Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Сенің құжатың түгел ме тарауы бойынша тіл дамыту сабағы

Касенова Айман Тенеловна,
Ақтобе қаласының
жалпы білім беретін орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сынып: 11 <<А>> сынып
Сабақтың тақырыбы: <<Сенің құжатың түгел ме?>> тарауы бойынша тіл дамыту сабағы
Сабақтың мақсаты: оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, тілдесім әрекеттерін жандандыру. Грантқа түсу үшін шарттары мен құжаттар тізімімен таныстырып, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: тыңдаған мәліметтерден қорытынды шығара алуға, тілді меңгерудегі тосқауылды жеңуге үйрету, грантқа түсу үшін шарттары мен құжаттар тізімімен таныстыру.
Дамытушылық: бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамыту.
Тәрбиелік: кәсіптік бағдар беру.
Күтілетін нәтиже:
- Тақырыпқа байланысты сөздерден сөз тіркестерін, сөйлем құрастыра алады.
- Төмен дәрежелі сұрақтарға жауап береді.
- Шағын әңгіме құрастырады, бір - бірімен диалогқа түседі.
Негізгі дереккөздер: оқулық қазақ тілі. 11 сынып, С.Дюйсебаев, Г.Байтлеуова.
Түрлі түсті маркерлер, А3 қағазы, бағалау парақтары, интербелсенді тақта, Үлестірме парақтары, т.б.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Блум таксономиясы, постермен жұмыс, болжау, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс

Сабақтың кезеңдері
Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс- әрекеті
Деректі көздер
Ұйымдастыру кезеңі:Психо-логиялық ахуал туғызу.
3 мин.
Оқушыларды шеңберге қойып бір-біріне гүл сыйлату

Оқушылар шеңберге тұрып өзара гүл сыйлап, тілектер тілейді
Топтың ішінен топ басшысы даярланады

Топқа бөліну
1 мин
Топқа түрлі түстер арқылы бөлінеді.
Бағалау парақтарын таратады.
Топ мүшелері топталады.
Бағалау парақтарын алады.
Бағалау парақтары
Үй тапсырмасын тексеру

<<Болжау әдісі>>

І. Білу

Мәтінді оқу, сөздік жұмысы
4
мин

1
мин

5 мин
Презентация көру<<Мамандық таңдау>>
<<Миға шабуыл>>:
Бейне не туралы?
Сендерді алда не күтіп тұр?
Бүгінгі таңда оқуға түсу үшін не қажет? Қазақстандық оқу орындары туралы не білеміз? Осы сұрақтарға бүгінгі сабақта жауап іздеп көреміз.
Cабақтың тақырыбы: <<Сенің құжатың түгел ме?>> тарауы бойынша тіл дамыту сабағы. Сабақ мақсатымен таныстыру

Мәтінді түсініп оқу

Оқушылар тақырыпты болжайды.

Әр топ тақырыпты дәптерге жазады.

Әр топ берілген мәтіндерді оқиды.

Интербел-ді тақта

Мәтіндер үлестіріледі.
ІІ.Түсіну

8 мин

5 мин
Постер жасау:
<<Грантты қалай алуға болады?>>

<<Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар>>
<<Кәсіптік жоғары білім>>
<<Білім беру несиесі>>

Постер қорғау
Әр топ сол мәтін бойынша постер дайындайды.

Әр топ бір-бірін бағалайды. Топбасшысы топ мүшелерін бағалап отырады.

Плакат

Сергіту сәті
2
мин
<<Біздің мектептің түлектері>> презентация көрсетеді

ІІІ. Қолдану
2-тапсырма.
4
мин
Топтық жұмыс. Әр оқушы өзінің болашақ оқу орны туралы мәтіннен 10 трек сөз жазады. Оны топқа ұсынады, сол тірек сөздер арқылы белгілі оқу орны туралы мәтін құрастырады.
Оқушылар тапсырмаларды топпен орындайды.
Мәтіннің түп нұсқасымен салыстырады.

ІV. Талдау
Өз бетінше меңгеру
12
мин
Мәтіндерін тексеру
Бір - бірін бағалайды.
А3 қағазы, стикерлер
V. Жинақтау
3
мин
Семантикалық карта толтырады.
Толтырып, дұрыс вариантпен сәйкестендіріп, тексереді.

VІ.Үй жұмысын беру.
VII.Бағалау
2
мин
Тақырып бойынша <<Жуан, жіңішке>> сұрақтар арқылы диалог құру.

<<Екі жұлдыз, бір ұсыныс>> бағалау әдісі арқылы рефлексия өткізу.

Күнделіктеріне жазып алады

Топтың эксперттері бағалау критерийлерге сүйеніп бағалайды.

Бағалау критерийлері

Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі туралы
Мәліметтерді сүзу
Фонетикадан өткенді қайталау
Файлдар мен қапшықтарды іздеу
Оқушы әрекеті. Ауаның ластануы
Қазақ тілінен грамматикалық ойындарды қолдану
Баланың еңбек бостандығына құқығы
Сөйлем түрлері
Қазыналы арал
Омж әдебиет. 6-сынып
Пәндер