Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (7-сынып): Қазақ хандығының құрылуы және Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары - сабақ жоспарлары

Астана қаласы №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі
Тарих пәні мұғалімі: Саркулова Жумагуль Жунисбековна
- Шығармашылыққа баулу;
- өз бетімен зертттеу, ізденуге жетелеуге ықпал ету;
- әңгімелеу, мазмұндау қабілеттерін арттыруға жағдай жасау;
- сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге дағдыландыру.
- Оқушылар топта жұмыс жасай алады;
- өзіндік көзқарас қалыптастыра алады;
- білім алуға деген қызығушылығы артады;
- салыстыра алады;
- ой қорытып, талдай алады;
- өзін бағалай алады;
- алған білімін жүйелей алады;
1. Ұйымдастыру
кезеңі (3 мин)
- Сәлемдесу. Түгендеу
- Сергіту сәті.
- Топқа бөлу
2. Үй тапсырмасын
сұрау: (5 мин)
1-тапсырма. Математикалық ойын
- 4000 / 2 -532=1468 (Әбілхайыр ханның қайтыс болған жылы)
- 400 *3 +148 =1348 (Моғолстанның құрылған жылы)
- 2800+105-1500=1405 (Әмір Темірдің қайтыс болған жылы)
- 732*2+1=1465 (Қазақ хандығының құрылған жылы)
- 4000+221-3000=1221 (Шыңғысханның Орта Азияны жаулауды аяқтауы)
- 500*2+395=1395 (Тоқтамыс пен Темірдің шешуші шайқасы)
- 3800 / 2+91=1991 (ҚР-ның Тәуелсіздік алған жылы)
«Ұлы дала дүбірі» деректі фильм көрсетіледі. ( Оқушылардың ойы тыңдалады)
1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс
2-тапсырма. Қазақ хандығының негізін қалаушыларға тарихи сипаттама бер.
3-тапсырма. Кім? Қай жерде? «Тайпалардың орналасуы» кестесін толтыр. (дәптермен жұмыс)
Сабақты бекіту
(5-мин)
«Өзіңді тексер». Келіскен сөйлемдерді ғана белгіле.
- М. Х. Дулати «Тарих-и-Рашиди атты еңбегінде Қазақ хандығының құрылу уақытын хижралық есептеу бойынша 870 жыл деп есептейді ( 1465-1466)
- Есен- бұға Керей, Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алды және Шу мен Қозыбасы бойынан қоныс бөліп берді.
- Жетісуда тұрған тайпаларға Есен бұға жиі шапқыншылық жасады.
- Есен бұға Керей мен Жәнібекті Әбілқайырға қарсы шапқыншылыққа пайдаланды
- Моғолстан ханы қазақтардың күшін жоңғарларға соққы беруге пайдаланғысы келді
- Есен бұға билікке таласып отырған өзінің ағасы Жүніске қарсы күресте Кереймен және Жәнібекпен мықты одақ құрғысы келді.
Үйге тапсырма
(2-мин)
Тыңдап отырған үштік әдісімен бекітемін.
- Формативті бағалау;
- Әр топ басшысының бағалауы, өзін-өзі бағалау
Астана қаласы №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі
Тарих пәні мұғалімі: Саркулова Жумагуль Жунисбековна