Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану
Файл қосу
Жер-ана жерді қадірлеуге тәрбиелеу
Пәні: Өзін-өзі тану
Сынып: 4 <<Б>>
Тақырыбы: <<Жер-ана>>
Мақсаты: Оқушыларға <<Жер ана>> ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
- жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- жерге қамқорлық жасау қарым-қатынастарын дамыту;
- жерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімді игеру сабағы
Ресурстар:үнтаспа, интерактивті тақта,слайд, 3постер таза, қарындаштар, глобус, қоржын, көбелектер, гүлдер, шуақтар қималары, табиғат көрініс плакаты, тақырып жазылған плакат, дәйексөз жазылған плакат, 5Т жазылған плакат, кабинет шарлармен әсемделеді
Құндылық Қиянат жасамау
Қасиеттер
1. Бірлікте болу;
2. Қоршаған ортаға қамқорлық;
3. Жерді сүю,қадірлеу
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Амандасу. Түгендеу.
5 Тережесін еске салу тақтаға плакат ілу
Тәртіп Талап Тыныштық Тазалық Татулық
Бүгінгі күн ерекше
Терезеден күн тұр қарап
Сондай жақсы көңіл-күймен
Басталады бұл сабақ
Балалар, бүгінгі сабақ ерекше, себебі бізге қонақтар келіп отыр, олар да сіздер сияқты өзін-өзі тану пәнін сүйер қауым, сондықтан да бұл <<ашық сабақ>> деп аталады. Ойымызды, жүрегімізді барынша ашып, мейірімізді бір-бірімізге төгіп отыруға ұсынамын.
Тыныштық сәті.Баяу әуен қосу.
Денемізді бос ұстап, аяғымызды айқастырмай, қолымызды тізеге қойып, көзімізді жұмамыз.
Көз алдарыңызға жайма шуақ күнді елестетіңіз. Күннің нұры төбеңізде жарқырап тұр.Сәулесі басыңызға келіп денеңізге енді. Денеңіздің әрбір мүшесіне тарап, өз шуағын шашуда. Күн нұры бар денеңізге тарағанын сезініңіздер, бар денеңіз нұрланды қолдарыңыз тек игі істермен айналысуға, ал аяқтарыңыз жақсы жерлерге баруға, көздеріңіз жақсыны көріп,тілдеріңіз жақсы сөз айтуға даяр. Сіз нұрлы адамсыз... Ойша: <<Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде, менің жүрегімде... деп айтыңыз
Көзімізді ашып, сабағымызды бастайық.
Мағынаны тану
Назарларыңызды тақтаға аударсаңыздар.Сөзжұмбақты шешіп көрелік
Тақтаға сөзжұмбақ жасыру.
Жылқы(төрт түлік мал-жылқы)
Елтаңба(меклекетіміздің нышандарының бірі-елтаңба)
НауРыз(көктем айы-наурыз)
-
Астана(елордамыз-Астана)
күН (бәрімізге ортақ,жылуын сыйлайтын)
ХАсен(облысқа танымал, ауылымызға әйгілі ақын ағамыз Хасен Закария)
Тамаша, балалар негізгі сөзді таптық бірге оқиықшы<<Жер ана>> Міне бүгінгі біздің сабағымыз осы тақырыпқа арналады.(Тақтадағы тақырыпты көрсету)
Әңгімелесу.(Глобусқа назарларын аудартып сұрақтар қою).
1.Жаздыгүні ақ жаңбыр өткен сәтте, қандай сезімде боласыздар?
күтілетін жауап: маған өте бұл сәт ұнайды, жердің шаңы басылып, мұрныма бір жупар иіс келеді, шөптің бе, әлде гүлдердің бе бірақ тіпті басым айналады
Ал маған көктем мезгілі ұнайды, бұл кезде дала бір ұйқыдан оянып бара жатқандай әсер аласын.
2.Неліктен адамдар жерді Анаға теңейді ?
Себебі жер барлық тіршіліктің өмір сүретін мекені.Жер де ана сияқты өмірге баласын әкеліп, оған бар мейірімін, қамқорлығын береді
Үй жұмысы: аңыз әңгімені оқып келу
Қаңбақ
(Аңыз әңгіме)
Бір бай баласының он үшке толған күніне арнап, қонақтар шақырыпты. Қариялар дастархан басында отырып, әңгіме-дүкен құрса, жастар жағы көкорайда күш сынасып ойнапты. Біреудің буырқанған күші үшін, біреудің әдемі айла әрекеті үшін қол соғып, мәз болысыпты. Бірақ бай баласынан жұрт мақтарлық қасиет таба алмапты. Ешқандай өнер көрсете алмаған можан-топай баласы үшін бай іштей налып қалыпты. Жоқтық көрмей, шалқып өскен жалқау баланың қолынан не келуші еді?! Бар білгені - түкіру. Оқыстан келген ойға бай қуанып кетіп, кім алысқа түкірсе, соған беріледі деп, бәйгеге тайлақ тігіпті. Өзінен өзі белгілі: бұл жарыста бай баласы алдына жан салмайды. Жүлдені сол алады. Қуанғаннан әке көңілі өсіп, тағы бір семіз ісек сояды. Ішіп-жеп, тойғанына мәз болған халық бай баласын мақтап бағады. Кешқұрым жел тұрып, құм боран соғады. Үш тәулікке созылған дүлей дауылдан, оның ыстық демінен көкорай шалғын қурап, құдықтарды құм басып қалады. - Бұл неғылған зауал?!-дейді әрлі-берлі өткендер. - Жер- біздің анамыз,- дейді бір ақылды азамат. - Жерге түкіру деген не сұмдық?! Жерді ренжітуге болмайды. Жердің бетіне тиген түкірікті көздің жасы мен ғана жуа алады. Елдің айтуына қарағана бүгінде сол жерде шөлге айналған тәрізді. Күн қақтаған тулақ далаға тек қана түйетікен өсетін көрінеді. Ал ауыл адамдары қайтті дейсіз ғой?! Қайтсін, үдере көшеді. Қаңбақ сияқты әлі күнге босып жүрген көрінеді.
Талқыланатын сұрақтар:
Бұл әңгімеден қандай ырымды байқадыңдар?
Жердің өкпесін неден көрдіңдер?
Жерге жасаған зұлымның салдары бола ма?
2.Жерге қатысты ырым-тыйымдар, мақал- мәтелдер тауып келу. Қане, бөлісіп ортаға салайық(Балалар кезек-кезек тез айтып шығады)
Күтілетін жауаптар:
Ырым тыйымдар
<<Көкті жұлма>>, <<Көкті жұлсаң көктей соларсың>>, <<Тал кескенше, өз қолыңды кес>>, <<Қарағай кессең, қаңғырып қал>>өсіп тұрған ағашты отын қылмаған, қураған немесе тезекті қолданған,,
<<Судың да сұрауы бар>>, <<Өзін ішкен құдыққа түкірме>> табиғат туралы да, қарым-қатынас мағынасына да қолданған .
Аққуды сары ала қазды, бұлбұл мен жалғыз жүрген құсты ауламаған, атпаған Бұлар киелі деп есептеген Кептерге тас атпаған ел тыныштығы кетеді деп есептеген. Үкі қаситті құс, оның үлпілдек жүнін жын-шайтаннан қорғайды деген наным бар.
Құмырсқаның илеуін бұзбайды
Мақал-мәтелдер.
Жер тоймай-ел тоймайды.
Жереге еткен жақсылық, жерде қалмайды.
Жер-ана
Ел-бала
Жауынмен жер көгереді,
Батамен ел көгереді
Жер құтты болса, мал сүтті болады.
Жер көңді жақсы көреді,
Ат жемді жақсы көреді.
Қыстағы қар жерге ырыс,
Жердегі ылғал-елге ырыс.
Дәйексөз
Балалар сіздерге көп рахмет өте ауқымды жұмыс атқарыпсыздар. Ал осы айтылған мақал-мәтелдердің ішінен мен біреуін сіздермен талдағым кеп тұр.
<<Баптағанға-жер жомарт>>
Сіздер қалай мағынасын түсіндіре аласыздар?
Жерді күтіп,баптап,таза ұстау керек. Өйткені Жер - ана жомарт дархан көңілмен адамға барын бергісі келеді.Тіпті қазба байлықтар да жерден алынады.Түрлі жеміс-жидектер де,әсем гүлдер де,тіпті дәнді дақылдар да ұдайы суарып,күтіп баптағаннан кейін көбейе түсетінін түсіндіру мақсатында, дәйексөздің мәнін ашып,оқушылардың түсініктерін тереңірек толықтыру
Балалар дәптердің соңында берілген <<Менің дәйексөздерім>> айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы берілген бетке осы дәйексөзді жазып алады.
Түйіндеу:
Халқымыздың туған топырақ, атамекен, табиғат, жан-жануарлар жалпы жер -ана туралы ұғым түсініктері,мақал-мәтелдері, таным-талғамдары ырымдар мен тыйым сөздерден ерекше орын алған. Қазіргі мекен тұрағымыз, жеріміз экологиялық апат аймағына айналған кезеңімізде көнекөз ата-бабаларымыздың мың жылдық тәжірбиемізден үйренеріміз көп,есімізде сақтап жүрейік деп айтқым келеді. Осы ырым-тыйымдардың ұмыт болғаны неге әкеп соққаның бейнесюжеттен көрсек деп ұсынғым келеді.
Бейнесюжет экологиялық апаттар туралы
Қандай әсер алдыңыздар?
Адамзаттың зиянының салдары қандай?
Жаңа ақпарат.Оқулықтан оқыту
Жерден қасиетті, жерден киелі дүние жоқ. Жер бар жерде ел бар.Ел - ер азаматтың өмір сүрер ортасы. Жер-адамының жарық дүниеге көзін ашқаннан тербеткен бесігі.
Адам өзінің туып - өскенжеріне деген шынайы сүйіспеншілігін,алаулаған сағынышын,қадір-құрметін жүректен шыққан құдіретті сөзбен,ойлы өлеңмен,сазды әуенмен,сырлы суретпен жеткізеді.
Шығармашылық топтық жұмыс.
Сіздер де осы жер анаға деген сүйіспеншіліктеріңізді шығармашылық жұмыс арқылы білдірулеріңізге болады.
Ол үшін сіздер Данышпан атаның жіберген қоржынынан бір-бір қимадан алуларыңызды сұраймын.
(Қоржынның ішінде көбелектер, гүлдер, шуақтар қиындылары жатады)8-ден бөлу
Сонымен, бізде үш топ пайда болды. Гүлдер тобы, көбелектер тобы, және шуақтар тобы. Енді әр топтан бір өкіл келіп тапсырмаларыңызды алуларыңызды сұраймын.
Жер ананы не үшін жақсы көресіздер?
Жер ананы құтқару үшін не істеу керек деп ойлайсыздар?
Жер-ананы көркейту үшін қандай мамандық иесін таңдайсыздар?
Осы сұрақтарды ашу үшін әр топтың алдында постер мен түрлі түсті маркерлерді қолданып жоба жасауларыңызды сұраймын.
Үйге тапсырма.
Балалар мен сіздерге өте ризамын. Жер - анамыздың қадірін түсінгендерін міне, осы жұмыстарыннан көрдім. Осы шабыттанған күйі сіздер үйден <<Жер-ана>> тақырыбына сурет салып, өлең шығарып немесе ой-толғау жазып келулеріңізді сұраймын.
Топпен ән шырқау.
Балалар көңіл-күйлеріңіз қалай?
Көңілімізді көтеру үшін тұрып, әнді топпен, билеп айтуға ұсынамын
<<Әрқашан күн сөнбесін>>
Күн әлемі
Көк алемі
Бұл суреті жас баланың
Ақ қағазға салған өзі
Бір шетіне жазылған
Қайырмасы:
Күн әлемі
Көк алемі
Бұл суреті жас баланың
Ақ қағазға салған өзі
Бір шетіне жазылған
Кері байланыс
Балалар алдарыңыздағы көбелек , гүл, шуақтарға бугінгі сабақтан алған әсерлеріңізді, нені түсінгендеріңізді жазып, <<Жер-ана>> макетіне орналастыруларыңызды сұраймын. Енді қараңыздаршы Жер-ана қалай құлпырып шыға келді
Тыныштық сәті.Баяу әуен қосу
Балалар көзімізді жұмып, терең тыныстап, осы бүгінгі сабағымызды ой-елегінен бір өткізіп алуға шақырамын.
Іштей жер-анаға тілек тілеп, көзімізді ашайық. Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет, сау-саламатта болайық.
Сабақты талдау
Пәні: Өзін-өзі тану
Сынып: 4 <<Б>> сыныпта 24 оқушы. Білім сапасы жоғары
8 оқу озаты
13 оқу екпіндісі
3 оқушы орташа оқиды

Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер
1. Бірлікте болу;
2. Қоршаған ортаға қамқорлық;
3. Жерді сүю, қадірлеу
Сабақта қолданған технологиялар: АКТ(ақпараттық коммуникативтік технология),СТО (сыни тұрғыдан ойлау) ,топтық жұмыс. Ойын технологиясы, Ш.Амонашвиллидің оқыту үрдісіндегі ізгілендіру технологиясы.
Жоспар:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Мақсаты:Оқушыларды сабаққа дайындау
2. Тыныштық сәті<<Нұрға бөлену>>. Мақсаты: психологиялық дайындық, көңілді көңіл күй орнату
3. Мағынаны тану. Сөзжұмбақ шешу Мақсаты: сабақтың тақырыбын ашу, мақсатын жариялау
4. Әңгімелесу. Мақсаты: оқушылардың рухани-адамгершілік ой толғауына бағыт беру
5. Үй жұмысы. Әңгімені талдау, зерттеу жұмыстарын жариялау Мақсаты: сабақтың рухани-адамгершілік мәнін ашу
6. Дәйексөз.Мақсаты: оқушылардың түсініктерін тереңірек толықтыру.
7. Түйіндеу Мақсаты: оқушылардың жауаптарын түйіндеу
8. Бейнесюжет. Мақсаты: өмірмен байланыстырып, әлемнің экологиялық ахуалын өз көздерімен көріп, ой түзуге бағыт беру
9. Жаңа ақпарат.Мақсаты: оқулықпен жұмыс істеп, оқу қабілеттерін дамыту
10. Шығармашылық топтық жұмыс. Мақсаты: жобалау қабілеттерін дамыту
11. Үйге тапсырма. Мақсаты: шығармашылыққа шабыттандыру
12. Топпен ән шырқау. Мақсаты: сергіту.
13. Кері байланыс. Мақсаты: түсіну деңгейін тексеру
14. Тыныштық сәті. Мақсаты: сабақтың тақырыбын ой-елегінен өткізу

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz