Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

И.Б айзаков Алтай

Пәні:
Әдебиеттік оқу
Сыныбы:
3 сынып
Сабақтың тақырыбы:
И.Б айзаков <<Алтай>>
Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
А)Ақпараттақ құзіреттілік

Ә)Коммуникативтік
құзіреттілік
Б)Проблеманы шешу

-Автор туралы ақпарат беру. Өлеңнің мазмұнымен таныстыру арқылы табиғаттың әсем сұлулығын сезіндіру,ұғындыру.

-Мәтіндегі көркемсөз тіркестерін талдай отырып,шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

-Еліміздегі табиғаты көркем жерлерді суреттеуге дағдыландыру.

Сабақтың типі:
Аралас сабақ.
Сабақтың түрі
Практикалық,сөздік,қөркемдеп оқу
Сабақтың әдісі:
Топтық ой талқы,топтық жұмыс,зерттеушілік әңгіме.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:
Түсіндірмелі-иллюстративті
Оқыту құралдары:
Оқулық,дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы:
Оқытушының әрекеті:
Оқушының әрекеті:
Күтілетін нәтиже:
Ұйымдастыру бөлімі:
Амандасады.Кезекшілік міндеттерін,сабаққа дайындықтарын тексереді.
Оқушылардың сабаққа ынта-жігерін ояту.
Амандасады.
Оқу құралдарын шығарады.Кезекшілік міндеттерін атқарады.Сабаққа дайындалады.
Сабаққа даярлық ұйымдастырып,оқушылардың зейінін аудару.Ынтымақтастық қарым-қатынас орнауы.
Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген С.Мұқановтың <<Көкшетаудың кеудесінде>> мәтіні сұралады.
Өз туған жеріңді қалай суреттер едің шығарма тыңдалады.
Дайын оқушылар түсінгендерін айтады.Көкшенің сұлу табиғатың суреттейді.
Өз туған жерлерін суреттеген шығармаларын оқиды.
Үй тапсырмасын еске түсіру арқылы балалардың сабаққа деген белсенділігі артады.
Өткен материалды қайталау арқылы жаңа тақырыпқа кіріспе:

Сабаққа әзірлеу эмоциясы:
- Жазушы Көкше табиғатын қалай суреттеген?

-Еліміздегі табиғаты көркем қандай жерлерді білесің?

Ұқыпты - ұтар, Іздеген - табар,
Оқыған - озар, Еріншек - тозар

-Көкшенің көк гауһардай кеудесі аспанмен астасып,көркін күн нұрымен бояп тұр.

-Бурабай,Медеу,Алакөл......

Өткен материалды еске түсіру арқылы жаңа материалды меңгеруге деген ынта-ықыластары артады.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
<<Табиғат - туған үйіміз>> деген үлкен тараудың шығармаларының бірі И. Байзақовтың Алтай өлеңін өтетінімізді хабарлай отырып, ақынның қысқаша өмір баянымен таныстыру.

Байзақов Иса - (1900 - 1946 ж)
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылында туған.
Қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы, композитор.
Семейдегі жұмысшылар факультетін, Орынбордағы қазақ халық ағарту институтын, Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері.

- Тау деген сөзді естігенде алдымен ойларыңа не келеді?
- Тау суретін көрсету
- Алтай тауы туралы қысқаша мәлімет беру:
Алтай тау жүйесі - Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км - ге созылып жатыр. Алтай солтүстік - батыстан оңтүстік - шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гобь шөліне дейін жан - жаққа таралған. Алтай таулары 4 мемлекеттің шекараласқан территорияларында орналасқан: Қазақстан (Кенді Алтай -- Шығыс Қазақстан обылысы), Монғолия (Моңғол Алтайы -- Баян - Өлгей аймағы, Ховд аймағы, Алтай аймағы, Увс аймағы ) Ресей (Алтай өлкесі, Алтай Республикасы), Қытай (Шыңжаң - Ұйғыр автономиялы өлкесінің Алтай аймағы).

Оқулықпен жұмыс: - мұғалімнің оқуы; - оқушыларға тізбектей оқыту; - өлеңді талдау

Алтай
Ал десең,аясына алады Алтай,
Көргенде көңілге күй салады Алтай.
Сұлудай торғын киген бұлт жамылып,
Арқаға әлденеше қарады Алтай.

Алтайдың ең үстінде Ақтау биік,
Бойына бұлт жете алмай тартқан күйік.
Аңдары бұғы,марал ойын салып,
Секірген қиясында өршіл киік.

Алтайдың алқабында аю,қабылан,
Оңтүстік даласында орғып құлан.
Елігі ешкісімен есебі жоқ
Жайылып сайын шөлде сайрандаған.
Секілді ақбас атан ала басы,
Бұлт жайлап,бұлттан өзге қона алмаған.
Ақша қар ақ күмістей ай шағылып,
Жібектей бұлттан басқа оранбаған.

Көргенде көз,көңілдің Алтай-емі,
Алтайдың кен аңқиды алған демі.
Жерінен алтын,күміс жентектеліп,
Алтайдың кен құсады талай жері.

Иса Байзаков туралы мәлімет алады.
Мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдайды.Түсінбеген сөздері,яғни сұрақтары болса қояды.

-Биік шыңдар,тобесінде қар жатқан шыңдар елестейді.

Алтай
Ал десең,аясына алады Алтай,
Көргенде көңілге күй салады Алтай.
Сұлудай торғын киген бұлт жамылып,
Арқаға әлденеше қарады Алтай.

Алтайдың ең үстінде Ақтау биік,
Бойына бұлт жете алмай тартқан күйік.
Аңдары бұғы,марал ойын салып,
Секірген қиясында өршіл киік.

Алтайдың алқабында аю,қабылан,
Оңтүстік даласында орғып құлан.
Елігі ешкісімен есебі жоқ
Жайылып сайын шөлде сайрандаған.
Секілді ақбас атан ала басы,
Бұлт жайлап,бұлттан өзге қона алмаған.
Ақша қар ақ күмістей ай шағылып,
Жібектей бұлттан басқа оранбаған.

Көргенде көз,көңілдің Алтай-емі,
Алтайдың кен аңқиды алған демі.
Жерінен алтын,күміс жентектеліп,
Алтайдың кен құсады талай жері.

Жаңа материалға зейін қойуы.Жұмыстану арқылы білім деңгейлерінің толығуы.

Оқушылардың мәнерлеп оқу алулары қадағаланады.
Өздік жұмыс:
1. Алтай тауының әсемдігі ......
2. Алтай тауының биіктігі ......
3. Алтайдың аңдары .......
4. Алтайдың кен байлығы ........

1. Алтай тауының әсемдігі (Жібектей бұлт, сұлудай торғын киген, ақша қары ақ күмістей)
2. Алтай тауының биіктігі (өршіл биік, бұлттан өзге қона алмаған, бұлт жете алмаған)
3. Алтайдың аңдары ( киік, арқар, таутеке)
4. Алтайдың кен байлығы (күміс, алтын, мырыш)

Өздік жұмыс орындау арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыстанулары,ізденулері күтіледі.
Жаңа сабақты бекіту:

Сабақты бекіту мақсатында оқушылардың <<Алтай>> туралы ой-толғаулары тыңдалады.

Жұмбақ
Көтеріп орман,тоғай, тастың бәрін
Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым
(Тау)

Жаңылтпаш

Тау бар,тау бар
Тауда бау бар

Мақал-мәтелдер
Тау кезеңсіз болмас
Өлке өзенсіз болмас.

Көлдің көркі-құрақ.таудың көркі-бұлақ.

Ой - толғау
Мен, Алтай өлеңін оқып отырып біздің елімізде Алтай тауының бар екенін білдім. Ол тау өте биік, әдемі тау екенін байқадым. Таудың сұлулығы таң қалдырды. Тау алқабында аю, қабылан, елік сияқты аңдар мекендейді екен. Алтай жерінен алтын, күміс шығатынын білдім. Осындай байлықты мен мақтан етемін. Туған жеріміздің табиғатын әрқашан қорғап, қамқорлық жасауымыз керек.

-Тау

Жаңылтпаш

Тау бар,тау бар
Тауда бау бар

Мақал-мәтелдер
Тау кезеңсіз болмас
Өлке өзенсіз болмас.

Көлдің көркі-құрақ.таудың көркі-бұлақ.

Жаңа сабақты бекіту кезінде білімдерін жетілдіру.
Бағалау.
Балалар - гүлім менің, Балалар - күйім менің. Балалар нұр сыйлайтын
бүгінгі күнім менің - дей отырып, балалар сендерді өзіме қуат алатын шуақты күндерге теңемекпін. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарың үшін сендерге мынадай <<Шуақты күн>> төсбелгісін сыйлаймын.

Сабақта алған әсерлерін көңіл-күйлерін жеткізеді.Бағаларын қойғызып,бағаларына қанағаттанады.
Сабақтан жақсы әсер алады.Өз деңгейлерін қаншалықты екендіктеріне көз жеткізеді.
Үйге тапсырма:
Өлеңді жаттап келу.
Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады.
Оқушылар осы сабақтан алған білімдерін жетілдіреді.

Ұқсас жұмыстар
Алтай тауын зерттеген ғалымдар
Ана тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар. сабақтар топтамасы. 3 сынып
Мұғалжар тауының ұзындығы
Сабаққа назарларын аудару
И.байзақов алтай. 3 сынып
Алтай тауы. Оқушылармен амандасу
Қызыл кітапқа енген өсімдіктері
Ұлттық саябақтар мен қорықшалар
Бұрынғы Семей полигоны аумағында
Сұлушаш поэмасына арқау болған оқиғалардың таптық мәні
Пәндер