6-сыныпқа арналған логикалық есептер тақырыбы бойынша ойын түріндегі ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Логикалық есептер

Сабақтың мақсаты: оқушылардың логикалық есептерді шеше білу, математика пәніне қызығушылығын арттыру арқылы логикалық ой-ұшқырлықтарын дамыту

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес (ойын сабақ)

Көрнекілігі:интерактивті тақта, слайд, сіріңке, жетон, нақыл сөздер

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын ұйымдастыру (амандасу, түгелдеу)

«Озық ойлы оқушы» атты сабағымызды бастаймыз.

Ойын шарты:

1. “Білім” сайысы

2. “Көңілді санау”

3. “Математикалық басқатырғыш”

4. “Сыр сандық құпиясы”

1. Арифметика-математиканың, ал математика- ғылымдардың патшасы. (К. Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек. (М. В. Ломоносов)

3. Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р. Бэкон)

Сабақтың ұраны:

Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

Білім сайысы:

  1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?. 0
  2. 7 санына байланысты не білесіз?
  3. Тауық екі аяғымен тұрғанда 2 кг тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады?
  4. Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалды?
  5. Үстелде 3 кесе қымыз бар. Жандос бір кесе қымызды ішіп қойды. Үстелде неше кесе бар?
  6. Наурыз тойы кезі. Ат жарыс өтуде. Үш пар ат 60 км шауып өтсе, әр ат неше км-ден шабады?
  7. 1 т мақта ауыр ма, 10 ц темір ауыр ма?
  8. Айдос өзінің туған күнін 4 жылда бір атап өтеді. Бұл қай күн?
  9. Алманың жартысы неге ұқсайды?
  10. Нанды үш бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек?
  11. 2 таяқтың неше ұшы бар?
  12. Ағаш үстінде 50 торғай отыр. Аңшы 20 торғайды атып алды. Неше торғай қалды?
  13. 1 көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалындығындай үш көйлек жылы ма?
  14. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі?
  15. Қолымызда он саусақ бар, он қолда неше саусақ бар?
  16. Он санын нөлсіз қалай жазуға болады?
  17. Ең үлкен үш таңбалы сан?18. Төрт қойдың неше аяғы бар?

19. Екі санның қосындысы 8-ге тең, ал көбейтіндісі 15-ке тең. Олар қандай сандар?

20. Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?

2.

Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіпті, мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер оның болғанын ұнатады. Жоғары сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оларды үйлеріне әрлі-берлі тасып әлек. Бұл не?

«Сіріңкемен жұмыс»

О, сіріңкелер, фантастика секілді,

Білесің бе, қызықтарды не түрлі.

Сиқырланған фигуралар қараңдар,

Жауабыңды тосып тұр ғой өтімді.

“Арифметикалық жұмбақтар”

Бір-бірімен жарысқа

Төрт аю, бір арыстан

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу, кім білді? 6

Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бары? 15

«Сыр сандық» құпиясы

1. Бұл затты есептеуде уақытты үнемдеу үшін қолданады. Бұл не? 2. Оны сіріңкеден немесе таяқшадан құрастыруға болады. Бұл төрт симметрия осі бар фигура. Бұлай санның дәрежесі де аталады. Бұл не?
3. Бұл - басы да, ұшы да жоқ, бір қызық, әдемі фигура. Егер оның бойымен жүрсең, қанша жүрсеңде, бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласың. Бұл не?

Криптограмма
Нүкте Шеңбер Радиус Төрт Тең Бұрыш Алу Алым Сан Теңдеу Бес

Ойынның соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Жұлдызымызды санасақ, онда бүгін
«Озық ойлы оқушы» анықталды.

Табантал орта мектебі

«Қызықты математика» факультатив курсынан

әдістемелік күнде өткізілген ашық сабақ

Тақырыбы: «ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР»

6 класс

Өткізген: Адилгереева Л. А

2013-2014 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
2-сыныпқа арналған саяхат түріндегі Шаршы тақырыбы бойынша сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған математикалық футбол: ойын түріндегі сыныптан тыс жұмыс
Математикадан қайталау сабағы: ойын түріндегі ашық сабақ жоспары
7-сынып: Қысым тақырыбы бойынша есептер шығару - ашық сабақ жоспары
6-сыныпта ойын түріндегі аралас сабақ: Гүлдің құрылысы мен өсімдіктердің қоректенуі бойынша әдістемелік тәжірибе
6-сыныпқа арналған Жемістер тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Математиканы пысықтау сабағы: ойын әдістерімен арифметика, теңдеулер және логикалық есептер
MS Access әлемінде: математика, физика және информатика пәндері бойынша танымдық ойын түріндегі ашық сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған Механикадағы күштер тақырыбы бойынша ашық сабақ жоспары
Сандық заңдылықтар бойынша логикалық тапсырмаларға арналған дамытушылық ойын сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz