Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ата - ана махаббаты

Тақырыбы: <<Ата - ана махаббаты>>
Маќсаты:
балалардың отбасында жиі кездесетін шиеленісті жағдайлар туралы аќпарат беру;
ата - аналардың әдептілігі туралы мағлұмат беру;
ата - аналардың өзара ќарым - ќатынасын нығайту, тәрбие тәжірибесін молайту;
Әдіс - тәсілдері: СТО элементтері, топтық жұмыс, пікір алмасу;
Барысы:
І. Қызығушылықты ояту
ІІ. Мағынаны тану
ІІІ. Ой толғаныс

І. Қызығушылықты ояту
Топқа бөлу үшін интерактивтік әдіс қолданылады. Ол үшін бес әннің аты жазылған қағаздар үстел үстінде жатады. Ата - аналар бір - бір қағаздан алады да, сол қағазда жазылған ән тақырыбы бойынша топ құрады.
Ұсынылған әннің тақырыптары:
1. <<Арыс жағасында>>
2. <<Қайықта>>
3. <<Менің елім>>
4. <<Қоскөл кеші>>
Топ мүшелеріне әннің 1 шумағын айтқызу.
Топтастыру стратегиясын пайдалана отырып, топтарға мынадай сұрақ қойылады: <<Ата - аналардың әдептілігі дегенді қалай түсінесіз?>>
Ата - аналардың әдептілігі
Бала ќатысќан ортада анасына сөйлемеу
Біреу туралы жаман пікір айтпау
Айќайлап ұрыспау, сөйлемеу
Баланы сыйлай білу
әке мен ананың сыйластығы
Баланы күшпен жазаламау
Ата - аналардың әдептілігі
Бала ќатысќан ортада анасына сөйлемеу
Біреу туралы жаман пікір айтпау
Айќайлап ұрыспау, сөйлемеу
Баланы сыйлай білу
әке мен ананың сыйластығы
Баланы күшпен жазаламау

ІІ. Мағынаны тану
Алдын - ала жанұяларєа бөлемін. А, В, С, Д жанұя мүшелері 1,2,3,4 болып нөмірленеді. Төмендегі баяндаманы әр топтағы ата - аналарға абзацќа бөліп беремін. Жанұя тобындағы 1-лер бір бөлек, 2,3,4 ґе алдына <<жұмыс тобын>> ќұрады. Ата - аналар алдымен берілген тапсырмаларды талдайды. Содан соң 1-лер бірігіп, 2,3,4-де бірігіп тапсырмаларды талдап, өз ойларын ортаға салады.
Баяндама
1- ші топ ата - аналарына:
Үлкендер мен балалар... Олардың ќарым - ќатынасы не нәрсеге негізделген? Сіз баламен ќарым - ќатынас жасау туралы болып жатќанда, алдымызда өзіне көңіл бөлуді ғана емес, сыйлауды да талап етіп тұрған, оның да адам екенін біз неге екені белгісіз, естен шығарамыз.
Балалыќ шаќ - адам өміріндегі ќайталанбайтын маңызды шаќ. Балаға деген ќарым - ќатынасымыз о бастан ќандай болса, баланың жеке басы соған ќарай ќалыптасады. Баланың жеке басының ќасиеттерінің ќалыптасуын дер кезінде байќау - келешекте оның жұртќа жаќсылыќ ойлай білуі, ата - ананың ќартайған шағын ескере, түсіне білуі біздің тапќырлығымызға байланысты.
2-ші топ ата - аналарына:
Тыдамайды, ќасарысады, ќыңырлыќ істейді, ал кейде тіпті өрескелдік етеді. Неге? Біз о баста баламен дұрыс сөйлесіп, дұрыс ќарым - ќатынас жасамағандығымыздан емес пе? Біз балалардың сөзсіз бағынышты болуын міндетті деп, сабырсыздыќ жасап, оларєа бұйрыќ беруді өзімізге міндет тұтамыз.
Балалардың ќұќығын ќұрметтеу - бұл олармен ќарым - ќатынаста әдептілік көрсету: олармен сөйлесе білу және тыңдай білу, кейіген немесе шаршаған кезде де кедергі жасамай, ұстамды бола білу, балаға әсер ететін әдісті таңдай білу, оның адамдыќ ќұќын аяќќа баспай, шын көңілмен ќай жерде, ќай кезде сөйлесуді таңдай білу, баланы түсіне білу, оның орнына бір сәт өзіңді ќойып көріп, ұятќа ќалмастай етіп, мәселені ќалай шешу керек және ең бастысы - тәрбиелеу тәсілін таңдап алуда баланың жанын жәбірлемейтіндей болу керек.
3-ші топ ата - аналарына:
Кей жағдайда өзіміздің әдепсіздігімізден біз баланы да әдепсіздікке дағдыландырамыз. Бала жаќсы болуға тырыссын деп оған өрескелдікпен ќарау, бос үреушілік. Керісінше, бұл тек оны дөрекілендіреді, ол өсе келе дәл солай етіп өзіміздің алдымызға келтіреді.
Баллардың мінзе - ќұлќы біздің көрсеткен үлгіміз. Отбасының үлкен мүшелері өздерінің ќарым - ќатынастарын дұрыс ќұру керек. Баланың көзінше сөйлескенде бала олардың үлгісімен мейрімді және абыройлы болуға үйренсін.
4-ші топ ата - аналарына:
А. С. Макаренко: <<Сіз балаңызды онымен сөйлескенде ғана тәрбиелеймін деп ойламаңыз. Сіз оны өміріңіздің әр кезеңінде, тіпті өзіңіз үйде жоќта да тәрбиелейсіз. Сіздің ойыңыздың барлыќ бұрылыс - ќалтарыстары белгісіз жолдармен балаға жетіп отырады, оны сіз байқамайсыз>> деп өсиет ќалдырған екен.
Сізбен ќатар адам өсіп келеді. Ол әлі кішкентай, сондыќтан да, әсіресе көмекті, ќорғаштауды, оның өсіп жетілуіне аќылды басшылыќты ќажет етеді. Оған тек ќана оның балалығын түзеп, шыңдап, ќұрметпен ќараңыз. Ал баланың сізге деген сенімі мен ыстыќ сезімінің кепілі осында.
Ата - аналарды орындарына жинаќтау алдында төмендегіше тренинг ойнатылады.
Маќсаты: есте саќтау ќабілетін аныќтау.
Ата - аналар шеңбермен тұрады. Мұғалім <<су>> десе ќолдарын алдарына созады, <<ауа>> дегенде жоғары көтереді, <<от>> - дегенде екі ќолын айналдырады. <<Жер>> - дегенде ќолдарын түсіреді. Кім шатасса сол ойыннан шыєарылады.
ІІІ. Ой толғаныс
Ата аналар өздеріне берілген тапрсырмалар бойынша өз ойларына ортаға салып талданған соң жиналыстың басында жасалған топтастыру стратегиясына оралып жаңадан алған ұғымдарымен толыќтырылады.
<<Сіз ќандай ата-анасыз?>> таќырыбындаєы тест жўмысы беріледі.
<<Алаќан>> тренингі
Маќсаты: топтып бір - бірімен жаќындай түсуі және жеке тұлғаның жасымды ќарым - ќатынасын орнату.
Уаќыты: 10-15 минут
Жүргізілуі: әр топ мүшесі өзінің алаќанын аќ параќќа түсіреді. Алаќан бейнесі ортасына өз аттарын жазады. Одан кейін ол өз алаќаны бейнеленген ќағазды оң жаќтағы көршісіне береді, ал көршісі параќтағы бейнені бір саусағына алаќан иесінің жаќсы бір ќасиетін жазып, әрі ќарай жалғастырады. Сөйтіп параќ жалғаса түседі, параќ ќаєаз өз иесінің ќолына тигенде тренинг аяќталады. Жүргізуші барлыќ ќағазды жинап алып, араластыруды өтінеді. Содан кейін жүргізуші әр ќағаздағы тізілген әсерлі сөздерді оќиды. Ќатысушылар оның кімге арналғанын тауып алу керек. Тренинг аяќталған соѕ әр топ мүшесіне өз алаќаны таратылып беріледі.

Жиналысты ќорытындылау үшін <<жүректен - жүрекке>> атты ата - аналарєа төмендегідей сұраќтар ќойылады:
Кездесуден өзіңізге ќажет нәрсе таптыңыз ба?
Келесі кездесуде не туралы сөйлескіңіз келеді?
Ќатысќандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Айналайын,ақ анам!
Ата-ана махаббаты жайлы ақпарат
Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру
Ана - өмірдің шырағы
Ана Баубек Бұлқышев жайлы ақпарат
Отбасындағы бала
Махаббат кірпіші
Рақмет, анашым!
Ана. Баубек Бұлқышев
Баланың тілі бал
Пәндер