3-сынып дүниетану сабағы: гранит пен әктастың қасиеттері мен қолданылуы

Уақыты: 20. 01. 16 Сыныбы:3 Пәні: дүниетану

Тақырыбы: Гранит. Әктас

Мақсаты:

Білімділік. Оқушыларды қатты тау жынысы: гранит, бос тау жынысы: әктас туралы түсінігін қалыптастырып, олардың айырмашылықтары мен қасиеттері және пайдаланылатын салалары туралы түсінігін қалыптастыру

Дамытушылық: жаңа материалды қабылдай отырып, оқушылардың өз білімін толықтыруға мүмкіндік туғызып, дағды, ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Табиғат ресурстарына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу

Түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: гранит, әктас, бор, мәрмәр бөлшектері

Барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Кенді пайдалы қазбалар

Темір, алюминий, мыс және күміс пен алтын бойыынша бөліп сұрау

Білімді белсендіру.

  • Пайдалы қазбалардың қандай топтарын білесің?
  • Оларды бір - бірінен қалай ажыыратуға болады?

Бүгінгі сабақта сендер тығыз тау жыныстары туралы оқып білесіңдер. Олардың қасиеті мен пайдаланатын салаларыы туралы түсінік қалыптастырасыңдар

Жаңа материалды оқу. Болжау әдісі.

  • Гранит, әктас қайда пайдаланылады деп ойлайсыңдар?

Оқулыықтағы мәтінді оқушыларға үш қатар бойыынша бөліп беріп іштей оқыту, мазмұнын түсіндіру, талқылау.

Сөздік жұмысы.

Мәрмәр - өте қатты, мықты әктастың бір түрі

Әктас - ақ немесе ақшыл сұр түсті жұмсақ тас

Дәптермен жұмыс.

Қасиеттері
Пайдаланылуы
: гранит
Қасиеттері: өте мықты, ауыр, сұр, қызғылт, қызыл түсті болуы мүмкін
Пайдаланылуы: көпір тіреуі, үйдің, ескерткіштің іргесін қалайды.
: бор
Қасиеттері: ақ, ақшыл сұр, жұмсақ, тез бөлуге, сындыруға болады
Пайдаланылуы: цемент дайыындауға, төбе, жар әктеуге әк пайдаланыылады
: мәрмәр
Қасиеттері: өте қатты, мықты
Пайдаланылуы: метро, ғимараттардың бағанын қаптайды

Бекіту сұрақтары.

І топ

  • Граниттің қасиеті туралы айт.
  • Граниттің құрамында не бар?

ІІ топ

  • Гранитті қандай жерлерге қолданылады?
  • Әктастан не алады? Әктасты қалай пайдаланады?

ІІІ топ.

  • Мәрмәр тастың әктастан айырмашылығы қандай?

Қорытынды:

Бүгінгі сабақтан не білдік? . . .

Үйге тапсырма . Тақырыпты оқу. Үйде, аулада гранит, әктастан жасалған не бар? үлкендермен талқыла

Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
3-сынып дүниетану сабағы: Ауа және оның қасиеттері
3-сынып: Пайдалы қазбалардың түрлері, қасиеттері және қолданылуы
Дүниетану (3-сынып): Су - қасиеттері, тіршілік маңызы және қорғау жолдары
Химия сабағы: Натрий - қасиеттері, алынуы және қолданылуы
8-сынып химия сабағы: Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері және қолданылуы
Аммиак пен аммоний тұздарының алынуы, химиялық қасиеттері және қолданылуы
Тығыз тау жыныстары: түрлері, қасиеттері және қолданылуы
3-сынып дүниетану сабағы: Жануарлар әлемін қорғау, қорықтар мен Қызыл кітап
3-сынып Дүниетану сабағы: Отбасы және туған-туыстар
Дүниетану 3-сынып сабақ жоспары: Құм, саз және әктас
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz