Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Отан анам-Отаным

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық құрметіне арналады
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Отан анам-Отаным!
Күні:15.11. 2016 ж. Сыныбы: 6 <<А>> Сынып жетекшісі: Ильясова Роза Жұмадинқызы, Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, №274 орта мектеп.
Мақсаты: Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық құрметіне байланысты оқушыларға тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегенін ұғындыру, өз Отанына,туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз елінің тарихын құрметтеуге баулу. Тәрбиелігі: оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР-ң 1991-2016 жылға дейінгі тарихынан үзінділер бейнеленген слайдтар,бейне баян, плакаттар, қанатты сөздер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. ҚР-ң мемлекеттік Әнұраны

Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.1991-2016 жылдар аралығындағы тәуелсіз еліміздің жетістіктері
2. <<Той бастар>> күйі
3.<<Тәуелсіздік>> тақырыбында әдеби монтаж
4. Ақын Бауыржан Қарағызұлы <<Диалог>> өлеңі
5. Отан , туған жер туралы мақал- мәтелдер (топпен жұмыс)
6. <<Тәуелсіздік деген не?>> <<Мен - бейбітшілікті сүйемін>> тақырыбына постер қорғау (топпен жұмыс).
ІІІ. Қорытындылау

1. ҚР-ң мемлекеттік Әнұраны
2. Мұғалім: <<Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдеріне де молынан жетеді,- деп әруақытта өз сөзінде Елбасымыз осылай дейді. Оның үлкен мағынасы бар. Бізге тәуелсіздік оңай келген жоқ.Ата- бабаларымыз тәуелсіздік үшін қаншама қан төкті. Сол тәуелсіздік таңның атқанына биыл 25 жыл толып отыр! 1-жүргізуші: Биылғы жыл еліміз мен халқымыз үшін айтулы ,мерекелі жыл! Ол- Қазақстан Республикасының 25 жылдығы ! ( қосылып) Олай болса, Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қош келдіңіздер! <<Отан анам - Отаным!>> тақырыбында өткелі отырған ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз!
2-жүргізуші: Кешегі өткен ХХ ғасырдың аяғында ең бір қазақ үшін басты қуаныш байлығы - елімнің Тәуелсіздік туралы заңы қабылдануы. 1-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР-ң тәуелсіздік заңы қабылданып,онда былай делінді: ҚР тәуелсіз мемлекет ретінде күүлі аумақта бүкіл өкімет билігіне ие болады.Өзінің ішкі сыртқы саясатын дербес анықтап, өзі жүзеге асырады. Бұрынғы ҚР - ң аумағы тәуелсіз жаңа мемлекеттің аумағы деп танылды.Бұл аумақ бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды,- деп жарияланды . 2-жүргізуші: Қош келдің Тәуелсіз Түркіге! Қош келдің Тәуелсіз Қазаққа! Даланың көшпелі Обалын ойлаған - Сананың мәңгілік Шырағы. 1-жүргізуші: Кірпіктің ұшында қуаныш мөлдіреп, Көзімнің ішінде Көк Туым желбіреп, Арқаның төсіне айбарлы Астана орнатып, Алаштың мерейін тасыттым. 2-жүргізуші: Міне содан бері 25 жыл жылжып өте шығыпты. 1-жүргізуші: Яғни менің елім- 25 жасқа толыпты. 2-жүргізуші: Кәне саралайықшы 25 жылда қаншама жетістікке жеттік! 1-жүргізуші:Бүкіл әлем таныған Қазағымның шыңы -қаншама биікке жетті! (Экран арқылы. Жүргізушілер оқып тұрады) 2 - жүргізуші:1991ж.7 қыркүйекте Қазақстан Коммунистік партиясы таратылды. 1 - жүргізуші: 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық сынақ алаңы жабылды. 2 - жүргізуші: 1991ж. 2 қазанда бүкіл қазақ елін әлемге танытқан қазақ азаматы тұңғыш ғарышқа ұшты. Ол - Тоқтар Әубәкіров еді. 1 - жүргізуші:1991ж. 1 желтоқсанда -Тұңғыш президентіміз сайланды. Бұл күн- 2012 жылдан бері елімізде тұңғыш президенттік күн деп аталады . 2 - жүргізуші:1992ж. 2 наурызда Қазақстан дүние жүзілік елдердің тәуелсіздігін қорғайтын БҰҰ-ға мүше болып кірді. 1 - жүргізуші:1992ж. 4 маусымда Қ.Р. Мемлекеттік рәміздері қабылданды. 2 - жүргізуші:Күннің бейнесі бейнеленген көгілдір жалауымыз, Елі мен жерін қорғауға бірлік пен бейбітке шақырған әнұранымыз қабылданды. 1 - жүргізуші:Аттың жалынымен көмкерілген, ортасында шаңырағымыз бейнеленген елтаңбамыз қабылданды . 2 - жүргізуші: Осының бәрі сан ғасыр бойы тәуелсіздік аңсаған ата- бабаларымыздың ақ ниеті арқасы! 1 - жүргізуші: 1993ж.15 қарашада Ұлттық валютамыз-теңге айналымға енді. 2 - жүргізуші:1994ж.19 маусымда Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қойылды.
1 - жүргізуші:1995ж. 30 тамызда Қазақ халқын бүкіл әлемге танытатын Жаңа Конституциясы қабылданды. 2 - жүргізуші:1997 жылдың соңында Қазақстанның өсіп-өркендеуі , қауіпсіздігі және әл- ауқатының артуы мақсатында ел ағасы Назарбаев <<Қазақстан -2030>> бағдарламасын жасап, бүкіл халыққа жолдап ,осыны орындауды аманат етті. 1 - жүргізуші: <<Қазақстан -2030>> бағдарламасы 2012 жылы толық жүзеге асқанын елбасының өзі қорытындылады . 2 - жүргіуші:1832 жылы Ақмола округтік приказы болып ашылды .Кеңес үкіметі жылдарында 1954-55 жылдары тың игеруге байланысты бұл қаланың атауы өзгере бастады .1961 жылы Ақмола қаласына Целиноград деген атау берілді.1997 жылы- Ақмола- Астана деп өзгертілді. 1 - жүргізуші:2007ж. <<Қазақ тілін қолдау >> жылы болды. 2 - жүргізуші:2009ж. <<Ана мен бала жылы>>. 1 - жүргізуші:2010ж. 12 желтоқсан Астана қаласында Еуразиялық Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтті. 2 - жүргізуші:2011ж.Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы тойланды. 1 - жүргізуші:2012ж.Қазақстан спортшылары жазғы олимпиадалық ойындарда жетістіктерге жетті. 2 - жүргізуші:2012 ж.Қазақстан <<ЭКСПО - 2017>> халықаралық көрмесін жүргізуге мүмкіндік алды. 1 - жүргізуші:2014 ж.қаңтарда <<Қазақстан - 2050>> Мәңгілік ел бағдарламасы қабылданды. 2 - жүргізуші:2016 ж. Қазақстан спортшылары әлемдік олимпиада ойында үлкен жетістіктерге жетті. 1 - жүргізуші:Қазіргі таңда еліміз адам танымастай өзгерді. Оған нәтижесі: Күннен күнге экономикасы өскен, халқының әлеуметтәк тұрмысы жақсарған Қазақстан және бүкіл дүниежүзін тамсандырып, сәулетті ғимараттары күннен күнге шарықтап бара жатқан Астанамыз өсіп келеді. 2 - жүргізуші: Жас қазақ елінің білімді азаматтары қаншама! Білімі мен өнер қатар даму үстінде. Әрбір өнер адамы тәуелсіздікке арналған шығармаларын тарту етеді.Олай болса мерекелік <<Тойбастар>> күйін тыңдайық.
1 - жүргізуші: Тәуелсіздікке арнап жазылған ақын өлеңдері қаншама! 2 - жүргізуші: Қалқаман Сариннің <<Тәуелсіздік>> өлеңіне арналған әдеби монтаж
1 оқушы- Еркіндігім. Қасиеттім.Қастерлім. Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң! Кеше сенің келбетіңді арман ғып, Боданына бұғауландық басқа елдің. Бабалардың басын тігіп бәйгеге, Аналардың жанарына жас бердің! Бәрі қосылып: Уа, Еркіндік, қош келдің!
2 оқушы: Өзегімді өртке ораған қоғамда, Өз үйіме өзім өгей болам ба?! Алшаң басып жүре алмаса алты алаш Азаттығым! Қадірің де жоқ онда! ...Саған жету қиын болса қаншалық, Сақтап тұру қиынырақ одан да! Алла берген азаттықтың әр сәті- Аманат қой
Бәрі қосылып: Маған, Саған! Оған да!
3 оқушы: Саясатқа сермей алмай семсерді, Езгі күнге тері қылдым еңсемді! Желтоқсанда жалын атып жастығым, Құрсау болған темір қоғам теңселді! Есте даңқы қыршындардың қалды ма, Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!? Уа, еркіндік, Құның немен өлшеңді!?
4 оқушы: Ей, намыстың найзағайдай ұлдары, Қызыл тілін қылыш еткен қыздары! Қанды тарих қалшиып тұр мәңгіге, Жанарында - Желтоқсанның ызғары Сұрап алып сұрқы кеткен айдан нұр, Азаттыққа арпалысқан майдан бұл. Құрмет саған, Желтоқсандық боздақтар, Өшпейтін жыр бұл- алаңға ойған жыр! Бәрі қосылып: Құрмет саған Желтоқсандық боздақтар!
5 оқушы : Уа, еркіндік! Құның немен өлшенді?! Сені көксеп Боздақтарым ерте өлді! Сенсің менің ең ғажайып өлеңім, Ең шуақты, Ең шырайлы, Ең шерлі! Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын- Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!
6 оқушы: Тәуелсіздік, тәтті үмітім едің сен... Бостандығым! Тосқан күнім алладан, Кездерде өтті шындық іздеп шаршаған. Тәуелсіздік тәтті үмітім едің ғой, Талай таңдар таңдайымда тамсаған. Беу, Азаттық! Болсаң бізге баянды, Аранына кетпей тұрып аярдың. Бодан болып көз ілгенмін кеше мен, Бүгін таңда бостан болып ояндым
7 оқушы: Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан, Сен келгенде сары мұңнан тазарғам. Дастаным бар балбал тасқа қашаған, Аспаным бар ала бұлттан босаған. Асылына ие болған Алаштың, Айналайын менің алтын босағам. Атыңнан айналайын қазақ деген Қазағым қайсарлығым ғажап дер ем Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай Көрсеңде көргеніңді азаппенен
8 оқушы : Республика ерікті ел-Қазақстан Келді ақыры көп күткен жаз алыстан Келді алыстан аңсатып армандатып. Торды бұзған мен де бір мәз арыстан. Ақыры келіп қолыңа жалау ұстадың - Қазақстаным! Босатып тордан, зарыққан дала құстарын, Алдыңнан атты нұр шашып, ағарып таңың. Соның үшін де қолыма қалам ұстадым
9 оқушы: Астанам - асқарымдай көрінесің, Өлең боп көкірегімнен өрілесің, Бойыма рух беріп тұрғаннан соң, Анық-ау ұтылмасым, жеңілмесім Домалап қазағымның өрге тасы, Думанмен дүрілдесін аспан асты. Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп, Асқақтай бер, елімнің Астанасы
1 - жүргізуші: Тәуелсіздікті мадақтап әрбір ақын осылай жырласа біздің ата- бабаларымыз туған жер мен Отанымызға арнап қанатты сөздер қалдырған 2 - жүргізуші: Ол қазіргі таңда мақал - мәтелдерге айналып отыр.Олай болса, екі топқа тапсырма. Қай топ мақал- мәтелді көп біледі 1 - жүргізуші:Уақыт. 6 минут 2 - жүргізуші: Бір- бірімізге қошемет көрсетейік( екі топ бір-біріне қол шапалақтайды). 1 - жүргізуші:Иә,әрбір ақын Тәуелсіздік, тәтті үмітім едің сен... Бостандығым!,- деп жырлап, тәуелсіздікті қуана қарсы алды. 2 - жүргізуші: Ақынның нәзік сезімі тәуелсіздікті атып келе жатқан таңға балап,тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегенін ақын Бауыржан Қарағызұлы <<Диалог>> өлеңінді былай деп суреттейді: 1 - жүргізуші: Өлеңді оқитын Айболат пен Еркеназ
- Көңіл пердесін аштым ба түріп,
Көкжиек көрінді нұрлы?..
- Көгілдір аспанның астында тұрып,
Көтердім көгілдір Туды!
- Кезген бір тылсым Даланы мәңгі,
Кие боп кеудеме енді ме?
- Көгілдір туға оранып алды,
Күн күліп сәулеленді де!
- Керуен жолдан мың адасыпты,
Көнерген жылдар аңсар боп...
- Көзұшындағы Қыран да асықты,
Көгілдір туға қонсам деп!
- Көңіл пердесін аштым ба түріп,
Көкжиек көрінді нұрлы?..
- Көгілдір аспанның астында тұрып,
Көтердім көгілдір Туды!
Көркем бір бейне кетер деп үнсіз,
Көкіректе әуен үздікті...
- Көгілдір туды көтерген... кімсіз?
- ТӘУЕЛСІЗДІКПІН!!! ( екеуі)
Мұғалім: -Міне, оқушылар тәуелсіздік таңы мен мынау бейбіт заманымыз бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқының басынан қилы - қилы заман өтті.Қазақ халқының қалыптасқанына 1465 жылдан бастап есептегеннің өзінде халқымыздың саны 17мил. нан әрең асады.Бұл санға өзге ұлт өкілдерін де қосып отырмыз. Тарихи деректерге қарағанда халқымыз 400 ден астам азаттық үшін күрестер жасаған. Бәрі де біз өмір сүріп отырған азаттық, бейбіт заман үшін күресті. Сөзіміз дәлелді болу үшін мына бейне баянмен танысайық. (бейне фильм аяқталған соң) -Міне, оқушылар, Тәуелсіздік - біздің ең басты құндылығымыз.Міне, көріп отырсыңдар, халқымыз талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттері: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ, басқа халықтармен бейбітшілік,келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды. Сондықтан қазір <<Тәуелсіз>> және <<Қазақстан>> топтарына <<Тәуелсіздік деген не?>> және <<Мен - бейбітшілікті сүйемін>> тақырыбына постер қорғауға тапсырма беремін.Бүгінгі тәрбие сағатында түйген ой- пікірлеріңді ортаға саламыз. (8 минут уақыт) (Оқушылар постер қорғайды)
Ең соңынан: 1 - жүргізуші:Ту тігілді халқымның бүгін бағына Жас өрендер желбіретіп нық ұста Ғасырларға жалғастырып елдікті Дақ түсірме ата баба рухына Үлгі бізге аталардың ерлігі Ұлағаты өнегесі еңбегі Тәуелсіздік туын ұстап жоғары Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі 2 - жүргізуші: Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, Туған күнің құтты болсын, алыбым!- дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған <<Отан анам-Отаным!>> атты мерекелік тәрбие сағатымызда өз мәресіне де келіп жетті. Қосылып: Тәуелсіз ел биік болсын тұғырың , Деп тілейді мынау сенің ұл- қызың. Жаса мәңгі , жайнай берсін жарқырап, Жана берсін, көк аспанда жұлдызың! Мұғалім: -Міне оқушылар , тәуелсіздік бізге аспаннан түскен жоқ.Бәрі ерлік пен күрес арқылы келгенін көріп отырмыз. Сондықтан аспанымыз ашық болып, күніміз жарқырап, шапағатын бізге әруақытта шашып тұрсын деп сіздерге тілек айта отырып, бостандық, тәуелсіздік күні жарқырап тұрғанына биыл 25 жыл болып отыр.Қазір мынау күн бейнесіне өз ойларыңды жазып, күннің шапағаты болыңдар !(3 мин) Ән : <<Көктің тудың желбірегені>>

Ұқсас жұмыстар
Отаным - атамекенім. мерекелік ертеңгілік. ортаңғы топ
ЕЛІМ ТУҒАН ЖЕРІМ
Менің отаным - Қазақстан. Жас ұрпақты Отанын сүюге тәрбиелеу
Тәуелсіздік тұғырым
Ол күндер мәңгі есте сақталады. 11 сынып
Тәуелсіз елдің көшбасшысы
Менің елім - Қазақстаным
Оқушылар шығармашылығы
Сабақ мақсаттары. Қартқожаның туған жері
"отаным-Қазақстан" ашық тәрбие сағаты
Пәндер