Ортаңғы топқа арналған Көктем келді тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы ортаңғы тобына арналған

Білім беру аймағы : Таным

Бөлімдер : Тіл дамыту

Тақырыбы : Көктем келді.

Мақсаты: көктемгі табиғат өзгерістерімен таныстыру; балаларды көктемгі табиғатта болатын құбылыстар мен өзгерістерді тануға және ажыратуға үйрету; табиғатты аялауға тәрбиелеу; табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнеліктер: слайд, аю, ағаштар, құстардың суреттері, геометриялық пішіндер.

Билингвальді компонент: көктем-весна, өзен-река, қар-снег, мұз-лед.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

-Бүгін бізге қонаққа апайлар келді, барлығымыз амандасайық.

Шаттық шеңбер құрып, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік.

Табиғат біздің анамыз

Табиғатқа баламыз!

Иіліп сәлем береміз,

Қайырлы күн, қайырлы таң!

Қонақтармен амандасады.

Шаттық шеңберін орындайды.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Суретпен жұмыс

Көктем мезгілі бейнеленген слайдтарға назарларын аударады. Ауа райы, көктем құбылысы туралы сұрақтар қойып, түсіндіреді:

Балалар жылдың неше мезгілі бар?

Жыл мезгілдерін атайық.

Әр жыл мезгілінің өзіндік ерешеліктері болады.

Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Қар, мұз еріп, су көбейіп,

Сай-салаға ағады,

Бүршік шашып, жапырақ ашып

Гүл бәйшешек басады

Ал, балалар айтыңдаршы

Бұл қай мезгілде болады?

-Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде « Көктем келді» деген тақырыпты өтеміз.

Наурыз көктемнің алғашқы айы. Балалар көктемнің алғашқы күндерінде қандай мерекені тойладық? Көктемде күн қандай болады? Көктем айларын атандар.

Слайдтарды тамашалайды. Көктем туралы білетіндерін айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Жұмбақты шешеді.

Көктем туралы тақпақтарын айтады.

1. Жасыл көктем келеді,
Самал беттен өбеді.
Көкте бұлттар көбейсе,
Мөлдір тамшы төгеді.
2. Тамшы, тамшы, тамшылар
Көгерді ағаш, тал шынар.
Тамшылардан өнетін,
Тамаша гүлдер бар шығар.
3. Көлде аққу, көкте қаз,
Орманда бұлбұл сайраған.
Көптен күткен көктем кеп,
Құлпырып дала жайнаған.
4. Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Даланы гүлдер басады.
Сұлу көктем есігін ашып,
Шуағын бізге шашады.

Көктемде табиғатта ғана емес жануарларда да өзгерістер болады. Балалар мына суретке қараңдаршы орманда нелерді көріп тұрсыңдар?

Мынау қандай аң?

- Қыста аю не істейді?

- Қай мезгілде ұйқысынан тұрады?

Аюды ұйқыдан тұрғызайық, тақпақтар айтып, аюды

сергітейік .

Аю, аю тұрсаңшы, көп ұйқыны қойсаңшы

Көктем келді тамаша, ән салайық қаласаң!

Сергіту сәті.

Қорбандаған аюдың құлпынайы көп екен,

Теріп, теріп алайық, қалтамызға салайық!

Аю жұмбақ жасырып, балалар шешуін табады.

1. Күн күледі,
Жер түлейді. (көктем)
2. Жатты да жатты, жылғаға ақты. (қар)
3. Аспандағы әдемі белбеуді

Беліме байлап алайын. (кемпірқосақ)

Балалар кемпірқосақтың түстерін орысша, ағылшынша айтайықшы. Красный - red, оранжевый-orang, желтый- yelou, зеленый- green, голубой, синий-blu, фиолетовый- violet.

Балалар, аю кеткелі жатыр, аюға сыйлығымызды беріп шығарып салайық.

-Аю нені жақсы көреді?

Ал, енді балалар құстарды қалай қарсы аламыз? Оларға қандай қамқорлық жасаймыз?

Алдарымыздағы пішіндерден қараторғайға үйшік жасайық. Мынау қандай пішіндер?

Дайын үйшікті ағашқа іліп қояйық. Құстар біздің досымыз.

Балалар біз табиғатты қорғап, табиғатқа қамқорлық жасауымыз керек. Табиғат туралы тыйым сөздерді қайталатып, мағынасын түсіндіру.

Гүлді үзбе.

Құстың ұясын бұзба.

Ағашты сындырма.

Суға түкірме.

Рефлексифті-түзетушілік.

Қорыту.

Балалар сендерге көктем мезгілі ұнады ма?

Ал, бүгінгі сабағымызды Б. Серікбаевтың өлеңімен аяқтайық.

-Күн, сен неге күркірейді?

-Көктем келді, көктем келді!

-Жаңбыр, неге сірікірейді?

-Бұлақ, неге сылдырлайды?

-Құлын, неге құлдырайды?

-Гүлдер, неге жайнайды?

-Құстар, неге сайрайды?

Міне, балалар, көктем келгеніне табиғат та, жануарлар да не істеп жүр?

Сендер бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар.

Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.

Сұрақтарға жуап береді.

Қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже

Нені білу керек: көктем мезгіліндегі табиғи өзгерістерді.

Нені игереді : табиғат пен жануарлардағы өзгерістерді бақылап ажырата білуді.

Нені біледі: табиғатты қорғауды, қамқорлық жасауды.

«Дюймовочка» балабақшасы

Новоишим селосы

Ашық сабақ

Тақырыбы «Көктем келді»

Өткізген: Утеп Гульжаухар Маратовна

«Көбелек» ортаңғы қазақ тобы

2015-2016 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
Шағын топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Көктем келді - қоршаған ортамен танысу
Көктем тақырыбы бойынша тіл дамыту саласындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Жабайы аңдар тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Есеп тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы (Таным - Математика)
Ортаңғы А тобының ағылшын тілі бойынша Түстер тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ортаңғы А тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Менің отаным - туған өлкем
Ересектер тобына арналған Құстар келді өлкеге оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Орта топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Геометриялық пішіндердің ғажайып елі
Мектепалды даярлық тобының Түстер әлемі тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ортаңғы A тобының экология негіздері бойынша ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы: Орманға саңырауқұлақ теруге барайық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz