Жақсылық жолымен жүреміз

Мектеп: ЖББ Жырақұдық орта мектебі Мерзімі: № 17сабақ

Мұғалім: Наурызбаева А. О. Сынып: 1 Оқушылар саны : 10

Тақырып: Жақсылық жолымен жүреміз

Құндылық : Ішкі тыныштық

Қасиеттер: риясыз қызмет ету, көмек көрсету, ізгілік

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі жақсылықтың маңыздылығын жеткізу арқылы тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушыларға жақсылықтың мәнін ұғындыра отырып, риясыз қызмет ету туралы түсінік беру;

Дамытушылық: оқушыларды ізгі қарым-қатынас жасауға баулу арқылы көмек көрсету ге үйрету;

Тәрбиелік: оқушыларды риясыз қызмет ету арқылы ізгілікке тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасып, түгендеп, назарларын сабаққа аудару. 5Т ережесін сақтау.

Тыныштық сәті

«Су асты патшалығына ойша саяхат»

Ресурстар: (құралдар, мәліметер) үнтаспа
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі:Оқушылармен амандасып, түгендеп, назарларын сабаққа аудару. 5Т ережесін сақтау.Тыныштық сәті«Су асты патшалығына ойша саяхат»:

Үй тапсырмасын тексеру

№17 сабақ 79 бетіндегі «Бір жұлдызды құтқару» аңыз әңгіме

  • Баланың жасаған іс-әрекетін қалай сипаттар едіңдер?
  • Өздеріңе басқалардың жасаған жақсылығын естеріңе түсіріп айтыңдар?
Ресурстар: (құралдар, мәліметер) үнтаспа:
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі:Оқушылармен амандасып, түгендеп, назарларын сабаққа аудару. 5Т ережесін сақтау.Тыныштық сәті«Су асты патшалығына ойша саяхат»:

Дәйексөз

«Жақсылық - жан азығы» халық даналығы

Талдау сұрақтары:

-Жақсылықты қалай жасау керек?

-Адамға жақсылық қалай азық бола алады?

Ресурстар: (құралдар, мәліметер) үнтаспа:
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі:Оқушылармен амандасып, түгендеп, назарларын сабаққа аудару. 5Т ережесін сақтау.Тыныштық сәті«Су асты патшалығына ойша саяхат»:

Әңгімелеу

Жақсылық пен жамандық (ертегі)

Ертеде Адам ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына Жақсылықты, сол иығына Жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда Жақсылықты «істе» десе, Жамандық «істеме» деп сыбырлайды екен. Сөйтіп, адамдың бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Алам біраз жол жүріп, өзен жағасымен төмен жүріп келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді. Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жан ашып:

-Адам ана балыққа көмектесіп жібер, - десе Жамандық:

-Қой, жөніңе жүр, уақытыңды алма, - дейді.

Адам балықтан асып барып, мойынын бұрып қарайды. Балық шарасыздықтан көзі жәутендеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұралып барып, балықты суға жібереді. Балық ризашылығын білдіріп, суда ойнақшып секіріп, құйрығын бұлғақтатып, суға сүңгіп кетеді.

Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр-шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық:

  • Осы торғайдың балаланына бола долан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит құсқа жнм боласың ғой, - дейді.

Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық: -Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, - дейді.

Адам тағы да шыдай алмай, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ-шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.

Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатырған құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі Жамандықтың айтуымен құмырсқа дәнінен айырып тастағысы келіп тоқталды да, шыр-пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді.

Ол:

  • Әй, адам-ау қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзер тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып сүйреп келе жатырғанда, қол ұшыңды көрсетіп жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? - деп налыған екен.

Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады.

Сөйтіп, Адам ата ұрпағын алдына шақырып алып:

  • Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол, - деп батасын береді.

Содан бері адам баласы жақсылық мұратына жетіп келеді екен.

Талқылау үшін сұрақтар:

-Неліктен адам Жақсылықтың айтқанын орындады деп ойлайсыңдар?

-Жақсылық жасау үшін қайдай қасиеттер керек деп ойлайсыңдар?

Ресурстар: (құралдар, мәліметер) үнтаспа:
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі:Оқушылармен амандасып, түгендеп, назарларын сабаққа аудару. 5Т ережесін сақтау.Тыныштық сәті«Су асты патшалығына ойша саяхат»:

Шығармашылық іс-әрекет, топтық тапсырма

1-топ Оқушылар «Жақсылық» деген сөздің әрбәр әрпінен басталатын адами қасиетті білдіретін сөз жазады.

2-топ Дәптерде берілген суреттерге қарап, мұндай жағдайда қандай жақсылық жасауға болатынын ойланып шешеді. Өз шешімдерін ортаға салады.

Ресурстар: (құралдар, мәліметер) үнтаспа:
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі:Оқушылармен амандасып, түгендеп, назарларын сабаққа аудару. 5Т ережесін сақтау.Тыныштық сәті«Су асты патшалығына ойша саяхат»:

Топпен ән айту

«Құндылықтар


Ұқсас жұмыстар
Жолда жүру ережесі заңды тәртіп
Таныстыру
Рационал санның модулі
Ондық бөлшектерді қосу туралы ақпарат
Сандар қатары
Сондықтанда балалар
Бар жақсылық - балаға
Амансыңба жан досым
Баян таңырқап
Рахмет саған, Әліппе Әліппемен қоштасу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz