Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Көктем аруы сайысы

Сыныптан тыс тәрбие сағаты
<<Көктем аруы>> сайысы
Мақсаты: Қыз балалырдың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: <<Өнер таусылмас азық>> (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер
Барысы:
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!
2-жүргізуші: Бүгінгі <<Көктем аруы>> атты қыздар сайысына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
<<Қыз өссе елдің көркі >> деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

2-жүргізуші:
Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығы мен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты.

1-жүргізуші:
Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларды
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар сахна төріне шақырылады)

2-жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтып,
Әділқазы алқасымен танысайық
Қыздарымыздың өнерін бағалап, әділ баға беретін Әділқазы алқалары:
1.
1-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып, көрсетеді.
--------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Сайысымыз 5 турдан тұрады.
Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. <<Мен қазақтың қызымын>> таныстыру
(қатысушылар өздерін қара сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)
2. <<Өнер>>
(Ән айту, би билеу, күй тарту, мінерлеп оқу)
3. <<Сұлулық сыры>>
(Музыка ырғағымен сәндік киім үлгісін көрсету)
4. <<Зерделінің ойы озық>>
(Сұрақтарға жауап беру)
5. <<Қыз еркем - кестесімен көркем>>
(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
2-жүргізуші: Кел,достар, бастайық,
Бастайық той кешін.
Қызықтан еш адам,
Қалмасын құр қалып.

1-жүргізуші:
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін-ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі
Бірінші сайыс өзін-өзі таныстыру.
-------------------------------------------------
Әділқазы алқасы 1 - сайыстың бағаларын берсеңіздер

2-жүргізуші:
Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
Екінші сайыс - өз өнерін көрсету
------------------------------------------------------
Әділқазы алқасы 2 - сайыстың бағаларын берсеңіздер

1-жүргізуші:
Сымбатына сай киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп, - келесі үшінші сайыс <<Сұлулық сыры>>.
Музыка ырғағымен сәндік киім үлгісін көрсету сайысы.
-----------------------------------------------------------------------
Әділқазы алқасы 3 - сайыстың бағаларын берсеңіздер

2-жүргізуші:
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай бізде де,
Бар дәстүр мен салтымыз.

1-жүргізуші:
Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.
4 - сайыс <<Зерделінің ойы озық>>
(Сұрақтарға жауап беру)
------------------------------------------------------------------
Әділқазы алқасы 4 - сайыстың бағаларын берсеңіздер

2-жүргізуші:
Өнерліге өріс кең.
Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
5- сайыс- қолөнер Қане, қыздардың қолөнерін тамашалайық.
---------------------------------------------------------
Әділқазы алқасы 5 - сайыстың бағаларын берсеңіздер

Бүгінгі <<Көктем аруы>> сайысының жеңімпаздарын құттықтау үшін сөз кезегі Әділқазы алқаларына беріледі.

1-жүргізуші: Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.

2-жүргізуші: Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт-береке, бірлік әкелсін!

Ұқсас жұмыстар
Көктем аруы. (3 - сынып оқушы қыздар арасындағы мерекелік байқау)
Қазылар алқасының төрағасы
Қыз аруы - 2015 байқауының ЕРЕЖЕСІ
Жаңашаруа аруы-2012
Кабинет аруы
Көктем аруы
Қазақ қызы - инабатты ару қыз
Көрікті көктем аруы
Өсімдік әлеміне саяхат
"көктем аруы-2013" 9-11 сыныптар
Пәндер