Тақырып - 7 саны мен цифры

Сабақтың тақырыбы: « 7 саны мен цифры »
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларды 7 санымен, цифрымен таныстыру; 7 санының құрамын анықтау; өрнек құра білуге үйрету.
- Оқушыларды адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа, қоршаған ортаны аялай білуге және 7 саны - киелі сан екендігін білуге тәрбиелеу.
- Оқушылардың ой - өрісін, танымдық белсенділігін, математика сабағына қызығушылығын арттыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық: а) сәлемдесу
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Өткен сабақты қайталау. ( үлестірме карточкалар арқылы )
ІІІ. Жаңа тақырып. Ребус шешу, « ҚАЗЫНА » сөзі шығады.
- Қазынадегеніміз - мол байлық, «қазына»сөзі математикада 7 санымен байланысты. Қазақта 7 саны киелі сан болып табылады. Мысалға, 7 қазына, аптаның 7 күні, 7 ата, 7 шелпек. Ендеше біз бүгін 7 санымен, цифрымен танысамыз.
- Біз бүгінгі сабақтың мақсатын ашу үшін« 7- қазынамен »танысамыз:
- 1қазына -« Жүйрік ат »
« Ер қанаты - ат » деген қанатты сөз бар. Халқымыз төрт түлік малдың ішінде жылқыны ерекше бағалаған. Жылқының етін, қазы - қартасын жеп, қымызын ішкен, терісін пайдаланған. Атқа мініп, өз жерін, елін жауларынан қорғаған.
Тапсырмалар:
- 1-ден 10 ға дейінгі сандарды тура және кері санау;
- 7 санының көршілерін ата;
- 2 қазына« Алғыр тазы »
Тазы - иттің бір тұқымы. Ата - бабаларымыз тазы итпен аң аулаған. Онымен қасқыр, түлкі, қарсақ ұстаған. Ит адамға қолғабыс болып, мал күзеткен.
Тапсырмалар:
- Сурет бойынша өрнек құрастыру.
- 3 қазына« Берен мылтық»
Ертеде аталарымыздың үйінде найза, айбалта, садақ, қылыш және мылтық болған. Батырларымыз осы қарулардың көмегімен жауларын жеңіп, елін - жерін қорғаған.
Тапсырмалар:
- Сандарды салыстыру, таңбасын қою:
6 * 7; 7 * 7; 2 * 4; 7 * 5; 6 * 5; 4 * 6
- 4 қазына« Ер жігіт»
« Ер - ел қорғаны » - дейді дана халқымыз. Кең байтақ даламызды, өзен - көл, орманымызды жауларымыздан қорғаған ер бабаларымыз өте көп болған, олар Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырышты Наурызбай, Райымбек батыр, Жәнібек батыр және тағы басқа батырлар болған.
Ал балалар сендер бізге Тәуелсіздік әперген қандай аға - апаларыңды білесіңдер? Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Ләззат Асанова .
- Сергіту сәті.
- 5 қазына« Сұлу әйел»
Әйел - ол Ана, жар, апа, қарындас. Жақсы әйел - әрбір отбасының ұйытқысы, ырыс- берекесі, балаларын мәпелеп, өнегелі тәрбие берген.
Тапсырмалар: « Алма теру» ойыны
- 6 қазына« Қыран бүркіт»
Қыран бүркітті ата - бабаларымыз балапан кезінен баулып, аң аулауға үйреткен.
Тапсырмалар: Дәптермен жұмыс, 7 цифрын жазу.
- 7 қазына« Ілім - білім »
Адам баласы пайда болғалы ілім - білімге ұмтылып келеді. Білімнің арқасында машина -трактор, теледидар, компьютерлер жасалды. Сондықтан білім- ғылымды игерсеңдер еш қор болмайсыңдар.
Тапсырмалар: Ойын: « Орныңды тап? » Оқушыларға сандар таратылып беріледі. Сол сандарды ретімен қойғанда мақал шығады. « ОҚУ - БІЛІМ БҰЛАҒЫ»
7 санына байланысты мақалдар:
- Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер.
- Бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді.
- Жеті атасын білмеген - жетесіз.
ІҮ. Сабақты қортындылау. 7 санының құрамы.
Ү. Оқушыларды бағалау.
Жаңа Жайнақ ауылы №49 орта мектебі
Ашық сабақ
(математика - 1 сынып)
Тақырыбы: 7 саны мен цифры
Сабиева А. Қ
2011 - 2012 оқу жылы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz