Сабақ жоспары :: Физика

Файл қосу

Қайнау.Меншікті булану жылуы Қайнау құбылысының өту барысын түсіну, оның буланудан айырмашылықтарын көрсету

Сыныбы: 8б
Физика
Сабақтың тақырыбы:
Қайнау.Меншікті булану жылуы
Мақсаты
Қайнау құбылысының өту барысын түсіну, оның буланудан айырмашылықтарын көрсету.
Күтілетін нәтижелер
А.тақырыптағы негізгі анықтамалар мен шамаларды, олардың белгіленуі мен бірліктерін біледі.
В. Қайнауға дейінгі сұйықтарда болатын құбылыстарды реттеп жүйелей алады.
С. Осы құбылыстарды МКТ тұрғысынан түсіндіре алады.
Керекті жабдықтар:
Флипчарт, плакаттар, маркерлер, жабыстырғыш клей, тапсырмалар, бағалау парақтары, стикерлер
Әдіс- тәсілдер:
Топтық жұмыс, жеке жұмыс, <<плакаттар компаниясы>>, ментальдық карта,<<фотогаллерея>>, өзара және өзін - өзі критериалды бағалау.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
Оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру:
Оқушыларды заттың үш күйіне байланысты үш топқа бөлемін

<<Серпілген сауал>>
* Қаныққан бу деген не?
* Қанықпаған бу дегеніміз не?
* Ауадағы су буы қандай буға жатады?
* Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы деген не?
* Шық нүктесі деген не?
* Ауаның ылғалдылығын анықтайтын құрылғыларды ата
* Салыстырмалы ылғалдылық қанша пайыз болуы керек?
* Конденсация деген не?
* Кебу деген не?
Ылғалдылықтың маңызы
Оқушыларды қолдап, мадақтап отыру.
Оқушылар топқа бөлінеді, қасиеттерін айтып өтеді.

Пішінін мен көлемін сақтау - қатты денелерге тән қасиет.
Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту - сұйыққа тән қасиет.
Газдың тұрақты көлемі мен пішіні болмайды. Олар берілген көлемді түгелдей алады.

Оқушылар шапшаңдықпен жауабын береді.Әрбір дұрыс жауап 1 балл
Тұсау
кесер

Оқушылардың бастапқы білімдерін назарға ала отырып, ой қозғау мақсатында сұрақтар қойылады.
:: Химия сабағында тәжірибе жасап жатқан бала ашық ыдыста тұрған этил спиртін таба алмай қапа болды. Этил спирті қайда жоғалды?
Жауап: Ашық ыдыста болғандықтан ауаға ұшып жоғалған.
:: Есеп шығарып отырған Талап кофе ішпек болып ,газге қойған шәйнекті ұмыт қалдырған. Есебінің жауабын тапқан ол, -енді кофе ішуге болады деп тұра жүгіргенде, таң қалып тұрып қалды. Неге? Қалай?
Жауап: Қайнап - қайнап таусылған чайник бос қалған, буға айналып ұшып кеткен.
Қайнаудың алдында сұйықта қандай құбылыстар байқалады.
Бұл сұрақтың жауабын мына электронды оқулықтан іздеп көрейік.
Міне, балалар,біз бүгінгі сабақта өмірде кездесетін осындай құбылыстардың мән-мағнасын ғылыми тұрғыдан түсіну үшін жұмыстанамыз!
Олай болса дәптерімізге бүгінгі сабақтың тақырыбын жазайық.

Дәптерге тақырыпты жазып, мұқият интербелсенді тақтаға қарайды.

Негізгі бөлім

Сергіту сәті
Оқушылар, бейнежазба арқылы көп нәрселер біздің есімізге түскен шығар, соларды тағы бір пысықтау және жүйелеу үшін төмендегідей тапсырмаларды ұсынып отырмын:
І топқа: Қайнау процесін тәжірибелік жолмен түсіндіру
ІІ топқа: <<Плакаттар компаниясы>> бойынша судың төменгі қысымда қайнауының өнеркәсіпте қолданылуын жарнамалау.
ІІІ топқа: Ментальдық карта көмегімен жылу мөлшерін есептеудің жолдарын көрсете отырып, меншікті булану жылуының формуласын көрсетеді.
(себебі есептер шығаруда тұрақтыларды дұрыс ажырата білу ең басты міндет)
Топтық тапсырмаларды орындағаннан кейін оқушылар <<екі жұлдыз, бір тілек>> әдісі бойынша формативті бағалайды.
<<Мақалдарды сәйкестендіру>>
Тонның жылуы терісінен емес жүнінен Жылу өткізгіштік
Қимылдаған қыр асар Механикалық қозғалыс
Аяқ сүрінсе басқа салмақ түсер Инерция Шапшаң озар
Жатқан қалар Жылдамдық
Жеті рет өлшеп бір рет кес Физикалық шаманы өлшеу
Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді Диффузия
Отқа салса темірде балқиды Заттың агрегаттық күйі(балқу
Дән себілмей астық өнбейді
Дария буланбай шық түспейді. Булану конденсация

І топ оқушылары ұйымдасып, зертханалық тәсілмен қайнау процесін түсіндіреді.
І І топ мүшелері плакатта барлық білімдерін қолданып, жарнама жасап, оны сыныпқа жариялайды.

ІІІ топқа берілген тапсырмада оқушылар алған білімдерін физикада тыңғылықты қолдана алу керек.

Q

Оқушылар теориялық материалға толығымен шолу жасағаннан кейін берілген деңгейлік тапсырмаларды жеке орындайды.
<<Қызыл түс>> көтерген оқушыларға нұсқау-көмек беріледі.
(Бағалау критерийлері қосымшада)
І деңгей 1 балдан
Сары: логикалық тапсырмалар
1.Суды қыздырмай-ақ қайнатуға бола ма?(болады,сұйықтың үстіндегі қысымды жасанды түрде төмендетсек, онда ол кез келген температурада тіпті қату температурасында қайнайды.)
2.Кастрөлдегі қайнап жатқан суда макарон пісіп жатыр. Ал макарон түтігіндегі су қайнай ма? (жоқ)
3.Меншікті булану жылуы ның формуласы, өлшем бірлігі
4.Жылу мөлшерінің формуласы, өлшем бірлігі
ІІ деңгей 2 балл
Жасыл:
1.Массасы 1,5 т кірпіштен жасалған пешті 100С-тан 200С-қа жылыту үшін қанша жылу мөлшері қажет?
2. 11 кг су буы конденсацияланғанда қандай жылу мөлшері бөлінеді?

ІІІ деңгей. 3 балл
Қызыл.
1.Температурасы 200С массасы 2 кг суды толығымен буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері қажет?

Топтық жұмыстардың өзінде оқушыларға мұғалімнің қадағалауымен критерий бойынша бағалау парағында ұпай қойылып отырады. (бағалау парағы қосымшада)

Келесі тапсырма: деңгейлік есептердің ішінен қабілеттеріне қарай таңдау арқылы жеке отырып есепті шығарады да, дәптерлерін жұбымен алмасады және алдарына берілген жауап парақтары бойынша өзара тексереді.
Тексеруді аяқтаған соң, оқушылар берілген критерийлер бойынша бірін - бірі бағалайды.

Оқушылар бағдаршамның түсімен берілген деңгейлік тапсырмаларды өз деңгейлерінде орындай отырып, бағалау парағы арқылы өзін - өзі бағалайды.

Қорытынды бөлім
Оқушылар біз бүгінгі қорытындылау сабағымызды <<фотогаллерея>> әдісі арқылы шығармашылық жұмыстармен аяқтаймыз.Алдарыңызда бейнеленген фотосуреттер жатыр. Осы суреттерді қатыстырып табиғат құбылыстары тақырыбына 1 шумақ өлең, эссе жазу арқылы шығармашылық қабілеттерімізді шыңдайық.
Сабақ соңында бағалау парағындағы ұпайлар саны қосылып, бағалау шкаласы бойынша әр оқушы бағаланады.
Рефлексия:<<Қатысушы-ойшыл-өзін-өзі басқарушы>> әдісі арқылы өзін-өзі бағалау
Үйге тапсырма: Қайнау.Меншікті булану жылуы.11-жаттығу.
Мысалы мына суретке қарап эссе жазу:

Бағалау парағы


Оқушының аты - жөні
Серпілген сауал

І деңгей
1 б
ІІ деңгей
2 б
ІІІ деңгей
3 б
Шығармашылық жұмыс

Жалпы ұпай саны
баға
1

Бағасы
13-15 балл <<5>>
10 - 12 балл <<4>>
7 -9 балл <<3>>

Бағалау критерийі Бағалау критерийі

Критерий
Дескриптор
Жетістік деңгей
І деңгей

Қойылған сұраққа жауап бере алмады
0

Берілген сұраққа нақты жауап берді
1
ІІ деңгей
Есепті шығара алмады
0

Оқушы есептің берілгенін, нені анықтау керектігін жаза алады
1

Белгісіз шаманың мәнін берілген формуладан таба алады
1
ІІІ деңгей
Оқушы есепті шығара алмады
0

Оқушы есептің берілгенін, нені табу керектігін жаза алды.
1

Қажетті формулаларды жазып, математикалық түрлендіре отырып, соңғы формулаға жетеді.
1

Берілген шамалардың мәндерін қойып, есептерді шығарады.
1
Барлығы

Критерий
Дескриптор
Жетістік деңгей
І деңгей

Қойылған сұраққа жауап бере алмады
0

Берілген сұраққа нақты жауап берді
1
ІІ деңгей
Есепті шығара алмады
0

Оқушы есептің берілгенін, нені анықтау керектігін жаза алады
1

Белгісіз шаманың мәнін берілген формуладан таба алады
1
ІІІ деңгей
Оқушы есепті шығара алмады
0

Оқушы есептің берілгенін, нені табу керектігін жаза алды.
1

Қажетті формулаларды жазып, математикалық түрлендіре отырып, соңғы формулаға жетеді.
1

Берілген шамалардың мәндерін қойып, есептерді шығарады.
1
Барлығы

Ұқсас жұмыстар
Қайнау. меншікті булану жылуы. 8 сынып. қмж
Қайнау. Меншiктi булану жылуы
Тақырып Булану және конденсация
Жылу құбылыстары. 8 сынып
Қайнау. меншікті булану жылуы. 8 сынып қысқа мерзімді жоспарлау
Қайнау.Меншікті булану жылуы туралы
Практикалық жұмыс: заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу»
Меншікті булану жылуы
Жылу процестеріне есептер шығару
Практикалық жұмыс 1
Пәндер