Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Көкөністерді маринадтау
Пән мұғалімі: Жанисова Ж.С
Пәннің аты: Технология
Сыныбы: 8 а
Уақыты:
Сабақтың тақырыбы: Көкөністерді маринадтау.
Сабақтың мақсаты:
- маринад туралы түсінік қалыптастыру, түрлі көкіністерді маринадтау тәсілдерін үйрету.
- Қыз балаларды үй шаруасына, еңбекке баулу
- Жауапкершілікке, өзара көмекке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып түсіндіру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сарамандық.
Сабаққа қажетті көрнекіліктер: слайд, түрлі көкөністер, қол машинасы, шыны банка.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Сергіту жаттығуларын орындайды. Бағалау парағымен танысады.
II. Үй тапсырмасын тексеру. (Тәтті тағамдар және сусындар.)
Жалғастыру диктанты.
Сөйлемді толықтыр.
1. Кристалды, ақ түстес, иісі жоқ, дәмі тәтті өнім. ........... тағамның құндылығын арттырады, оған тиісті дәм мен ылғалдылық береді.(Құмшекер)
2. ............... жоғары тағамдық сапасы, татымдық дәмі және хош иісі жағынан ерекшеленеді.(Бал)
3. ............. таза, тазартылған және құрғақ күйінде тәтті тағам ретінде пайдаланылады. (повидло, джем, тосап)
4................. пюре әзірлейді, кондитер бұйымдарды әшекейлейді.(Жеміс-жидектер)
5. .................. -бағалы әрі тәтті өнім, 40 - 70% май мен белок бар. Кондитер бұйымдарына дәм мен хош иіс береді.(Жаңғақ)
6. .............. ақ түстес химиялық қопсытқыш, суда тез ериді, қамырды жұмсартады, қопсытады.(Ас содасы)
7. ........... өте күшті жағымды иісі бар, ақ түстес кристал ұнтақ, қамырға өте аз мөлшерде әрі ерітінді немесе қатты қант күйінде қосады.(Ванилин)
ІІІ.Жаңа сабақ
Жұмбақ жасыру
Аласа талда алуан алма,
Алқызыл болмай аузыңа салма /қызанақ/.
Жер астында ақбоз ат,
Терісі бар он қабат.
Жалынан ұстап соярсың,
Жей бастасаң жыларсың. /Пияз/.
Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям (қияр)
Үстінде тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр (қызылша)
Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім,
Жаңбыр одан өтпейді
Түймелеуге жетпейді (орамжапырақ)
Оқушыларға көкөністерді тарату
Салаттар дайындайды.
Тұздайды
<<Көкөніс>> ассоциация құру.
<<Көкөніс>> сөзіне ой қозғайды.
Маринадтайды
Дәруменге бай.
Көкөніс
Тамақ дайындайды
Тосаптар дайындайды.
Шырын, сусын дайындайды.
- Кеше ғана жаз келді деп асыр салып жүр едік, енді міне , көзді ашып-жұмғанша күңіренген күз де өз патшалығын құрды. <<Қыстың қамын жаз ойла>> деген аталы сөзге құлақ асатын аналарымыз бен әпкелеріміз қытымыр қыстың дайындығына жаз ортасынан бастап кірісіп кеткен.
Көкөністер - бағалы тағам. Көкөністерде адам оғзасына қажетті дәрумендер мен минералды тұздар, сондай-ақ белоктар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майы мол. Мысалы, картоп - крахмалға, қызылша - қантқа бай, қырыққабатта С дәрумені, ал сәбізде - А дәрумені көп, рауғашта органикалық қышқылдар басым, көк бұршақ -белоктарға, аскөк - хош иісті заттарға бай.
Жазда сүйіп жейтін көкөністердің бірі - қияр
Бұл көкөністе ағзамыз қажет ететін пайдалы заттардың көбісі жинақталған. Олар: B1, B2, B3, B5, B6, С дәрумендері, фолий қышқылы, кальций, темір, магний, фосфор, калий мен мырыш.
* Ауыр жұмыс күнінен шаршап, үйге әрең жеттіңіз бе? шайды қоя тұрыңыз. Тоңазытқыштан бір балғын қиярды тазалап, жеп көріңіз. Құрамындағы В дәрумендер топтамасы мен көмірсутектер сізді бірнеше сағатқа энергиямен қамтамасыз етеді.
* Кішкене әжім мен целлюлитке қарсы қымбат кремдерді алудың қажеті жоқ. Қиярдың бір тіліміміен теріңізді сүртуді әдетке айналдырсаңыз, келешекте бұл сіз үшін қиын мәселе болмайды. Қияр құрамындағы фитохимиялық заттар теріні берік қылып, целлюлит пен әжімдерден сақтап қалады.
* Кешке отырысқа барып, көп қыдырып, шаршадыңыз ба? Ұйқы алдында бір қияр жеп алыңыз. Ол ағзаңызға қажетті мөлшерде қант, дәрумендер мен электролиттер береді. Соның арқасында таңертең көзіңіз іспей, басыңыз ауырмай оянасыз.
* Үйге шаршап келдіңіз бе? Қиярды текшелерге бөліп, қайнап тұрған суға бір қайнатыңыз. Осы судың буымен дем алсаңыз, қиярдағы пайдалы заттар бумен беріліп, бойыңызды сергітеді.
* Түскі астан кейін қол астыңызда сағыз табылмады ма? Қиярдың бір тілімін тіліңізбен таңдайыңызға жабыстырып, осылайша 30 секунд тұра тұрыңыз. Осылайша ауыздағы жағымсыз иісті қоздыратын бактерияларды өлтіресіз.
Біз бүгінгі сабағымызда көкіністерді маринадтау, соның ішінде қияр көкөнісін маринадтауды үйренеміз.
Алдымен жұмыс орындау кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелерін есімізге түсірейік.
- Қолымызды тазалап жуып, алжапқыш пен орамал тағамыз, жеңді жинап қоямыз.
- Қайнап жатқан сұйықтың газ плитадағы отқа төгілуіне жол бермеңіз.
- Сұйық қайнағанда қызуды төмендетіңіз.
- Өнімдерді тек арнайы тақтада тураңыз.
- Өткір пышақты пайдаланғанда мұқият болыңыз.
- Ас үй аспаптарын басқаға әпергенде, оны тек сабы жағымен беріңіз.
- Жұмыс аяқталғанда электр, газ плиталарын сөндіруді ұмытпаңыз.
Маринад- көкініс, жеміс-жидектерден дайындалады. Оған әр түрлі дәмді сірке суы қышқылы, тұз бен құмшекер қосылады. Маринадтың жағымды дәмі және хош иісі болады. Оны қою тағамға, түрлі салаттарға тұздық ретінде пайдаланады. Көкініс маринадтарын қиярдан, қызанақтан, қырыққабаттан, пияздан, сарымсақтан, тәтті бұрыштан жасауға болады.
Консервілеу үшін көкөніс соғылмаған, шірімеген, құрт түспеген, көгеріп, қабықтары жарылмаған болуы керек.
Шыны банка дайындау.
- Консервілуге арналған банкілерді пайдалану алдында жуады. Содан соң ыстық сумен шаяды (дизинфекция үшін). Стирельдеу алдында банкілерді шамалы қыздырып алса, жарылмайды.
- Банкіге салынған көкіністер оның жоғарғы ернеуінен 1,5-2 см төмен болуы керек.
- Стирельдеу үшін банкі салатын кең ыдыстың түбіне бірнеше қабаттан мата салып қойған дұрыс. Стирилизациялаудан өткен банкіні жылдам алып, қақпағын тез жауып, содан соң үстелге төңкеріп қояды. Қаңылтыр қақпақтарын алдын ала содамен жуып, құрғатып сүртеді.
Қиярды маринадтау.
Маринадтау үшін дәні жетіле қоймаған және балдыры тығыз ұсақ қиярларды алу керек. Сабақтарын алып тастап, қиярларды мұқият жуып, суық суға салады (6-8 сағат бойы). Ұсақ қиярларды тұтастай маринадтайды, ал ірілерін дөңгелектеп кеседі. Ұсақтап туралған дәмді көк араластырады. Қоспаның бір бөлігін банканың түбіне қалыңдығын 1-1,5 см етіп төсейді, сонымен бірге 10-15 түйір қара бұрыш, 1 лавр жапырағы салынады. Дайындаған қиярларды (біркелкі болғаны жөн) банкаға салып, бетіне тағы да көк салып, батып тұратындай етіп қайнаған тұздық құю керек.
IV. Сарамандық жұмыс: Көкөністерді (қиярды) маринадтау.
Шыны банкаларға қол машинамен қақпақтар жауып үйрену.
Қорытындылау. Тест жұмысы:
1.Маринадтау үшін қиярларды алу керек ?
А) таза жуылған, дәні жетіле қоймаған қиярды
Ә) дәні жетіле қоймаған және балдыры тығыз ұсақ қиярды+
Б) қатты піскен, үлкен қиярды
2.Маринадқа қандай дәмдеуіштер қосылады?
А) қара бұрыш, лавр жапырағы,қант
Ә) укроп, сарымсақ,тұз
Б) қара бұрыш, лавр жапырағы, укроп, сарымсақ, тұз, қант+
3.Банкіге салынған көкіністер оның жоғарғы ернеуінен қанша см төмен болуы керек.
А) 7-9 см
Ә) 4-5 см
Б) 1,5-2 см+
4.Маринадтауға арналған қиярларды мұқият жуған соң қанша уақытқа суық суға салады
А) 6-8 сағат бойы+
Ә) 1 күн бойы
Б) 30 минут бойы
5. Ас үйде қандай ыдысқа қияр тұздауға, орамжапырақ ашытуға, қышқыл сорпа дайындауға болмайды?
А) шыны ыдыс; Ә) болат ыдыс; Б) шыңылтыр ыдыс; В) алюминий ыдыс.
Рефлексия жасау.
<<Мен................. білдім.
Көкөніс................. түсіндім
................ қолданамын>>
Оқушылар сабақ бойы меңгерген білімдерін жинақтап, бекіту сұрақтарына жауап береді.
Көкөністерге бүгінгі сабақтан алған әсерін жазады және өзінің сабаққа қатысу дәрежесін бағалау карзинасына белгілейді.
V. Үйге тапсырма. Қызанақты маринадтап үйрену.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz