Сабақ жоспары: Сан есімнің мағыналық түрлері (қазақ тілі)

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

«Сәулет» мектеп - лицейі

Күлшариева Бибігүл Сағиндыққызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні: қазақ тілі

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің мағыналық түрлері
Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Сан есімнің мағыналық түрлері туралы мағлұмат беру, мәтінмен жұмыста түрлерін ажырата білгізу.
2) Дамытушылық: логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3) Тәрбиелік: Мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу. Білімді, саналы азамат болуға шақыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, оқулық, плакат, парақшалар, т. б.
Сабақтың түрлері: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, сахналық қойылым, жеке, топтық жұмыс, қызығушылықты ояту.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын даярлау, сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау: парақша суыру арқылы өткенді қайталау
А) Сұрақ - жауап (3минут) .
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есімнің құрамына қарай түрлерін ата?. т. с. с

Жаңа сабағымызды бастамас бұрын бағалау критерийлерін ескерту:

Оқушының аты - жөні
Ережелерді толық түсіндіріп, қолдана білуі
Парақшаға жауабы
Жаттығу жұмысы
Шығармашы-лық қабілеті
Қорытынды бағасы
Оқушының аты - жөні:
Ережелерді толық түсіндіріп, қолдана білуі:
Парақшаға жауабы:
Жаттығу жұмысы:
Шығармашы-лық қабілеті:
Қорытынды бағасы:
Оқушының аты - жөні:
Ережелерді толық түсіндіріп, қолдана білуі:
Парақшаға жауабы:
Жаттығу жұмысы:
Шығармашы-лық қабілеті:
Қорытынды бағасы:
Оқушының аты - жөні:
Ережелерді толық түсіндіріп, қолдана білуі:
Парақшаға жауабы:
Жаттығу жұмысы:
Шығармашы-лық қабілеті:
Қорытынды бағасы:
Оқушының аты - жөні:
Ережелерді толық түсіндіріп, қолдана білуі:
Парақшаға жауабы:
Жаттығу жұмысы:
Шығармашы-лық қабілеті:
Қорытынды бағасы:

.

  • ІІ ЖАҢА САБАҚ:

Сабақтың мақсатымен таныстыру, өткен сабақпен байланыстыра отырып, жаңа сабақты түсіндіру

Сан есімнің мағыналық түрлері

Түрлері
Сұрақтары
Жасалу жолдары
Мысалдар
Түрлері: 1. Есептік
Сұрақтары: қанша? неше?
Жасалу жолдары:
Мысалдар:

бір, екі, үш, төрт, бес,

он, жиырма, отыз, елу,

жүз, жүз мың, бес мың

Түрлері: 2. Реттік
Сұрақтары:

нешінші?

қаншасыншы?

Жасалу жолдары:

-ыншы, -інші,

-ншы, -нші

Мысалдар:

бірінші, оныншы,

жүзінші, мыңыншы

Түрлері: 3. Жинақтық
Сұрақтары: нешеу?
Жасалу жолдары: -ау, -еу
Мысалдар:

біреу, екеу, үшеу,

төртеу, бесеу, алтау,

жетеу

Түрлері: 4. Топтау
Сұрақтары:

нешеден?

қаншадан?

Жасалу жолдары:

-дан, -ден,

-тан, -тен,

-нан, -нен

Мысалдар:

бестен, оннан, жүзден,

отыз бестен, екі-екіден,

бір литрден

Түрлері: 5. Болжалдық
Сұрақтары:

қанша? неше?

қаншадай?

нешеге жуық?

Жасалу жолдары:

-дай, -дей,

-тай, -тей,

-даған, -деген,

-таған, -теген

-ер

-лап, -леп,

-дап, -деп,

-лар+септік жалғ.

есептік+есептік

Мысалдар:

елудей, отыздай,

жетпістей,

ондаған, жүздеген,

мыңдаған

бірер

ондап, елулеп, жүздеп

ондарда, елулерде

екі-үш, елу-алпыс

Түрлері: 6. Бөлшектік
Сұрақтары: қанша? неше?
Жасалу жолдары:

есептік+шығыс септік

жарты, жарым,

ширек

Мысалдар:

оннан бір, бір бүтін

бестен үш, мың жарым,

жүздің жартысы

Көрініс: «Сөз табы» еліндегі Сан есім қария мен оның алты ұлы (есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, топтау, бөлшектік)

ІІІ. Білімді бекіту жұмыстары:

А) Біздің сыныпта жиырма оқушы бар. Қазір алтыншы сыныпта оқимыз. Біздің көбіміз екі мың бесінші жылы дүниеге келгенбіз. Сабақта екі - екіден отырамыз. Жиналысқа он шақты ата - ана қатысып отыр. Бүгінгі сабақтар бес жарым сағатқа созылады. Сегіз сабақтың алтауы өтеді.

Слайдтағы мәтіннен сан есімдерін тауып, құрамына, мағынасына талдау

Ә) Оқулықпен жұмыс: 114-жаттығу (ребус шешу)

Б) ПОЛИГЛОТ (жұппен)

Берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, оны орыс және ағылшын тілдеріне аудар:

  1. . … атасын білмеген жетесіз

2 . … ала болса ауыздағы кетеді,

… түгел болса ауыздағы кетеді.

  1. . … тістен шыққан сөз,

… рулы елге тарайды.

  1. . . . рет өлшеп, . . . рет кес.
  2. Ер жігіттің . . . сөйлегені - өлгені.
  3. Қызға . . . үйден тыйым
  4. . . . саусақ бірдей емес.
  5. Ел құлағы- . . .
  6. …. . теңгең болғанша, … досың болсын.
  7. Алыстан …… жасар бала келсе, Алпыстағы қария сәлем бере келеді.

В) «Сандарды сөйлет» (әр оқушы бір сөйлемнен оқиды)


Ұқсас жұмыстар
6-сынып қазақ тілі: Сан есімнің мағыналық түрлері, емлесі және жасалу жолдары
Сан есімнің мағыналық түрлері: есептік және реттік сан есімдер
2-сынып қазақ тілі: Сын есімнің мағыналық түрлері туралы сабақ жоспары
Сабақ жоспары: Сын есімнің мағыналық түрлері
6-сыныпқа арналған сабақ: Сан есімнің мағыналық түрлері (есептік және реттік) және Тәуелсіздік лексикасы
Сын есімнің мағыналық түрлері: сапалық және қатыстық
Сан есімнің түрленуі: сабақ жоспары
7 «Б» сынып қазақ тілі сабағы: Сан есімнің түрленуі
Сын есімнің мағыналық түрлері: сапалық және қатыстық сын есімдер (6-сынып)
Сабақ жоспары №30 - 6 А сынып: Сын есімнің мағыналық түрлері (сапалық және қатыстық сын есімдер)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz