Оңтүстік Американың климаты: қалыптастыру факторлары мен климаттық белдеулер (7-сынып сабақ жоспары)

Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың климаты.

Мақсаты:

Оқушылар Оңтүстік Американың климаты туралы білім алады.

Оқушылар климат туралы төменгі сыныптарда алған білімдерін дамытады.

Оңтүстік Американың климатының ерекшеліктерін түсініп, әрбір климаттық белдеулерге талдау жасайды, ой қорытады, білімдерін ортаға салады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақ тәсілдері : интерактивті, сыни тұрғыдан ойлау.

Сабақ көрнекілігі : интертақта, Оңтүстік Американың физикалық картасы, бағалу бетшесі

Сабақ жүрісі:

Ұйымдастыру. Амандасу. Психологиялық ахуал. Біз әрқайсымыз әр жыл мезгілдерінде дүниеге келдік. Жыл мезгілдері біздің мінез құлығымызға әсер етеді.

Жаз-жүрегі нәзік, сұлулықты жаны сүйеді, дос болуға таптырмайтын адамдар.

Көктем- өзіне көп көңіл бөлгенді қалайды, мақтағанды сүйеді. Өзін айрықша күтетін, сәнқой, адамдар.

Күз-ақкөңіл, жүрегі сондай кең, қарапайым жандар. Бірақ тентек, ашуы мықты, әділдікті қалайды.

Қыс -Энергиясы мол, өзіне сенімді, жауапты, бірақ өзге ортағаға үйренісуі қиын адамдар

Сыныпты жер су атаулары арқылы топтарға бөлу.

Жаңа сабақты оқып үйрену.

Сабақ бөлімдері
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Сабақ бөлімдері: Кіріспе бөлім.
Мұғалімнің әрекеті:

Үй тапсырмасын сұрау.

1. графикалық диктант . Сұрақ саны әр топ үшін 7.

2. Картамен жұмыс. Әр топ картадан жер бедерінің түрлерін көрсетеді.

Мысалы:Ориноко, Аконкагуа, Патогония, Маморе, Гран Чако.

Оқушының әрекеті:

Сұрақтарға тез жауап береді.

Иә жауабына ∩

Жоқ жауабына _ қояды.

Сонда ∩_ графика шығады.

Сабақ бөлімдері: Негізгі бөлім.
Мұғалімнің әрекеті:

Жаңа сабақты оқып үйренер алдында оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады.

Климат деген не?

Климаттық белдеулерді жіктеген кім?

Қандай климаттық белдеулерді білесіздер?

Жаңа сабақ:

«Оңтүстік Америка климаты»

Материктің климатын қалыптастырушы факторларды айтып, жеке- жеке тоқталады.

Мысалы:географиялық ендік.

Материкті экватор сызығы солтүстігінен кесіп өтетіндіктен, жылуды мол алады да материк қатты ысиды. бірақ жауын шашынның көптігі, материкті шамадан тыс қызып кетуден қорғайды.

Материкке үш ауа массасы әсер етеді. Олар экваторлық, тропиктік, қоңыржай ауа массасы.

Экваторлық ауа массасы әсерінен ылғал мол түседі.

Тропиктік ауа массасы әсерінен материкке ылғал аз түседі.

Қоңыржай ауа массасының әсерінен материк салқындайды немесе құрғайды.

Жердің төсеніш беті мен ағыстардың әсерін түсіндіреді.

Әрбір климаттық белдеулерге толық тоқталады.

Оқушының әрекеті:

Климат ауа райының белгілі бір жерге тән көпжылдық режимі.

Климаттық белдеулерді жіктеген орыс климатогы Алисов.

Климаттық белдеулер негізгі, өтпелі.

Өткен сабақтағы білімі бойынша Эль Ниньо ағысын айтады.

Сабақ бөлімдері: Қорытынды бөлім.
Мұғалімнің әрекеті:

Әр топқа түрлі тапсырмаларды береді.

Мысалы:

1. Берілген климаттық диаграммаларға қарай отырып, климаттық белдеуді анықтаңыз.

2. Әрбір климаттық белдеуге сипаттама беріңіз. Кесте түрінде.

Шығармашылық сұрақ.

Анд тауы материктің шығысында болғанда климат қалай өзгереді?

Оқушының әрекеті:

Берілген диаграммаға қарап, климаттық белдеуді анықтайды.

Кестені толтырады.

Шығармашылық сұраққа өз ойларын айтады.

Сабақ бөлімдері:

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Мұғалімнің әрекеті:

Топ басшысы бағалайды.

Тақырыпты оқу. Кескін картаға климатттық белдеулерді түсіру.

Оқулықтағы диаграммаларды анықтау.

Жоспар бойынша кез келген бір қаланың климатын сипаттау.

Оқушының әрекеті: Бағалайды. Бетшені толтырады.

№82 «Дарын» мамандандырылған лицейі

Қалалық география пәні мұғалімдерінің семинары

Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Оңтүстік Американың климаты»

(7-сынып география пәні)

Сабақты жүргізген Кашыгулова Р. Е

География пәні мұғалімі

Астана 2016ж


Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Американың климаты: факторлар, климаттық белдеулер және картамен жұмыс (7-сынып сабақ жоспары)
7-сынып сабағы: Солтүстік Американың климаты - қалыптасу факторлары мен ерекшеліктері
7-сыныпқа арналған ашық сабақ: Оңтүстік Американың халқы мен елдері және Анд тауындағы биіктік белдеулер
7-сыныпқа арналған ашық сабақ: Оңтүстік Американың ішкі сулары
7-сынып географиясы: Оңтүстік Американың табиғат зоналары (сабақ жоспары)
7-сынып географиясы: Оңтүстік Американың ішкі сулары - өзендер мен көлдер
Оңтүстік Америка материгінің климаты: 7-сыныпқа арналған сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған география пәнінен сабақ жоспары: Оңтүстік Американың табиғат зоналары
Солтүстік Американың климаты және оны қалыптастыратын факторлар: 7-сыныпқа арналған сабақ жоспары
7-сынып: Оңтүстік Американың ішкі сулары - өзендері, көлдері мен сарқырамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz