоспары
5-сынып қазақ әдебиеті: Ахмет Байтұрсынұлының Балаларды оқуға шақыру өлеңіне арналған сабақ жоспары
5-сынып: М. Әуезовтің Ақын қонақтар әңгімесі бойынша қазақ тілі мен әдебиеті сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz