Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ою - өрнек түрлері және дайындау реттілігі туралы
Қызылорда облысы Арал ауданы №83 орта мектебінің Технология пәнінің мұғалімі Ильясова Гүлайым
Тақырыбы: Ою - өрнек түрлері және дайындау реттілігі
Сабақтың тақырыбы: Ою - өрнек түрлері және дайындау реттілігі
Мақсаты:
1. Ою - өрнектің түрлерімен таныстырып, оның бүктеу және қию әдістерін үйрету;
2. Оқушыларды халқымыздың салт - дәстүріне, қолөнеріне терең үңілдіріп, ой-өрісін дамыту;
3. Оқушыларға ою - өрнектер өнерін үйрету үстінде эстетикалық талғамдары мен өнерге деген шеберлік ынта, қабілетін арттырып, көркемдікпен, әсемдікпен жасалғанына көздерін жеткізе отырып тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас, сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, түсіндіру, сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, тарих, әдебиет.
Көрнекілігі: ою-өрнек түрлерінен жасалған буклет, кітаптар, оюлардың үлгілері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып бойынша үлестірмелі парақтар арқылы топ жұмысын ұйымдастыру. Әр топ берілген сұрақтарға жауап береді.
І - топ:
* Ою дегеніміз не? (Ою дегеніміз - бұйымға түсірілген өрнекті кесу арқылы өңдеу)
* Композиция дегеніміз не? (Композиция дегеніміз - өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру, жүйелеу)
* Ритм дегеніміз не? (Ою - өрнекте бір элемент қайталанып келсе, мұны ритм дейміз)
* Төрт жолдық өлең шығару, поэзия минуты. Енді үйден дайындап келген өлеңдерін болса, оқиық.
Оюларға сүйсініп,
Қайран қалып тұрасың
Көре білсең түсініп
Одан көп сыр ұғасың
ІІ - топ:
* Орнамент дегеніміз не? (Қазақтың ою және өрнек қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді, мағынасы - сәндеу, әсемдеу, әшекейлеу)
* Симметрия дегеніміз не? (Симметрия дегеніміз - ою-өрнектің екі жағының тең болуы)
* Колорит деген не? (Бұйымға салынатын ою - өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы - колорит деп аталады)
* Төрт жолдық өлең шығару, поэзия минуты.
Оя алсаң ою әдемі,
Үйлессін оған көлемі.
Бояуымен үндескен
Ою әсем түр - түспен
ІІІ. Жаңа сабақ
Жайлаудың шырынды шөптерінің арасында, тау етегінде ауыл сұлап жатты. Алау түтіні, қойлардың маңырағаны, иттердің үрі, балалар күлкісі - осының бәрі ауылға жақындағанда естіледі.Міне, киіз үйлерде тұр. Қазақ халқы көшпенді ел болып, жаз - жайлауда, қыс - қыстауда заман ағымына сәйкес киіз үйде тұрмыс құрып өмір сүрген. Сол ата - бабаларымыздан қалған асыл мұра - қазақтың киіз үйі.
Бүгін көп қызықты заттар көріп, ою - өрнек туралы білуіміз үшін және шығармашылық жасау үшін үш киіз үйге кіріп - шығуға шақырамыз.
а) - Қане, бірінші киіз үйге кіріп көрейік.
<<Өнер - таусылмас азық, жоғалмас байлық>>,- дейді халық даналығы. Халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы - ою - өрнектер.
* Ою - өрнек не үшін қолданылады? (Ою - өрнек тұрмыста, бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек)
* Халқымыз оюмен нені әшекейлеп безендірген? (Ою - өрнек әр түрлі үлгіде дамыған. Оның негізгі элементі мүйіз тектес болып халқымыздың жиі пайдаланатын заттарында - өру, тігу, құрау, қию арқылы үй жиһаздарына, зергерлік бұйымдарға, кілем, сырмақ, текемет, қоржын, ыдыс-аяқтарға, киім - кешектерге безендіріліп салынған)
Кезенде өнертанушы В.Чепелев <<қазақтар тек ою - өрнек әлемінде өмір сүрген сияқты>>,- деп атап көрсеткен.
Ежелден қолөнерді қастерлей білген халқымыздан мұра болып келе жатқан тұрмысқа оюланған қажетті бұйымдар өте көп.
Қазақ шеберлері әр нәрсені жарық, көркем, төлді етіп жасауға тырысқан.
ә) - Ал, енді білейік, қандай ою түрлері бар. Ол үшін екінші киіз үйге кіріп көрейік. (Ою-өрнек кестесі, слайд)
Ою - өрнектің атауы мен түрлері өте көп. Ғалымдар бүгінге дейін 200-дей түрін анықтаған.
<<Ою - өрнекті қайдан, кімнен үйрендің ?>> - деген сауалға атақты суретші Әбілхан Қастеев:
Таудың бұлағынан,
ойдың құлағынан
Апамның киізінен
Ешкінің мүйізінен, - деген өлең жолдары жоғарыда айтылғандардың дәлелі.
б) Әр түрлі өрнек үлгілерін жасаушы, қазақ ою - өрнегінің шебері - оюшы.
- Келесі киіз үйге кіріп көрейік. Бұл киіз үй - шеберхана. Шағын еңбегімізде - қолөнерді әрі қарай дамытып, осы шеберханада жетілдіру керекпіз.
- Балалар, әжелеріміз ою үлгісін жасауды, оюды кімдерден үйренген? Оларды өз әжелерінен, аналарынан, әпкелерінен үйренген. Осылай ұрпақтан ұрпаққа ауысып, бүгінге жеткен. Бізде ою ойып көрейік.
IV. Сарамандық жұмыс
* Балалар, мүйіз оюын қиып үйренейік. Қию алдында, қайшымен жұмыс
техникалық қауіпсіздік ережесін қайталайық.
1. Қайшыны арнайы қобдишада сақтау қажет.
2. Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен берме
3. Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.
4. Қайшымен жұмыс кезінде жолдасының көңілін бөлме.
5. Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.
- Жарайсыңдар, енді жұмысымызға кірісейік. Мына мүйіз оюын қию нұсқасына назар аударыңдар (слайд - қағазды бір бүктеу әдісін көрсету)
1) тапсырма: Топпен жұмыс
1 - топ. <<Қошқармүйіз>> оюын ою
2 - топ. <<Сынық мүйіз>> оюын ою
2) тапсырма: Ою, өнер туралы мақал - мәтел айтып жарысады.
3) Мақалдың жалғасын табу.
1. Ер қадірін ер білер, ....( зер қадірін зергер білер)
2. Ақыл көпке жеткізір, ...(өнер көкке жеткізер)
3. Оюды оя алмаған....(ойсыз)
4. Ойсыздан...(оюшы) шықпайды
4) Сұраққа жауап
- Қазақ оюының кең тараған түрі (мүйіз оюы)
- Қыз есімімен аталған өрнек (ботакөз)
- Гүл оюы нені бейнелейді? (қуаныш)
1)
2)
3)
Қ
О
Й
А
Ю
К
Ө
Ж
Е
Қ
О
Р
А
7)
5)
6)
Н
А
Н
Е
Р
Ә
К
Е
- Үзілмейтін бағыт, мәңгілік нышаны не? (дөңгелек оюы)
5) Сөзжұмбақ шешу
1. Төрт түліктің бірі
2. Маймақ аң 4)
3. Наурыз тағамы
4. Мал жайы, қонысы
5. Ас атасы не?
6. Ат әбзелі
7. Асқар таудай адам
6) Оюларды өз тобына жинау.
7) Семантикалық карта. Ойын шарты:қай топ бірінші белгілейді, мұғалімге көрсетеді.
V. Сабақты қорытындылау.
- Ою - өрнек қанша топқа бөлінеді? Және қандай?
- Ою дегеніміз не?
- Симметрия дегенініміз не?
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма: Бүктеу, қырқу тәсілдері бойынша ою - өрнек түрлерін орындап келу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz