Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Алгоритм жазу жолдары. Блок-схема

Т.Ақбозов атындағы орта мектеп

Ашық сабақ:

Алгоритм жазу жолдары. Блок-схема.

Сынып:6

Информатика пәнінің мұғалімі: Жаңабаев Куаныш

пән:Информатика сынып 6 16.11.16 ж

Тақырып: Алгоритм жазу жолдары. Блок-схема.

Мақсат:Алгоритмді жазу жолдарымен таныстыру, блок-схема құруды үйрену.
Білімділік - оқушыларға алгоритмді жазу түрлері туралы жалпы мағлұмат беру.
Дамытушылық - Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік - оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар алгоритм жазу түрлерін біледі;
Алгоритмді блок-схема түрінде құра алады.
Сабақ түрі: аралас
Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу), постер, таратпа карточкалар, Activstudio құрылғысы.

Сабақтың барысы: <>
І. <<Дүйсенбі>> Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. <<Сейсенбі>> Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. <<Самалет>> әдісі
ІІІ. <<Сәрсенбі>> Жаңа сабақ
IV. <<Бейсенбі>> Сабақты бекіту.
V. <<Жұма>> Сабақты қорытындылау.
VІ. <<Сенбі>> Үйге тапсырма
VІІ. <<Жексенбі>> Оқушыларды бағалау.

І. <<Дүйсенбі>> Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты топқа бөлу
1 топ- Алгоритм жазу жолдары
2 топ- Блок-схема
ІІ. <<Сейсенбі>>Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. <<Самалет>> әдісі
* Алгоритм ұғымы қайдан шықты?
* Алгоритм дегеніміз не?
* Алгоритмнің негізгі қасиеттерін ата?
* Алгоритмнің үзіктілігі дегенді қалай түсінуге болады? Мысал келтір.
* Алгоритмнің нәтижелігі дегенді қалай түсінуге болады: Мысал келтір.
* Алгоритмнің жалпыламалығы дегенді қалай түсінуге болады? Мысал келтір.
* Алгоритмнің түсініктілігі дегенді қалай түсінуге болады? Мысалкелтір.
* Алгоритмнің формальды орындалуы дегенді қалай түсінуге болады? Мысал келтір.
ІІІ. <<Сәрсенбі>> Жаңа сабақ
Алгоритм жазу жолдары
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын-ала жазып алу керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:
1) табиғи тілдегі жазылуы;
2) белгілі бір түйінді сөздер - терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу;
3) графиктік жолмен жазу;
4) программалау тілдеріндегі жазылуы.
Бірақтабиғитілдежазылған алгоритм компьютердеорындалмайды, өйткенібұлжағдайдадәлдік, нақтылықсақталмайды. Алгоритмдердіграфиктікжолменжазу, кейіннен осы программалаутіліндегіпрограммағаайналдыружұмысымемлекеттікстандартпенбекітіліп, ақпаратөндеужұмысындакеңіненқолданылады.
Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі
Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі - кең таралған әдіс. Бұл - жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған. Ондакез-келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі ретімен орналысады. Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм схемасымен айқындалады. Алгоритм схемасын оның блок схемасы деп аталады. Алгоритм блоктарының ішінде орындалатын іс-әрекеттің мазмұны жазылады. Блок схемада пайдаланатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір-бірімен қосатын сызықтар байланыс сызықтары деп аталады.

Блоктаркескіндемесі
Блоктарқызметі
1

Алгоритм басы
2

Алгоритм соңы
3

Есептеуіш әрекет
4

Мәліметтерді енгізу, мәліметтерді шығару
5

Шартты тексеру
6

Циклдың басы
7

Көмекші алгоритмді шақыру
8

Байланыс бағытын көрсету
Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы
Алгоритмдік тіл деп - орындалатын әрекеттерді, амалдарды бірыңғай және дәл жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөздерімен пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесін айтады. Алгоритмдік тіл бір жағынан табиғи тілге жақын, сондықтан оны қарапайым мәтін түрінде жазады және оқиды. Алгоритмдік тіл - математикалық белгілер сандар, шамалар мен функция атаулары, арифметикалық белгілері, жақша және басқа да символдар мен қатар белгілі бір қызмет атқаратын терминдер қамтиды. Алгоритмдік тілде мәтін құруға пайдаланылатын қарапайым белгілер - тілдің символдары деп, ал ондай символдар жиынын - оның алфавиті деп атайды.
Алгоритмдерді және алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді программалау тілдері деп атайды. Паскаль, Си, Дельфи, Бейсик, Фортран тәрізді программалау тілдері - ағылшын тіліндегі кейбір сөздерді алгоритм құруда кеңінен пайдаланады. Ол сөздердің саны онша көпемес, оларды түйінді сөздер деп атайды. Әр компьютердің өзінің машиналық тілі болады, ол командалар тілін емесе кодтар тілі деп аталады. Алгоритмдік тілде және программалау тілінде программа жазу - ыңғайлы болып табылады. Оларды белгілі бір машинада орындау үшін сол программалау тілін машина тіліне автоматы түрде аударатын түрлендіргіш программалар болуы керек, оларды транслятор деп атайды. Трансляторлар үштүрге бөлінеді: интерпретатор, компилятор және ассемблер.
Интерпретатор - берілген прогамманың әр бір жолын (командасын) жеке-жеке аударып отырып орындайтын транслятор түрі.
Компилятор - бірден барлық программа мәтінін толық аударып машина тіліндегі бір модуль түріне келтіреді де, сонан соң сол модульді компьютер жадына қайта жазып алып, оны кейін тек біздің алауымыз бойынша орындайды.
Ассемблер - тек автокод түрінде яғни ассемблер тілінде жазылған программаларды ғана машина тіліне аударады.

Программаны орындау кезеңдері

Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі
Программалау тілінің негізгі болып табылатын, алгоритмдік тілде қолданылатын шамалар мен және оның ережесімен танысайық. Бұл ереже алгоритмнің жазылуын компьютерде орындауды ыңғайлап ретке келтіреді.
Алгоритмдік тілде өрнектелген әрбір алгоритмнің мазмұндық сипатын ашатын атауы, яғни тақырыбы болады. Тақырыпты арнайы бөліп көрсету үшін оның алдына алг(алгоритм) түйінде сөзі жазылады. Алгоритмнің тақырыбынан кейін, жаңа жолдан оның командлары жазылады. Ал алгоритм командаларының басталуы мен аяқталуын көрсету үшін басы және соңы түйінді сөздері пайдаланылады. Командалар осы екі түйінді сөздің арасында жазылады да, сол жазылу реті бойынша орындалады.
IV. <<Бейсенбі>> Сабақты бекіту. Компьютермен жұмыс
V. <<Жұма>> Сабақты қорытындылау.
1. Тапсырма №1.Төтенше жағдай тудырмау үшін, <<Судың қайнау>> алгоритмін дұрыс құру.
Алгоритм<<Судың қайнауы>>:
oo Шәйнекке су құю.
oo Газдың кранын ашу.
oo Шәйнекті плитаға қою.
oo Судың қайнауын күту.
oo Шырпыны газға апару.
oo Шырпыны жағу.
oo Газды өшіру.

2. Тапсырма №2<<Ағашты өсіру>> алгоритмінің реттілігін дұрыс орналастырыңдар.
Шұңқырды толтыр...

Шұңқырды қаз
Су сепкішті алып, көшетті отырғыз
Күрек пен көшетті ал

Көшетті шұңқырға сал.

Күрек пен су сепкішті орнына қой

Тапсырма№3.Анаңа жұмыртқа қуыруға көмектес, орындау реттілігін көрсет.
Газды жақ
Газға табаны қой
Жұмыртқа мен майды дайында
Табаға майды еріт
Жұмыртқаны жар
Жұмыртқаның қабықтарын таста
Жұмыртқаға тұз сеп
Жұмыртқаны 5 минут қуыр.
Газды өшір.

Тапсырма№4
"Өзеннің жағасында қасқыр, ешкі, капуста және қайықпен тасушы бар екен. Тасушы қасқыр, ешкі, капуста үшеуін, қасқырды ешкімен, ешкіні капустамен жеке қалдырмай отырып өзеннің келесі жағасына көшіруі керек. Мұны қалай жасауға болады.

VІ. <<Сенбі>> Үйге тапсырма
VІІ. <<Жексенбі>> Оқушыларды бағалау.

Сабақ кезеңдері
Бөлінген уақыт
Мұғалімнің іс - әрекеттері
Оқушылардың
іс - әрекеттері
Сергіту сәті
1 мин
физминут
Бейнеклиптегі қозғалыстарды қайталайды
Сыныпта ынтымақтастық ахуал құру

1 мин
<<Жылы сезімдер>> ынтымақтастық ахуал құру

2 топқа бөлу
Орындарынан тұрып шеңбер құру, амандасу, сабаққа зейіндерін аудару.
<<Алгоритм>>, << Программа>> 2 топқа бөліну
Түсіну
3мин
Сұрақ-жауап.
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм тіл дегеніміз не?
3. Программа дегеніміз не?
4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?
5. Алгоритм тілі дегеніміз не?

Оқушы-оқушы
Жауаптар:
1. Алгоритм дегеніміз - информатиканың іргелі түсініктерінің бірі.
2. Алгоритмдік тіл дегеніміз- алгоритмдерді біріңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі.
3. Программа дегеніміз - қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм компьютерге қажетті командалардың жиынтығы.
4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз - құрастырылған алгоритммен басқарға тиісті объект немесе субъект.
5. Алгоритм тілі - бұл
алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және дәл жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі.
Білу

Топпен жұмыс

15 мин

1 топ- Алгоритм жазу жолдары
2 топ- Блок-схема

Топ болып, талқылап, постер құру, қорғау
Қолдану

Тапсырма орындайық
10мин.
Басы
оңға 3
оңға 3
солға 2
солға 2
соңы
0
2

0
1
2
3
4
5
6
7
8
Тапсырма №1.Орындаушы шегіртке сандық ось бойымен берілген сан бөліктеріне секіреді. Орындаушы Шегіртке бұйрықтарының жүйесі: оңға 3(3 бірлік кесіндіге оңға секіреді) және солға 2 (2 бірлік кесіндіге солға секіреді). Бастапқы орны 0. Шегірткеге 2 санына жетуге көмектесетін сызықтық алгоритм құр.

Тапсырма №2.Төтенше жағдай тудырмау үшін, <<Судың қайнау>> алгоритмін дұрыс құру.
Алгоритм<<Судың қайнауы>>:
oo Шәйнекке су құю.
oo Газдың кранын ашу.
oo Шәйнекті плитаға қою.
oo Судың қайнауын күту.
oo Шырпыны газға апару.
oo Шырпыны жағу.
oo Газды өшіру.
Тапсырма №3 <<Ағашты өсіру>> алгоритмінің реттілігін дұрыс орналастырыңдар.
Шұңқырды толтыр...

Шұңқырды қаз
Су сепкішті алып, көшетті отырғыз
Күрек пен көшетті ал

Көшетті шұңқырға сал.

Күрек пен су сепкішті орнына қой

Тапсырма№4.Апана жұмыртқа қуыруға көмектес, орындау реттілігін көрсет.
Газды жақ
Газға табаны қой
Жұмыртқа мен майды дайында
Табаға майды еріт
Жұмыртқаны жар
Жұмыртқаның қабықтарын таста
Жұмыртқаға тұз сеп
Жұмыртқаны 5 минут қуыр.
Газды өшір.
Тапсырма№5.
"Өзеннің жағасында қасқыр, ешкі, капуста және қайықпен тасушы бар екен. Тасушы қасқыр, ешкі, капуста үшеуін, қасқырды ешкімен, ешкіні капустамен жеке қалдырмай отырып өзеннің келесі жағасына көшіруі керек. Мұны қалай жасауға болады."
9

6- тапсырма. Ребусты шешіңдер.



Жинақтау
Компьютер-мен жұмыс
10 мин
Жеке карточка тапсырма тарату
Жеке орындайды
Синтез
Тест
3 мин
Activoiteқұрылғысымен
Тапсырады
Рефлексия
Бағалау.
2 мин.
Кері байланыс стикерге жазады
Тақтаға іледі
Күнделіктеріне бағаны қойдырады.

Алгоритмнің орындалу
Күнделікті тұрмыстан алгоритмге бір мысал келтірейік. Студент болу үшін алгоритм мынадай қадамдарын орындау керек:
1. Мектепті тәмамдау.
2. Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту.
3. Керекті құжаттарды, аттестаттың түпнұсқасын емтихан қорытыдысымен белгілі бір мамандықты көрсетіп, конкурсқа тапсыру.
4. Конкурстан өту.
5. Таңдаған мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орнын анықтау.

Пәнаты: Информатика
Класы: 9
Сабақтыңтақырыбы: Алгоритм жазужолдары. Алгоритмнің график түріндекескінделуі. Алгоритмдіктілжәнепрограммалаутіліұғымы. Алгоритмдіктілдіңжалпыережесі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардыалгоритмніңжазылужолдарыментаныстыраотырып, қарапайымалгоритмдердіжәне блок-схема құрабілугеүйреу;
Дамытушылығы: Оқушылардыңқарапайымалгоритмдердіжәне блок-схеманықұрудағдасынқалыптастыраотырып, логикалық ой-өрістеріндамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардыұқыптылыққа, жинақылыққатәрбиелеу.
Сабақтыңтүрі:теориялықсабақ
Сабақтыңбарысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткенматериалдардықайталау
3. Жаңасабақтытүсіндіру
4. Сабақтыбекіту
5. Үйгетапсырма
Өткенматериалдықайталаусұрақтары
* Алгоритм ұғымықайданшықты?
* Алгоритм дегеніміз не?
* Алгоритмніңнегізгіқасиеттеріната?
* Алгоритмніңүзіктілігідегендіқалайтүсінугеболады? Мысалкелтір.
* Алгоритмніңнәтижелігідегендіқалайтүсінугеболады: Мысалкелтір.
* Алгоритмніңжалпыламалығыдегендіқалайтүсінугеболады? Мысалкелтір.
* Алгоритмніңтүсініктілігідегендіқалайтүсінугеболады? Мысалкелтір.
* Алгоритмніңформальдыорындалуыдегендіқалайтүсінугеболады? Мысалкелтір.
Жаңасабақтүсіндіру
.
Сабақтыбекітусұрақтары
Алгоритмдіөрнектеу, жазутәсілдерідегеніміз не?
Алгоритмдердіграфиктіктүрдекескіндеуерекшіліктеріқандай?
Блок-схема дегеніміз не?
Негізгіблоктарғажәнекөмекшіблоктарғанелержатады?
Алгоритмдіктіл, программалаутілідегеніміз не?
Түйіндісөздергенелержатады?
Кодтартілідегеніміз не?
Транслятор дегеніміз не? Оныңқандайтүрлері бар?
Интерпретатор, компилятор жәнеассемблердіңайырмашылықтарықандай?
Үйгетапсырма: тапсырманыорындау.

Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға алгоритмнің график түрінде берілуін меңгерту
Паскаль тілінде программалау
Ақпаратты сығу программалары
Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасау жолдары
Айнымалы ұғымы . негізгі сипаттамалары: аты,типі,мәні
Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритм қасиеттері. Алгоритмнің өрнектелу жолдары
Алгоритмді жазу пішімі
Алгоритм типтері
Сызықтық алгоритмдерді программалау. Сабақтың тақырыбы
Алгоритм трассировкасы
Пәндер