Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Мекен үстеуі
Сабақты дайындаған: Орал қаласындағы Ж.Молдағалиев атындағы № 2 ЖОББМ
бастауыш сынып мұғалімі Шаримова Зульфия Өскенбайқызы.
Сабақтың тақырыбы: Мекен үстеу.
Мақсаты:
а/ Оқушылардың үстеуден алған білімдерін кеңейте отырып, мекен үстеуі
туралы нақтырақ мағлұмат беру. Сөйлемдердің ішінен ажырата білуге үйрету.
ә/ Сөздердің мағынасын түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл
байлығын, сөйлеу мәдениетін арттыру.
б/ Оқушыларды мейірімділікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: машықтық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Мұғалім: Оқушы:
Әрбір адам досым,сыныптасым
Әрбір ісің тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің шындық, бірлік, адалдық
Әрбір сабақ үйрену, оқу, іздену
- Олай болса өткен сабақта не үйреніп білдік? Үстеу дегеніміз не?
- Үстеудің қандай түрлері бар? Мезгіл үстеуіне өздеріңіз мысал ойлап
айтыңыздаршы.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар үй тапсырмасын оқып, талдайды.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мынандай сөйлемдерге назар аударайық.
Құстар жоғары көтеріліп ұшты. Бұл сөйлемдегі үстеу қайсы?
Сыртта жапалақ-жапалақ қар жауып тұр. Бұл сөйлемдегі үстеу қайсы?
Енді осы үстеулер туралы не айтар едіңдер?
✓ оқушылар сөйлемдерден ереже шығарып, тұжырым жасайды.
✓ Оқушылардың өз ойларынан сөйлемдер ойлап айтуы.
✓ Жаттығулармен жұмыс.
512- жаттығу.
Артта, алда, оңға, солға, алға, артқа, жоғары, кілт төмен, сыртта,
астында.
513-жаттығу.
Онда барып ондай болдым
Сонда барып сондай болдым
Белін буған қылдай болдым. /ши/
Ойын : « Сандар сыры»
Берілген сандардың қазақ тілі сабағына қатысын анықтау.
Мысалы: 9 саны-қазақ тіліндегі тоғыз сөз табын білдіреді. т.с.с.
515- жаттығу.
Берілген үстеулерді қатыстырып сөйлемдер құрап жазу, оқу.
ІV. Қорытынды.
Топтық жұмыс
І топ
Ішінде есімдігі бар 5 сөйлем ойлап жазу
ІІ топ
Ішінде сан есімі бар 5 сөйлем ойлап жазу.
ІІІ топ
Ішінде үстеуі бар 5 сөйлем ойлап жазу.
- Балалр бүгінгі сабақтан не білдік? Сабақ не туралы болды? Үстеу
дегеніміз не? Қиын болған тапсырмалар туралы не айтар едіңдер? Жаңа
ережені кім қайталап айтып береді?
516- жаттығу.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас.
Үйретуден балаға.
Үстеуді тап. Сұрақ қойып мағынасын анықта. Өлеңнің авторы кім? Ол
туралы не білесіңдер?
Терме диктант.
Әжемнің үйі ауылдың шетінде. Қыздар оңға, ұлдар солға бұрылды. Көл
маңында жоғары шығып сырғанаушылар өте көп екен. Сары балапан анасын
төменнен іздейді.
Семантикалық картамен жұмыс.
|Сөздер |Мекен үстеу |Мезгіл үстеу |Сын-қимыл үстеу |
|Тез барады | | | |
|Артта | | | |
|Кешқұрым | | | |
V. Үйге тапсырма. 514- жаттығу.
Семантикалық карта.
|Сөздер |Мекен үстеу |Мезгіл үстеу |Сын-қимыл үстеу |
|Тез барады | | | |
|Артта | | | |
|Кешқұрым | | | |
Семантикалық карта.
|Сөздер |Мекен үстеу |Мезгіл үстеу |Сын-қимыл үстеу |
|Тез барады | | | |
|Артта | | | |
|Кешқұрым | | | |
Семантикалық карта.
|Сөздер |Мекен үстеу |Мезгіл үстеу |Сын-қимыл үстеу |
|Тез барады | | | |
|Артта | | | |
|Кешқұрым | | | |
Семантикалық карта.
|Сөздер |Мекен үстеу |Мезгіл үстеу |Сын-қимыл үстеу |
|Тез барады | | | |
|Артта | | | |
|Кешқұрым | | | |
Семантикалық карта.
|Сөздер |Мекен үстеу |Мезгіл үстеу |Сын-қимыл үстеу |
|Тез барады | | | |
|Артта | | | |
|Кешқұрым | | | |
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz