Өндірістік оқу сабақ жоспары: Ысты тәтті тағамдар - қамырдағы қуырылған алма

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары.

Өтетін күні: 201___ж. Топ №___

Сабақтын тақырыбы : Ысты тәтті тағамдар. Қамырдағы қуырылған алма

Сабақтын мақсаты:

а) Білімділік: Теория сабағында алған білімдеріңді пысықтап жетілдіру. Оқушыларды тәтті тағамдар дайындауға үйрету.

ә) Дамытушылық: Жеке тапсырмаларды орындау барысында технологиялық ретін, талаптарын орындауға үйрету. Оқушының шығармашылығын дамыту, іскерліктерін шындап дамыту.

б) Тәрбиелік: Жаңашылдыққа, әдемілікке, дастарқан әзірлеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа жауапкершілікпен қарауға, эстетикалық талғамға баулу, жеке басының әдебін сақтауға, топпен ынтымақтаса бірігіп жұмыс жасауға, өз бетінше еңбектенуге, танымдық қабілеттерін қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтын өтетін орны: Аспаздық зертханасы

Сабақтын әдісі: Түсіндірмелі, сарамандық.

Сабақтын түрі: Аралас, әңгіме, бинарлы.

Пәнаралық байланыс: Еңбекті қорғау, тауартану, жабдықтау, калькуляция

Қолданылатын әдебиеттер: Интернет, «Еңбекті қорғау», «Кәсіп орнынын жабдықтары», «Аспазшы» Б. Бисембаев

Көрнекілік құралдар: Нұсқау картасы, суреттер, слайдтар.

Құрал жабдықтар: ыдыс- аяқтар, маркіленген пышақтар, тоназытқыш, маркіленген тақтайша, тостер.

Шикізат: Технологиялық-нұсқау картасы бойынша.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 5 минут

1. Оқушыларды тізім бойынша тексеру.

2. Оқушылардың техника қауіпсіздік талаптарына сәйкес киінулеріне назар аудару.

Ө. о шебері:

- Саламатсызба құрметті көрермендер. Қош келдіңіз біздің «Ас болсын» бағдарламамызға. Сіздермен бүгін біздің студиямызда Римма Бериковна! (слайд № 1)

А. пән оқытушысы:

- Және Бақыт Тулегеновна мен біздің қонақтарымыз! Бүгін біз сіздерді тәтті тағамдар және сусындар түрлерімен таныстырып кетеміз. (слайд № 2)

Ө. о шебері:

- және «Қамырдағы қуырылған алма» ыстық тәтті тағамын дайындауға үйренеміз. Біздің бағдарлама тікелей эфирде өтіп жатқаның естеріңізден шығармай экрандағы телефон арқылы хабарласуыңыз болады. (телефон нөмірі беріледі) (слайд № 3)

ІІ. Кіріспе нұсқау: 40-45 минут

А. пән оқытушысы: (Тақырыбын түсіндіреді) . Ө. о шебері көмектеседі () . (слайд № 4, 5)

«Тәтті салқын тағамдарды дайындау үшін, қолданылатын тағамдар» (№ 6 ) слайдтан кейін студияға бір көрермен хабарласады:

Көрермен:

- Алло, бұл «Ас болсын» бағдарламасыма?

Ө. о шебері:

- Ия, бұл «Ас болсын бағдарламасы». Сіз тікелей эфирдесіңіз. Өзіңізді таныстырып кетсеңіз.

Көрермен:

- Мен Ахметов Серікпін, Орал қаласынан хабарласып тұрған едім. Менің білгім келгені, тәтті тағамдарды қайда дайындайды (қай жерде) ?

А. пән оқытушысы:

- салқын тәтті тағамдарды - салқын және ыссы цехта дайындайды. Хабарласып тұрғаныңызға рахмет. (слайд № 7)

«Тәтті салқын тағамдарды ұсынады» (слайд № 8 ) слайдтан кейн Бакыт Тулегеновна Римма Бериковнаға сұрақ қояды

- Римма Бериковна, қалай ойлайсыңыз көрермендердің барлығыда біледімекен компот желе, мусс, кисель дегендер қандай болады мекен?

А. пән оқытушысы:(слайд № 9 дан № 15 слайдқа дейін)

-компот, желе т. б қандай екенің көрсетіп, және мінездеме беріп кетеді дайын сусындар мен тәтті тағамдармен таныстырады.

Ө. о шебері тақырып бойынша дайындауға кіріседі:(слайд № 16- 17)

- Бүгін біз «Ысты тәтті тағамдар. Қамырдағы қуырылған алма» дайындаймыз. Римма Бериковна, бұл жерде маған сіздің көмегіңіз керек болады.

Бұл тағамды дайындауға бізге келесі ингредиенттер қажет: алма, қант, бидай ұны, жұмыртқа, пастерленген сүт, қаймақ, тұз, асханалық май, рафинад ұнтағы және өрік тұздығы немесе алма тұздығы. (слайд № 18)

  1. Алманы жуады, ортасындағы дәндерән алып тастайды. (слайд № 19)
  2. Алманы қалындығы 0, 5 см дөңгелекшелерге турайды да үстінен қант сеуіп қояды. (слайд № 20)

Сұйық қамырды дайындау:

  1. Жұмыртқаның сарысы мен ақуызынан бөледі. (слайд № 21)
  2. Жұмыртқаның сарысына қант, тұз, қаймақ, бидай ұнын салады да жақсылап араластырады. (слайд № 22)
  3. Жылытылған сүтпен араластырады. (слайд № 22)
  4. Жұмыртқаның ақуызын тоназытқышта салқындатады да қою көпіршік пайда болғанша миксермен шайқайды. (слайд № 23)
  5. Шайқалып көпіртілген ақуызды қамырдын ішіне салады да абайлап араластырады.
  6. Сұйық қамырдың консистенциясы қою болуы керек. (слайд № 24)
  7. Алма дөңгелекшелерін шаңышқымен түйреп дайын қамырға салып алып, t =180°С қыздырылған майға салады да алтын түсті қабық пайда болғанша қуырады. Тордың үстіне қойып артық майын ағызады да суытады. (слайд № 25)
  8. Қуырылған алманы десерттік тәрелкеге салады да үстінен рафинад ұнтағын себеді. Алма және өрік тұздығын бөлек ұсынады. (слайд № 26)

ІІІ. Оқушылардың өз бетімен жұмысы: 240 минут.

Ө. о шебері:

- Құрметті көрермендер! Өздеріңіз көз жеткізіп көргендей, бұл тағам оңай істелінеді. Сондықтан мына біздің студиямыздың қонақтары сіздер үшін қайталап істеп көрсетеді. Құрметті қонақтар сіздердің алдыңызда осы тақырып бойынша технологиялық - нұсқау карталары жатыр. Сол карталар мен өз бетіңізбен танысып жұмыс істеуге кірісуге болады.


Ұқсас жұмыстар
Үгілмелі қамырдан тағамдар әзірлеу: өндірістік-оқыту сабағының жоспары
Өндірістік жарақаттану мен кәсіби науқастану бойынша өндірістік оқыту сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған Ұлттық тағамдар тақырыбындағы сабақ жоспары
Ұлттық тағамдар: қазақ тілі пәнінің ойын сабақ жоспары
Өндірістік оқу: түйнекжемістілер мен тамыржемістілерді өңдеу және турау тәсілдері
Қыш ыдыс пен алма: натюрморт салу бойынша сабақ жоспары
Өндірістік оқытуды ұйымдастыру және оқу практикасының есебі
Сабақ жоспары: Қазақтың дастарханы - ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлер
Қазақ тілі. Сабақ жоспары: Ұлттық тағамдар (8А сынып, №30, 18.12.2014)
Өндірістік оқыту сабақ жоспары: Автомобильдің жалпы құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz