Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Озаттар слёті - 2016 мерекелік бағдарламасының жүру барысы

"Озаттар слёті - 2016" мерекелік бағдарламасының жүру барысы
1-жүргізуші - Әбибуллаев Ақжол 2-жүргізуші - Тасуова Нұргүл

1-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді қонақтар!
2-жүргізуші: Аяулы ұстаздар!
1-жүргізуші: Ардақты ата-аналар! және
2-жүргізуші: мектебіміздің үздік оқушылары!
1-жүргізуші: Әр оқу жылы сайын өткізілетін дәстүрлі "Озаттар слетіне"
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер!!!
1-жүргізуші: Мектебіміздің үздік оқушыларын сынып жетекшілерімен
2-жүргізуші: қарсы алыңыздар!
/Залға үздік оқушылар сынып жетекшілерімен бірге еніп, орындарына жайғасады/

1-жүргізуші: 2 "А" сынып жетекшісі Бабаева Жібек Шамғалиқызы және үздік оқушылары: Ақжолова Нұрай, Асқарбекұлы Заңғар, Асхатқызы Назерке, Бисенбай Аяна, Еділбаева Сабина, Есболат Арай, Қонысбай Қуанышбек, Қалимұрат Ақниет, Нұрболат Амина, Ысқақ Іңкәр, Жетпісбай Нұрай, Бөлекбай Мұханбетәли, Бахыт Айару, Лезгин Абдулла, Салауат Кәусар.
2-жүргізуші: 2 "Ә" сынып жетекшісі Кенжеханова Алия Мырзахбарқызы және үздік оқушылары: Ұзақбаева Альбина, Ибадулла Саятбек, Саясат Элдар, Мекен Нұралхан, Оралбай Жеткізген, Тайшыбек Ақырыс.
1-жүргізуші: 2 "Б" сынып жетекшісі Бижанова Ботакөз Кабдығалиқызы және үздік оқушылары: Болатова Сабина, Жақай Жасұлан, Еділбек Фариза, Қайратқызы Аружан, Өтепбергенов Саттар, Сенбай Карима.
2-жүргізуші: 3 "А" сынып жетекшісі Бектілеуова Баян Төлепбергенқызы және үздік оқушылары: Өмір Меруерт, Есболат Мөлдір, Жетпісбай Бибінұр, Қаржаубай Гүлназ, Нәзілбекқызы Назерке, Анвар Бағжан.
1-жүргізуші: 3 "Ә" сынып жетекшісі Көшерова Айнагүл Белгібайқызы және үздік оқушылары: Азаматқызы Жұлдыз, Алексей Ақырыс, Исламмағзам Динара, Қыдырқожа Нұрасыл, Қыдырқожа Фатима, Мұңалбай Жанболат, Мүсілім Ақбота, Нұрланбек Бақытнұр.
2-жүргізуші: 3 "Б" сынып жетекшісі Шегебаева Айганым Ұзақбайқызы және үздік оқушылары: Ерденбай Жансая, Ермырза Ақбота, Жайық Альберт, Жалғас Алина, Нұржігітұлы Дулыға, Илес Азамат, Сұлтан Бекнұр.
1-жүргізуші: 3 "В" сынып жетекшісі Нұргалыева Несібелі Мисекенқызы және үздік оқушылары: Шайдуллина Әлия, Бақытқали Айдар, Батырова Гүлнұр, Дүйсен Фариза, Оразбай Ұлданай, Джайжанова Альбина, Жетпісбай Нұржан, Сапармамедов Хамзат.
2-жүргізуші: 4 "А" сынып жетекшісі Отаралиева Гүлсім Мұхамбедиқызы және үздік оқушылары: Орысбай Азиза, Арыстанбек Алина, Шукралина Айдана, Бисалиева Эрика, Бисенбай Ырысбек, Серікқали Ақнұр, Ахмет Нұрдаулет.
1-жүргізуші: 4 "Ә" сынып жетекшісі Жұмашева Жарқынай Тәжібайқызы және үздік оқушылары: Жаумітбайұлы Даулеткерей, Даулетмұратова Моншақ, Бақбергенова Айшабибі, Болатқызы Дариға, Тайжанова Назерке.
2-жүргізуші: 4 "Б" сынып жетекшісі Таңқаев Аманбай Әбітұлы және үздік оқушылары: Әбіт Аружан, Арыстан Аружан, Болат Асылай, Ерболұлы Нұрдаулет, Көкішова Мөлдір, Курентаева Мұнара.
1-жүргізуші: 4 "В" сынып жетекшісі Алиева Санім Жакуқызы және үздік оқушылары: Бердіғали Данияр, Джайжанова Камшат, Суюндикова Мадина, Тұрар Әлішер.
2-жүргізуші: 4 "Г" сынып жетекшісі Бектілеуова Үміт Меңдіханқызы және үздік оқушысы: Қонысбай Асем.
1-жүргізуші: 5 "А" сынып жетекшісі Төлембетова Кенжегүл Жолдасқызы және үздік оқушылары: Джамаладинова Дария, Айбергенова Альбина, Айтқалиева Ақнұр, Жұмажанова Дильназ, Тарасқызы Жанира, Тоян Камшат, Түзелбаева Шынар.
2-жүргізуші: 5 "Ә" сынып жетекшісі Нұрбергенова Нұршуақ Нұрбергенқызы және үздік оқушылары: Едіге Аружан, Жолдас Айсұлу, Срайыл Аружан, Қойшиев Нұрақыл.
1-жүргізуші: 5 "Б" сынып жетекшісі Сақтапова Құралай Дәуітқызы және үздік оқушысы: Абай Ерасыл.
2-жүргізуші: 5 "В" сынып жетекшісі Қойманова Камшат Әбдіхалыққызы және үздік оқушысы: Ходжаназарова Жансая.
1-жүргізуші: 6 "А" сынып жетекшісі Жангирова Нұргүл Болатқызы және үздік оқушылары: Ахметова Ақнұр, Орысбай Жазира, Асхат Айсұлтан, Қуатов Нұрдаулет, Қазыбеков Әділет, Шайдуллина Амина, Сансызбай Нұрахмет, Гвоздь Натали.
2-жүргізуші: 6 "Ә" сынып жетекшісі Жақсығұлова Самал Өрдекқызы және үздік оқушылары: Жолдас Асем, Джубантұрлы Айзада, Нұралынова Адема.
1-жүргізуші: 6 "Б" сынып жетекшісі Абдикадирова Нұрсұлу Мейрамқызы және үздік оқушылары: Жеңіс Жазира, Тұралықызы Ақтілек.
2-жүргізуші: 7 "А" сынып жетекшісі Құсайынова Айгерім Аманғалиқызы және үздік оқушылары: Салауат Нұрзат, Ізтаңатова Таңсұлу.
1-жүргізуші: 7 "Ә" сынып жетекшісі Төлегенова Гүлбаршын Жақсылыққызы және үздік оқушысы: Таңатар Инабат.
2-жүргізуші: 8 "Ә" сынып жетекшісі Аксанова Айымгүл Сарсенбайқызы және үздік оқушылары: Асқарқызы Айнұр, Арыстан Гүлдана, Берікқызы Алия, Аяпбергенова Айгерім.
1-жүргізуші: 9 "А" сынып жетекшісі Мұхамбетова Айгүл Тұралықызы және үздік оқушылары: Елубаева Аймереке, Суюнбаева Индира.
2-жүргізуші: 9 "Ә" сынып жетекшісі Даурбаева Аймекен Түгелбайқызы және үздік оқушылары: Ұзақбаева Баян, Бекбергенов Қайрат.
1-жүргізуші: 10 "А" сынып жетекшісі Темірғалиева Майра Аленқызы және үздік оқушылары: Еламанова Айгерім, Жәкіш Мұхамбетали.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны,
Мектептен басталады бәрі-бәрі.
Бүгінгі Озаттардың слетінде,
Шырқалсын еліміздің Әнұраны!
/ҚР Гимні орындалады/
2-жүргізуші: Дәстүрлі "Озаттар слеті - 2016" мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: Биылғы оқу жылы толағай табыстарға, зор жетістіктерге толы болды десек артық айтқандық болмас.
2-жүргізуші: Оқушыларымыздың жетістіктерден көріне білуі мектебіміздің ұстаздар қауымының қажырлы еңбегінің арқасы екені де анық.
1-жүргізуші: Ал, бір жағынан шәкірттеріміздің тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, "ұстаз-оқушы-ата-ана" үштігінің мықты болуына үлесін қосатын ол әрине, ата-ана.
2-жүргізуші: Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар!
1-жүргізуші: Әрбір балапанын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қызғыштай қоритын, перзенті үшін отқа да күйетін, суға да түсетін, мейірбанды, жылы жүректі, ақкөңіл, ақниетті, ардақты әкелер мен аналар!
2-жүргізуші: Ата-анасын сүйетін, ұстаздарын "Екінші анам" деп білетін, білім алуға жаны құштар, ертеңгі күні еліміздің Туын көкке желбіретіп, саналы да, зор білімге ие болып, еліме адал қызмет етсем деп алдына мақсат қоя білетін шәкірттер!
1-жүргізуші: бүгінгі мереке баршамызға
1,2-жүргізуші /бірге/: Құтты болсын!!!
1-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.
2-жүргізуші: Мерекелік алғашқы құттықтау лебізін білдіріп, бір топ үздік оқушыларымыз бен ата-аналарына Алғыс хаттар тапсыру үшін құттықтау сөз мектеп директоры Даурбаев Келдімұрат Түгелбайұлына беріледі.
/Мерекелік лебіз./
/2-ден жоғары үздік оқушылары бар жанұялар мен 7-10-сынып оқушыларына марапат беру/
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Тарт күйіңді, домбыра,
Төгіл, төгіл, тәтті күй.
Тау суындай сылдыра,
Желпін, желпін, жел соқтыр!

2-жүргізуші: Еңбек елдің жыршысы-ау,
Жанымды бір жадырат.
Көкейіме қондыра,
Тәтті-тәтті әңгіме айт.

1-жүргізуші: Жаңа өмірді жыр қыла,
Шежіре, шешен сұңғыла,
Құлшына тарт, домбыра!
2-жүргізуші: "Гүлдерайым" домбырашылар ансамблін қарсы алыңыздар!
/Сазды сәлем. Домбырашылар ансамблі./
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
2-жүргізуші: Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы -
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін.
1-жүргізуші: Ұстаз жүгі - ауыр жүк. Адамның жан дүниесіне үңіле білетін ұстаздарымыздың еңбегі өте зор. Ал, ұстаздардың ұстазы атанып, қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагер ұстаздарымыздың еңбегі екі есе.
2-жүргізуші: Зейнеткерлікте жүрсе де шәкірт тәрбиелеуден жалықпай еңбек майданының қақ ортасында жүрген ұстаздарымыздың еңбегін қалайша бағаламасқа?
1-жүргізуші: Ендеше, мерекелік құттықтау сөз кезегі аяулы ардагер ұстазымыз Отаралиева Гүлсім апайға беріледі.
/Құттықтау сөз/
/5-6-сыныптарының үздік оқушыларын марапаттау/
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Әжем менің асыл жан,
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді,
Әжеме ешкім жетпейді!

2-жүргізуші: Әжем, менің, ақ әжем,
Ақыл беріп үйреткен.
Аппақ әжем, пәк әжем,
Мейіріммен тербеткен.
1-жүргізуші: 7-сынып оқушысы Оразғалиева Нұрдананың орындауындағы "Ақ әжем" әні барша әжелерге арналады. Қабыл алыңыздар!
/Сазды сәлем/
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Нұргүл, қалай ойлайсың, біздің үздік оқушыларымыз қай пәннен тапсырманы дұрыс, әрі шапшаң орындай алуы мүмкін?
2-жүргізуші: Менің ойымша, олар қай пәнді болса да сүйіп оқиды. Пәнді сүймейтін, қызықпайтын оқушы үздіктер қатарында болмауы тиіс.
1-жүргізуші: Ендеше дәл қазір бастауыш сынып оқушыларын мақал-мәтелдер сынағынан өткізіп көрсек қалай қарайсың?
2-жүргізуші: Табылған ақыл. Келістік. Олай болса оқушыларымыздан сынақ алуды ұстазға тапсырсақ.
Ұстаз: Ортаға бастауыш сынып оқушыларының ішінен 1-топқа 3-сынып оқушылары Қыдырқожа Нұрасылды, Өмір Меруертті, 4-сынып оқушылары Ахмет Нұрдәулетті, Болат Асылайды шақырамын. Ал, 2-топқа 3-сынып оқушылары Нұржігітұлы Дулығаны, Джайжанова Альбинаны, 4-сынып оқушылары Жаумітбайұлы Дәулеткерейді және Қонысбай Әсемді шақырамын. Балалар, бұл сынақ ойын түрінде өткізіледі. Тапсырма: "Мақалды жалғастыр" деп аталады.
/Ойын ойнатылады./
1-жүргізуші: Ендеше оқушыларымыз тапсырманы орындағанша ортаға 3-сынып оқушысы Қаржаубаева Гүлназды Үкілі Ыбырайдың "Гәкку" әнімен ортаға шақырсақ.
/Сазды сәлем/
----------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші: <<Ұстаз>> - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі орасан зор.
2-жүргізуші: Ұстаз - шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау - адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
1-жүргізуші: Дәл осындай асыл қасиеттерді әлі де еңбек майданында талмай еңбек етіп отырған ардагер ұстаздарымыздың бойынан байқауға әбден болады.
2-жүргізуші: Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген - анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
1-жүргізуші: Бір топ үздік оқушыларымыз бен олардың ата-аналарына Алғыс хаттар табыстау үшін мерекелік құттықтау сөз кезегі ардагер-ұстаз Азанова Саламат Базарбайқызына беріледі.
/Сазды сәлем/
/4-сынып оқушыларын марапаттау/
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Кезекті биден шашу шашатын "Балауса"биші қыздар тобына береміз.
/Сазды сәлем/
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. <<Шәкіртсіз ұстаз - тұл>> деген сөз тегін айтылмаса керек.
2-жүргізуші: Әрине, дұрыс айтасың. Ал, ардагер ұстаздарымыздың өз бойындағы бар білімін, күш-жігерін, қайратын оқушылар үшін сарп етіп жүргендері олардың мықты денсаулығының арқасы деп білемін.
1-жүргізуші: Сондықтан ұстаздарымыздың дендерінің саулығын, отбасының амандығын тілейміз.

2-жүргізуші: Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.
1-жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз кезегі мектебіміздің ардагер-ұстаздарының бірі Алиева Ғалия Жакуқызына беріледі.
/Құттықтау лебізі/
/3-сынып оқушыларын марапаттау/
----------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Төгілген арай, шуағым.
Арманым қонса, қолыма,
Арқаңыз сіздің деп ұғамын.

2-жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Сарқылса мәңгі бұлағым.
Шәкірттер бүгін сахнада
Арнайды сізге бұл әнін.

1-жүргізуші: Жас әншілеріміз Сансызбай Балауса мен Ерсайынова Жансаяның орындауындағы "Тек алға!" әні сіздерге арналады. Қабыл алыңыздар.
/Сазды сәлем/
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Еліміздің білім ордаларын үш тілдікке бағыттау - басты мақсатымыз. Өркениетті елдің тізгініне ие болатын болашақ еліміздің азаматтары, яғни қазіргі білім алып жатқан шәкірттер.
2-жүргізуші: Осы бағытта мектебімізде қолға алына бастаған шаралар жалғасын тауып келеді. Ал, оқушыларымыз үш тілді меңгеру деңгейінің қаншалықты екенін келесі ойын арқылы анықтасақ артық етпес деп ойлаймын.
1-жүргізуші: Ендеше, кезекті тағы бір ойынға берелік.
/Ойын ойнатылады/
Ұстаз: Ойынға қатысушы оқушыларды келесі оқу жылында үш тілдікке өтетін 6-сыныптар арасында өткізгім келіп тұр. Ортаға 6-сынып оқушылары 1-топқа Шайдуллина Амина, Қазыбеков Әділет, Джубантұрлы Айзада, 2-топқа Жеңіс Жазира, Жолдас Әсемді, Қуатов Нұрдәулетті шақырамын. Ойын шарты: Ойыншылар тақтадан көрсетілген суреттегі зат атауларын үш тілде "қазақ, орыс, ағылшын" жазып, уақыт аяқталған соң айтып шығуы керек.
/Ойын ойнатылады./
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
2-жүргізуші: ойыншыларымыз дайын болғанша "Снупи" спорттық жастар заманауи би тобын ортаға шақырамыз. Крэйзи Фрог. Дин-Дон. Қарсы алыңыздар!
/Сазды сәлем/
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

2-жүргізуші: Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын.
1-жүргізуші: Мектебіміздің 2-сынып үздік оқушылары мен ата-аналарына Алғыс хат тапсыру үшін құттықтау сөз кезегі Көбегенов Архарбай ағайға беріледі.
/Құттықтау лебізі/
/2-сынып оқушыларын марапаттау/
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Отбасы - қамбат қазына. Балаға қарап оның отбасының қандай екенін білуге болады. "Әкеге қарап, ұл өсер, анаға қарап қыз өсер" дегендей, әр баланы жанұясына қарап, бағалауға болады.
2-жүргізуші: Баланы өмір сүруге үйрететін, саналы тәрбие беріп, білім алуына, үлкен азамат болып ержетуіне ықпал ететін әкелеріміз бен аналарымызға мәңгілік қарыздармыз.
1-жүргізуші: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген -бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.

2-жүргізуші: Ана - жарық сыйлаған жан екенсің,
Ана - шуақ шашатын таң екенсің.
<<Ана - өмір, ана - бақыт, ана - жүрек>>
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.
1-жүргізуші: "Нұр" вокалдық тобының орындауында "Мама". Жетекшісі Жалғасбаева Айдана. Қабыл алыңыздар!
/Сазды сәлем/
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Білімді ұрпақ - ел болашағы>>. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: <<Енбегіңмен алған білімің өзің үшін де, Елің үшінде таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болатынызға сенемін>> деп жастарымызға сенім білдіреді.
2-жүргізуші: Ендеше, осындай білімді де, саналы ұрпақ әр шаңырақта көбейе берсін. Бүгінгі мерекемізге қатысқан барлық ата-аналар мен ұстаздарға алғыс айтамыз.
/Сахнаға Наурызғалиұлдары Мадияр мен Данияр және барлық үздік оқушылар шығады. Ән орындалады./
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
2-жүргізуші: Осымен мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!
/Соңы/

Ұқсас жұмыстар
Озаттар слеті
Қабыш жәркеновтің «оқушының бір күні» әңгімесі бойынша өткен кітапоқушы-лар конференциясы
Сынып сағаты
Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы
Графикалық файлдарды ендіру
Prezi.com бағдарламасының артықшылығы мен мүмкіндіктері
Тәрбие бағыттары
Доптың торға лақтыру түрлерімен танысу
Ерекше қабілетті оқушы
Озаттар сайысы
Пәндер