3-сыныпқа арналған қазақ тілі пәні: Біздің сынып тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Қазақ тілі, 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Біздің сынып.

Сабақтың мақсаты:

1. Берілген мәтін негізінде өз сыныбы туралы қысқаша айта алу, берілген құрылымдық үлгі бойынша сұрақ қоя білу;

2. Өз сыныбын, оның әр затын бағалай білуге, сауаттылыққа баулу;

3. Сабақта меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, тақырып бойынша өз ойларын айта білуге үйрету;

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу, ой қозғау.

Көрнекілігі : сөздік, мазмұнды суреттер, слайд материалдары, сөзжұмбақ

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, бейнелеу өнері

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу, сабаққа әзірліктерін тексеру

2. Шаттық шеңберіне шығару, күннің ұранын айту.

Сыныбымыз тап-таза,

Бор да дайын тақтада.

Ойымызды жинақтап,

Отырайық партаға.

3. Суреттерді құрастыру арқылы топқа бөліну.

II Үй тапсырмасын тексеру:

а) Балалар назарын сабаққа аудару, тілдік ортаға ену.

-Балалар, бүгін аптаның қай күні?

-Аптаның нешінші күні?

-Бүгін сендерде неше сабақ болады?

-Қазақ тілі нешінші сабақ?

-Біз қазақ тілі сабағында не істейміз?

б) үй тапсырмасын тексеру

1-тапсырма Диалогті оқыту

3-тапсырма Сөйлем құрап үйрен бағытында пирамида әдісімен сөйлем құрастыру

III Жаңа сабақ

1. Тақырыпты хабарлау, мақсат қою

2. Сөздікпен жұмыс: оқу, аудару, сөз тіркестерін құрау

Әрқашан-всегда әрқашан таза, әрқашан бірге, әрқашан көңілді

Қатар-ряд бірінші қатар, екі қатар, үшінші қатар

3. Топтық жұмыс

Мәтінді оқыту, аудару( әр топтан бір оқушы оқиды)

Біздің сынып

Біздің сыныбымыз екінші қабатта орналасқан. Сынып үлкен және жарық. Сыныпта мұғалім үстелі мен орындығы, 15 парта, 30 орындық бар. Терезенің алдында гүл тұр. Қабырғада тақта ілулі тұр. Тақтаның жанында бор жатыр. Біздің сыныбымыз әрқашан таза.

Топтар бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді.

-Біздің сыныбымыз нешінші қабатта орналасқан?

-Сынып қандай?

-Сыныпта нелер бар?

-Терезенің алдында не тұр?

-Қабырғада не ілулі тұр?

Біздің сыныбымыз қандай?

2-тапсырма Үлгіге қарай отырып, өз сыныбы туралы әңгімелейді

(әр топтан 1-2 оқушыдан)

Сергіту сәті «Көңілді күн»

3-тапсырма Оқу, түсіну, талдау (жазылым)

1-топ сынып

2-топ парта

3-топ орындық

Менің сыныбым партам орындығым

Сенің сыныбың партаң орындығың

Сіздің сыныбыңыз партаңыз орындығыңыз

Оның сыныбы партасы орындығы

IV Бекіту: 1. Сөзжұмбақ шешу

1-топ Мектеп 2-топ Кітап 3-топ Сынып

Қалам кезекші есік

Күнд е лік бүгін жарық

К ітап таза нешінші

Дәп т ер жарық орын

Сөмк е кітапхана көп

ұқы п ты
V Үйге тапсырма: 4, 6-тапсырма, 191-192-бет

VI Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды атап өту, бағалау.

VII Қорытындылау:

- Нені білдік?

-Неге үйрендік?

-Сабақ ұнады ма?


Ұқсас жұмыстар
3-сынып қазақ тілі пәні: Сын есім тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Аханова А.З., 3 Б сынып: Қазақ тілі пәні Мәтін тақырыбы бойынша сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған қазақ тілі пәні: Мәтін деген не тақырыбы бойынша сабақ жоспары
3-сынып қазақ тілі - Бастауыш тақырыбы бойынша сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған Қазақ тілі пәні: Мұхитарал тақырыбы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған қазақ тілі пәні: Сан есім тақырыбы бойынша сабақ жоспары
3-сынып қазақ тілі: Зат есім тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Біздің отбасымыз тақырыбы бойынша қазақ тілі фонетикасын қайталау сабағы
3-сынып қазақ тілі пәні: Тыныс белгілері бойынша сабақ жоспары
4-сынып қазақ тілі пәні: Ілік септік тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz