Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Презентацияларды безендіру, көрсету

Информатика пәні 6 сынып 23.02.2016ж 3 сабақ
Сабақ тақырыбы:
Практикалық жұмыс <<Презентацияларды безендіру, көрсету>>
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Microsoft Power Point бағдарламасында кесте, сурет, бейне мен дыбыс кірістіруге түсінік беру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Дамытушылық:Оқушыларды шығармашылыққа баулу. Олардың шығармашылық сауаттылығын және компьютерлік шеберлігін дамыту;
Тәрбиелік:Оқушылардың ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар Microsoft Power Point бағдарламасында кесте, сурет, бейне мен дыбыс кірістіруге үйренеді.Білімдерін бір жүйеге келтіреді.Топпен жұмыс орындап ойын ортаға салады..
Сабақ әдіс-тәсілдері: Венн диаграммасы, БББ кестесі,тест тапсырмалары,сұрақ жауап,өз беттерімен жұмыс
Сабақ түрі: Сыни тұрғыдан ойлау бойынша дамыту оқыту
Сабақтың типі: білім бекіту сабағы
Сабақ көрнекілігі:компьютерлер, үлестірме қағаздар, ұпай парақшалары, электронды тақта,маркер
Сабақтың өту барысы:
1. Қызығушылықты ояту.
Үй тапсырмасын тексеру
БББ кестесін толтыру: 1,2 бөлігін толтыру
Ыстық орындық стратегиясы
2. Мағынаны тану
Шебер қолдар-ойыны
Практикалық тапсырмаларды орындау - көрсетіп қорғау
3.Ой толғаныс
"Ізденген жетер мұратқа..." Тест жұмысы
Венн диаграммасы .
БББ кестесін толтыру (3 бөлігін толтыру)
Үйге тапсырма беру.
Бағалау.
Кері байланыс.
Сабақтың барысы:
1. Қызығушылықты ояту.
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Психологиялық тренинг арқылы ынтымақтастық атмосферасын орнату. <<Шаттық шеңберіне>> оқушылар тұрып, алақандарының жылуы арқылы ашық сабаққа сәттілік тілейді. Бағалау парағын әр оқушыға беру.
Сұрақ -жауап
Ыстық орындық
Шебер қолдар -ойыны
"Ізденген жетер мұратқа..." тест
Вен диаграммасы

Үй тапсырмасын тексеру
- Сұрақ - жауап әдісі
Презентация дегеніміз не?
Презентацияға жаңа слайдты қалай қосуға болады? (Ентер арқылы)
Презентация құруға арналған бағдарлама қалай аталады?( Microsoft Power Point)
Ребус шешу
Ребустың жауабы: Компьютер
БББ кестесін толтыру: 1,2 бөлігін толтыру
Нені білемін?
Нені білгім келеді?
Нені білдім?

-<<Ыстық орындық>> стратегиясы арқылы теориялық материалдарды еске түсіру
1. Microsoft Power Point бағдарламасын қалай ашамыз?
2. Microsoft Power Point бағдарламасында жаңа слайдты қалай қосамыз?
3. Файлды-алғаш реет сақтау үшін қолданылатын команда.
4. Microsoft Power Point бағдарламасында слайдтарды үлкен экранға шығару командасы қандай?
5. Презентация шаблонын қандай меню арқылы түрлендіре аламыз?
6. Презентация латын тілінен немесе ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді?
2. Мағынаны тану
<<Шебер қолдар- ойыны>>
Практикалық тапсырмаларды орындау-көрсетіп қорғау
Өздерің таңдаған тақырыпқа слайд- презентация жасау,оны қорғау.
<<Екі жұлдыз - бір тілек>> қорғалынған презентацияға пікір.
- Сергіту сәті
3.Ой толғаныс
"Ізденген жетер мұратқа..." Тест жұмысы арқылы сабақты бекіту.
1. Слайдты үлкен экран етіп қарауға мүмкіндік беретін перне:
А) F7
Ә) F5 +
Б) F1
В)F4
2.Слайдқа бейне қою командасы:
А) Вставка - Рисунок
Ә) Вставка - Звук
Б) Вставка - Фильм +
В) Вставка - Клип
3. Слайд бетіне суреттер, кестелер қою менюі (мәзірі):
А) Файл
Ә) Вставка +
Б) Показ слайдов
В) Дизайн
4. Үлкен экраннан шығу пернесі:
А) Tab
Ә) Alt
Б) Delete
В) Esc +
Венн диаграммасы
Презентация мен плакаттарды салыстыру.

Презентация Плакат

БББ кестесін толтыру (3 бөлігін толтыру)
Нені білемін?
Нені білгім келеді?
Нені білдім?

Үйге тапсырма беру:
1) <<Аналар мерекесі>> тақырыбына презентация құру.
Бағалау.
Бағалау критерийлері
Сұрақ -жауап
Ыстық орындық
Шебер қолдар -ойыны
"Ізденген жетер мұратқа..." тест
Вен диаграммасы

5 ұпай - <<5>> 3-4 ұпай - <<4>> 2 ұпай - <<3>>
Кері байланыс орнату. Жарық шамының жоғарғы бөлігіне қандай жаңалық болды. Төменгі бөлігіне не түсініксіз.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Вьюшкова Е.А., Параскун Н.В., Бекетауов Б.А.,8 сынып информатика оқулығы Арман ПВ -2015ж :
2. Жақсылықова Г.И.,Каженова А.М.,Исмагилова Н.З <<Интербелсенді әдіс-тәсілдер>> әдістемелік құрал, Өскенмен-2014ж;
3. <<Математика,информатика,физика>> журналы №3, 2015 ж,
4. Интернет материалдары:
Ашық сабақ сайты ustaz.kz
Ұстаздар сайты u-z.kz.

Шығыс Қазақстан облысы,
Зырян ауданы,
<<Киров орта мектебі>> коммуналдық мемлекеттік мекеме

Сабақтың тақырыбы:
Практикалық жұмыс <<Презентацияларды безендіру,көрсету>>

Асанова Гульшат Куанышевна
Информатика мұғалімі

Ұқсас жұмыстар
Презентацияларды құру. безендіру шаблондары. 6-сынып
Презентациялар үлгітүрі
Безендіру шаблондары
Презентация ұғымы
Сабақтың тақырыбы Презентацияны демонстрациялау
Көрмелерді безендіру және көрсету
Powerpoint бағдарламасының жалпы мүмкіндіктері
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Power Point та дайындалған презентацияны суреттер арқылы безендіру
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Пәндер