Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Мен және менің досым. Нәтиже сабақ
Пән: Қазақ тілі
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Мен және менің досым. Нәтиже сабақ.
Сабақ мақсаты: 1) Модуль бойынша алған білімдерін тексеру;
2) Қисынды ойлау дағдыларын дамыту. Теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана
алу икем, дағдыларын тексеру;
3) Достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Қазақ тіліне қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: Білім, іскерлік пен дағдыны бақылау, бағалау.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, топтық жарыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
а) Психологиялық дайындық: шаттық шеңберіне тұрып, өлең сөздерімен бір-біріне жақсы тілектер айту.
Қайырлы таң достым!
Қайырлы күн құрбым!
Сенбінің сәті
Сәттілікке толсын!
Бүгінгі алған бағаң
Кілең бестік болсын!
ІІ. Үй жұмысын тексеру. <<Достық>> тақырыбына мақал-мәтелдер жаттап келу. <<Орамал тастау>> ұлттық ойыны арқылы бір оқушы мақалдың басын бастап, екіншісі жалғастырады.
ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, міндеттері айтылады.
Бүгінгі сабақ жарыс түрінде өтеді. Сынып екі топқа бөлініп өз білімдерін сынап көреді. Алдымен, топтардың атын белгілейік. Ол үшін екі топтан бір оқушыдан шығып, үстелдегі қағаздарды алады. Онда топтардың атаулары жазылған. <<Достық>>, <<Сәттілік>>
Топтардың атауы анықталған соң топ басшылары сайланады.
1. <<Мақал - сөздің көркі>> <<Достық>> тақырыбына мақал-мәтелдер жарысы. Кеспе қағаздарда жазылған мақалдардың жалғасын айту. Дұрыс табылған мақалға бір ұпайдан беріледі. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
Адам досымен ... . Жодасы көптің - ... . Татулық - ... . Досы жоқ адам - ... .
2. <<Сөздер тізбегі>> Сөздің соңғы дыбысына байланысты жаңа сөз айту. Мысалы: сабақ, қасқыр , т.б. <<Достық>> тобына <<Адам>>, <<Сәттілік>> тобына <<Дос>> сөзі берілді. Әрі қарай оқушылар өздері жалғастырып әкетеді. Ең көп сөз айтқан топ жеңіске жетеді, әр сөзге бір ұпайдан беріледі.
3. <<Аудармашы>> жарысы. . Орысша жазылған сөздері бар кеспелер беріледі. Әр топ ойыншысы бір-бір сөзден аударып келесі оқушыға береді. Тапсырманы тез және дұрыс орындаған топ жеңеді. Дұрыс аударылған әрбір сөзге 1 ұпайдан беріледі. (Модуль бойынша өткен сөздікті тексеру)
<<Достық>>
1. Моя подруга
2. Добрый
3. Рост
4. Младший
5. Рост
6. Хобби
7. Красивый
<<Сәттілік>>
1. Мой друг
2. Волосы
3. Характер
4. Глаз
5. Заболтивый
6. Высокий
7. Советоваться
4. <<Кімнің күні жарқырайды?>> Топ басшылары сайысы. Әр топтың басшылары шығып, өзінің досына сипаттама береді. Әр дұрыс құрылған сөйлем бойынша тақтада күн және оның шуақтары жасалады. Әрбір күншуаққа 1 ұпай беріледі. Кімнің күншуағы және ұпай саны көп болса, сол жеңеді.
Сергіту. <<Қаражорға>> биінің элементтері бойынша жаттығу жасалады.
5. Грамматикадан алған білімдерін тексеру. Көптік жалғау. Тақтаға көптік жалғау түрлерін дұрыс және тез жазу.
IV. Бекіту: <<Фоторобот жасау>> жағдаяттық ойыны арқылы досын суреттеуге байланысты меңгерген сөздік қорды тексеру.
Шарты: Екі топтан екі оқушы шығып, полиция бөліміне келеді. Оқушылардың бірі өздерінің жоғалған досы немесе туыстарын іздестіру туралы өтініштерін айтады, ал екіншісі сол суреттеме бойынша фоторобот жасайды.
<<Достық>> Мен сіңлімді іздеймін. Ол 4-сыныпта оқиды. Оның бойы қысқа, шашы ұзын. Көзі қара. Киімі: ақ жейде, қара юбка, аяғында қара туфлиі бар.
<<Сәттілік>> Мен досымды іздеп жүрмін. Ол 11 жаста, 5-сыныпта оқиды. Оның бойы ұзын, шашы қысқа. Киімдері: үстінде көк күртеше, қара джинсі шалбар, аяғында ақ кроссовкиі бар.
VI. Қорыту.
VII. Үйге тапсырма 2-тап. 48-бет.
VIII. Бағалау.
Пән: Қазақ әдебиеті Сынып: 5 Б,В Күн: 28.11.2014 ж
Сабақтың тақырыбы: Түлкі мен ешкі ертегі
Сабақтың мақсаттары: 1) Білімділік: Өтілген ертегілерді еске түсіру, білетін ертегілердегі әрекеттерді қысқаша айтып өту, жаңа ертегінің мазмұнын тыңдауға қызығушылығын арттыру.
2.) Дамытушылық: Ертегінің мазмұнын әңгімелеу, ойлау қабілетін, сөздік қорын, мәнерлеп сөйлеу дағдыларын арттыру.
3) Тәрбиелік: Достыққа, ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу, жағымды және жағымсыз әрекеттерді сезіне білуге, шындыққа, әділеттілікке тәрбиелеу, еңбекті бағалай білуге, сүюге,
еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, жеке жұмыс, ойын ұйымдастыру, <<кубизм>> әдісі, <<Венн диаграммасы>> көрсетуі, талдау, топтастыру, түрлі пішіндермен ертегі кейіпкерлерінің сұлбасын құрастыру. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы стратегияларын пайдалану.
Сабақтың көрнекілігі: Ковралан тақта, ертегі кейіпкерлері бейнесі(түлкі, торғай, ит), таратпалы жүрекшелер.
Мақал - мәтелдер, жаңылтпаш, жұмбақтар.
Оқу іс - әрекетінің түрі: Дамыта оқыту технологиясы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Ертегімді бастайын,
Қиялдап бір тастайын,
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Жас данышпандар болыпты,
<<Ақбота>> балабақша кентінде,
Ерте, ерте, ертегі,
Ертегі сыр шертеді,
Ертегіні жақсы айтқан бала
Мақсат - мұратына жетеді.
Балалардың қызығушылығын ояту арқылы, психологиялық дайындық.
<<Сын тұрғысынан ойлау>> бойынша:
<<Миға шабуыл>> стратегиясы;
Балалардан ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? Түлкі туралы қандай ертегілерді білеміз?
Балалар бұрын естіген түлкі туралы хикаяларды атап береді. <<Түлкі мен тырна>>, <<Түлкі мен ешкі>>, <<Түлкі мен құмыра>> ертегілері.
<<Ойлан, тап>> стратегиясы;
а) Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық,
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
б) Өзі айлакер, қу.
Жүрген жері айқайда шу.
(түлкі).
Мағынаны ашу.
Ертегінің тақырыбына көңіл аударамын. Ол түлкі мен торғай туралы екенін айтамын. Ковралан тақтаға кейіпкерлер арқылы мазмұнын әңгімелей отырып
айтылу ерекшелігіне көңіл бөлемін, автор сөзі, түлкі мен торғай сөзі қандай дауыс ырғағымен, қандай көңіл - күймен айтылатынына назар аударамын.
Ертегі айтылып болысымен түлкі мен торғайдың іс - әрекеттеріне құрылғанын айта отырып: Сұрақ - жауапқа жұмыстанамыз.
- Түлкі не істеді? Оның жасаған әрекеті қандай? Ал, торғайдың әрекеті туралы не айтар едіңдер? Досына солай етуге бола ма? Қайсысына аяушылық білдіруге болады? Ит қандай әрекет жасады? Нағыз дос деп нені айтуға болады? Сіздер қалай істер едіңіздер?
Балалар өз ойларын ортаға салады.
Балалардан ертегі мазмұнын әңгімелеп беруін сұраймын.
Сергіту сәті: Торғай, торғай, торғайсың,
Жақын келіп, қонғайсың,
Шашқан нанды шоқысаң,
Сонда суықтан тоңбайсың.
Түлкі, түлкі қутыңдайсың,
Айналаңнан тың тыңдайсың,
Қулығыңды асырсаңда,
Қасқырдан сен құтылмайсын.
<<Венн диаграммасы>> - стратегиясы.
Суретпен жұмыс, түлкі мен торғайды салыстыру арқылы, ортақ қасиеттері - мен, ұқсастықтарын, айырмашылықтарын айтқызу.
<<Кубизм>>- стратегиясы.
Кубиктің әр қырларына тапсырмалар берілген. Кубикті тастау арқылы, тап - сырманы орындау.
1 - тапсырма: Жұмбақ шешу.
Алдайды, арбайды,
Қуланады, сұлуланады. (Түлкі)
2 - тапсырма: Жаңылтпашты жаңылмай айт.
Түлкі айлалы аң, айлалы аңға айла пайдалан.
3 - тапсырма: Мақалды жалғастыр.
1) Еңбектің наны тәтті ,.........................................
2) Досы көпті жау алмайды,...................................
4 - тапсырма: Жабайы жануарларды ата.
(түлкі, аю, арыстан, қасқыр, жолбарыс)
5 - тапсырма: Қимылын сал. (Түлкінің, иттің, торғайдың).
6 - тапсырма: Қарама - қарсы сөздерді тап.(Антоним).
Еңбекқор - (жалқау)
Батыр - (қорқақ)
Көп - (аз).
Үлкен - (кіші).

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz