Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Дамыта оқытуды іске асыруда оқушылардың өзін-өзі және өзара бақылай отырып жеке-дара жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
№33 жалпы орта білім беру мектебі
Тақырыбы: Дамыта оқытуды іске асыруда оқушылардың өзін-өзі және өзара бақылай отырып жеке-дара жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Дайындаған: А.С.Алишева
бастауыш сынып мұғалімі
Дамыта оқытуды іске асыруда оқушылардың өзін-өзі және өзара бақылай отырып жеке-дара жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Дамыта оқытудың ең басты мақсаты - әр оқушының өздігінен білім алу және оны практикада қолдана алу дағдыларын қалыптастыру. Яғни, оқушы өздігінен оқуға және өзінің танымдылығын басқара отырып өзін - өзі бақылай алуға үйрету. Енді осыны қалай іске асыру керек екендігін іздестірдім. Оқушылардың санасында жеткілікті деңгейде білім қоры болмаса, онда оның өздігінен жұмыс істеу біліктілігінің қалыптасуы мүмкін емес. Сондықтан, бұл тақырыптың негізгі өзектілігі жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
Бастауыш сыныптарда өздігінен жұмысты ұйымдастыру оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы,сондай-ақ бағаланып, марапатталуы сияқты мәселелерге жете мән беріледі. Осыған орай өздігінен жұмыс бастауыштың өзіне тән әдістемесіне сәйкес түрлі формада және мазмұнда көрініс табуда. Өздігінен жұмыс-бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өздік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес.
Бастауыш мектепте өздігінен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай- бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестеу, шығармашылық, жұмысқа талпынысы басым болады.Сол себепті де тиімді түрде ұйымдастыра білген мұғалімге оның берерлік маңызы зор.
Өздігінен жұмыс түрлеріне қатысты материалдарды саралау және өз тәжірибеміздің қорытындысы негізінде біз шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсетін өздігінен жұмыс түрлеріне төмендегі негізгі үш жұмыс түрлерін жатқыза аламыз. Олар:
1. Логикалық дамытушы ойындар мен берілген тапсырмалар (құрастырмалы ойындар, ребус, сөзжұмбақ, анаграмма) өздігінен жұмыс түрлері; Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар (өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу, т.б.).
2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері ( кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу, т.б.)
3. Жаңа форматтағы оқытудың әдістері. Яғни, қазіргі таңдағы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламаларының үшінші /базалық / деңгей бағдарламасы оқушының өздігінен білім алуына бағыттайтынын айта кеткім келеді.
Өзім осы бағдарламаның үшінші /базалық / деңгейін аяқтадым. Сондықтан осы бағытта жұмыстанып, оқушылардың білімді өздігінен игеруіне баса назар аударып келемін.
Өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқушыларды алдымен топтық, жұптық жұмыс түрлерін жүргіздім. Оқушылардың білімді менің көмегімсіз өздінінен меңгеруіне баса назар аудардым. Бұл ретте мен тек бағыттаушы, оқушыға жәй бағыт беруші ретінде қалуға тырыстым.
Сабақтарымда оқытудың жаңа әдістерінің ішінде стоп кадр, сұрақты ұстап ал, /ойлан, жұптас, талқыла, сұрақтар шеңбері, рөлдік ойын, мозаика сияқты әдіс- тәсілдерді сабақтарымда жиі қолданамын. Аталған әдістердің көпшілігі оқушының сыни ойлау жүйесін қалыптастырады, оқушылар өз ойларымен еркін бөліседі. Сөйлеу дағдысы, яғни, топ алдында сөйлеу, пікір алмаса білу сияқты қасиеттері артады. Оқушыларым да оқытудың бұл түріне төселіп, бағытталып қалды. Бұның бәрі диалогтік оқытудың жемісі деп білемін. Сонымен қатар, сабақтарымда жиі қолданатын әдістерімнің бірі сыни тұрғыдан ойлау әдістері. Жаңа форматтағы оқыту әдістері мен сын тұрғысынан ойлау әдістері бір - бірімен тығыз байланысты. Сыни, шығармашылықпен ойлай алу қабілетін бастауыш сыныптан бастап қалыптастырған дұрыс деп білемін. Сыни ойлай білетін, берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз шеше алатан оқушы болашақта өзіне кездескен кедергілерді жеңе алады, өмірлік жолында жолыққан проблемаларды да шеше алатына көз жеткізіп келеміз. Олай дейтін себебім, қазір бүкіл әлем білімнің қарқанды дамуына көңіл болуде. Халықаралық TIMES бағдарламалары осының дәлелі. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мәселесіне жете мән беріп осы бағытта жұмыстануға бет бұруымыз керек.
Психологтар ең бірінші оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін, қабілет деңгейлерін анықтау керек екендігін ескертеді.Сондықтан мен олардың зейінін, есте сақтауын, ойлауын, интеллектісін мектепке келген күннен бастап тексердім. Ол үшін олардың мектепке дейінгі дайындығын, қабілетін, зейінін, есте сақтауын, ойлау деңгейін білу үшін бірнеше тапсырмалар бердім. (Есте сақтау түрлері: есту, көру, іс-әрекет арқылы ғой.)
Психологиялық қабілет деңгейін тексеру ( дәптерлерін, диаграмманы көрсету, жұлдызнаманың маңызын айту, көрсету.схема, диагностика)
Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр-түрлі танымдық есептерді шешу талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларды тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.
Осының нәтижесінде мынадай тапсырмалар жүйелі түрде орындалып отырады. Есту арқылы есте сақтау қабілетін арттыру үшін бірнеше математикалық жай өрнектер және сөздер айтам. Соларды оқушылар есте қалғанын жазу керек, одан басқа тура, кері сандар қатарларын жазу. Не жоғалды? Кім не істеді? Ойындары арқылы дамытылып отырылды.
Алдыңғы сыныптарда да оқушылардың осы қабілеттерін ескере отырып, оларды өзін-өзі бақылай отырып, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда мынадай жұмыстар жүргізгем.
Өзін-өзі бақылау-бұл оқушының өз жұмысын бағалай білуі. Ол өз-өзіне <<Мен дұрыс жауап бердім бе, бәрін орындадым ба ?>> деген сауал қойып, өзін-өзі тексереді. Бұдан мынадай схема құруға болады.
Оқушы ойлайды жауап іздейді
дұрыс, бұрыстығына көзін жеткізеді өз білім нәтижесін, әрекетін бақылайды.
Өз нәтижесін бақылау деген - ол білім сапасын, икем- дағдысын бақылау, бағалау деген. Яғни, оқушы өлеңді жаттап, ережелерді дұрыс меңгердім бе, жаттығуды, есептер мен теңдеулерді дұрыс шештім бе деп өз-өзіне сауал қойып дағдыланады. Ол үшін қазақ тілінен мынадай алгоритм жасадым:
Өзін - өзі тексеру алгоритмі.
1. Сөйлемді мұқият оқы.
2. Сөйлем соңынан тиісті тыныс белгісін қой. ( . ? ! )
3. Әріп тастаған жоқсың ба?
4. Дауысты : ө - е, ұ - ы, ү - і,
Дауыссыз : н - ң, д - т, б - п, с - з, й дыбыстарының жазылу емлесін ескер, есіңе түсір.
5. Тасымалың дұрыс па?
6. Қос дауыссызға назар аудар.
Бұл алгоритмді диктант жазған кезде қолданамын.
Бұндай бақылаусыз оқушылардың нені меңгермегенін білу мүмкін емес. Алгоритмдер пайдалану барысында оқушы жұмысын сауатты, дұрыс орындауға тырысады. Жазба жұмыстарынан кейін қателерін жинақтап, қатемен жұмыс істеу сауаттылыққа әкеледі.
Өзін - өзі бақылаудың тағы бір түрі - ол - оқушы өз жауабын жеке-жеке талдап беруі. Тақтаға шыққан оқушының жауабын отырғандар түзетпейді, сұрақ қоймай жауабын бөлмей тыңдап, алдарында жатқан қағазға цифрланған тапсырмалардың тұсына ( + - ) қойып отырады. Оқушы жауап беріп болғаннан кейін, отырғандардың қайсысы келіспейді, соның пікірін тыңдайды, түзетеді. Ал, әр топ жетекшісі өз тобының жұмысын тексеріп, бағалайды. Осындай талдау кезінде жауап беріп тұрған оқушыны бәрі зейін салып, жауабы қате ме, дұрыс па деп тыңдайды, өз пікірлерін айтады және осы материалды қайталап бекітеді, меңгереді. Өз - өзін, өзара бақылап, бағалау дағдысымен бекіту, практикалық жұмыстар кезінде өткіземін. Онда I оқушы II оқушыға оқып жазғызады, ал II оқушы I оқушыға жазғызады. Яғни өзара диктант жазады. Солай бүкіл жұмысты бітіргенше кезектесіп орындап, бір - біріне емлені өзара түсіндіріп, тексереді, меңгереді. Бұндай тапсырмаларды жаңа материалдарды бекітуде жиі қолданамын. Осындай жұмыстар оқушылардың бойында өздігінен пайымдай алатын, пікірін еркін айта алатын, жаңа материалды өздігінен ізденіп, меңгеріп қорытынды жасай алатын дәрежеге жеткізеді, өз қателерін өздері тауып түзетеді.
Қорыта айтқанда,бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда, өздігінен жұмыс жасаудың, білімді өздігінен игерудің маңызды екенін түсіндік. Бастауыш сынып оқушылары жаңа жүйелі оқу әдістері арқылы ізденгіш, зерттегіш, шығармашыл, проблеммаларды өздігінен шеше алатын, қиын жағдайларда тығырықтан шығу жолдарын таба білетін , функционалды сауатты тұлға ретінде қалыптасады. Сонымен өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:
- жұмыстың көлемін шамадан айырмай, оның санасын арттыруға көңіл аудару;
- оқушының дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
- өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
- оқушыларды алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
- оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, белсенді әрекет жасауға баулу;
Біздің алдымызда, келешек ұрпақты тәрбиелеуде үлкен де, жауапты міндеттің тұрғаны баршамызға белгілі. Оқыту барысында қол жеткен жетістіктерді айтар болсақ , оқушымен орындалатын әрбір өздігінен жұмыс өз нәтижесін беруде. Әрине, бұл мұғалімге де, балаға да өте үлкен жауапкершілікті артады. Мектепте заман талабына сай білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамыту. Олардың талантын, шығармашылығын ашуда өздігінен іздену, талпыну, өз нәтижесін береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мектептегі тәжірибеде орындауға арналған тапсырмалар. Үшінші (базалық) деңгей. ІІІ басылым. <<Назарбаев Зияткерлік мектебі>> ДББҰ, 2012.
Педагогикалық Шеберлік Орталығы Кембридж Университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының деңгейлі бағдарламасына арналған глоссарий.
2. Ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журналы <<Зияткер>>
3. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал <<Бастауыш сыныпта оқыту>> барлық пәндер бойынша.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz