Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Сын есім туралы. Оқушылардың сөз таптары туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорын дамыту

Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сын есім туралы толық теориялық білім бере отырып, сөйлем ішінен сын есімді тауып, сұрақ қоюға, сұраққа ынта-ықыластарын аудару.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөз таптары туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелігі: Кішіпейілділікке, жылдамдыққа, мәнерлі сөйлеуге, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, ереже, алма.
Әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, венн диаграмма, топтастыру.
Түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
- Балалар, жақында қандай мереке болды?
- 8 - Наурыз Аналар мейрамы!
- Аналарынды неге теңеп едіңдер?
- Күнге!
- Ендеше Аналарың жанында деп ойлап, еш қысылмай, өзінді еркін сезініп, Күнге - қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын,
Нұрын шашып жарығы мен мейірімін,
Көркін ашар мына әсем даланың.
- Міне жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

Үй тапсырмасын тексеру.
3-жаттығу. Болымсыз етістікті табу.
Бекіту сұрақтары:
- Етістік дегеніміз не?
- Түрлерін ата.
- Болымды етістікке мысал келтір.
- Болымсыз етістік қалай жасалады?
Мысал келтір.

Көркем жазу.
Ш ш
Шебердің қолы ортақ.
І Қызығушылықты ояту.
Сөзжұмбақ шешу.
<<Қ А Н Д А Й ?>>
ж
у
а
с

ж
ы
л
ы
ұ
з
ы
н

к
е
ң

ж
а
с
ы
л

б
и
і
к

ә
д
е
м
і

1. Қой
2. Тон
3. Арқан
4. Көше
5. Жапырақ
6. Тау
7. Қыз

Тігінен <<Сын есім>> сөзі шықты.
Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы <<Сын есім>>.

Ой қозғау.
Алманың суреті бойынша сұрақ-жауап алу.

- Балалар мынау не?
- Алма
- Иісі қандай?
- Жұпар иісті, жағымды.
- Көлемі қандай?
- Үлкен
- Түсі қандай?
- Қызыл
Яғни, біз бір заттың сындық ерекшеліктерін атадық.
ІІ Мағынаны тану.
Сын есім топтастыру

Ереже шығарайық.
Заттың сынын, сапасын, түрін,түсін, пішінін, көлемін білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Қандай? Қай? сұрақтарына жауап береді.
Оқулықпен жұмыс.
2-жаттығу.
Берілген зат есімдерге қатысты сын есімдерді тауып жаз.
Гүл, кітап, аспан, терек, тамақ, сандық.
Үлгі: әдемі гүл, ...
Тақтамен жұмыс.
1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сын есімдерді тауып, сұрақ қой.
Гүлнұр - әдепті қыз. Ұставз - құрметті адам.
Шығармашылық тапсырмалар.
1. Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Сырты жасыл, қап-қатты,
Іші қызыл тәп-тәтті.

Жұмбақтың шешуін табуға қандай сөздер көмектесті? Олар заттың несін білдіріп тұр.? (түсін, сапасын, дәмін)
2. Суретке қара. Керекті сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап бер.
Күн қандай?
Аспан қандай?
Жапырақтар қандай?
Керекті сөздер: көңілді, ашық, көк, көгілдір, жасыл, сары, жабысқақ, нәзік.
Қай сөз алғашқы екі сұрақтың жауабы бола алады?
Сұрақтарға жауап жаз.
Сергіту сәті. <<Мен қандаймын>>?
4-жаттығу. Берілген сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріп жаз.
Өзің қалаған екі сөзбен сөйлем құрастыр.
Әдемі, қою, кең, қоңыр, таяз, қалың, биік.
Ойын. <<Сөз ойла, тез ойла>>
Тәтті, жасыл, әдемі
Қорытындылау.
Үйге тапсырма.
5-жаттығу. Сурет бойынша мәтін құрастыр. Сөйлемдерден сын есімдерді тауып, сұрақ қой.
Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Сын есім. .
Сын есім 417 -421 жаттығу
Сабақтың максаттары. Сабақтың барысы
Қазақ тілі. Сын есімнен өткенді қайталау
Заттың ретін білдіретін сан есімді тап
Баяндауыш 8-сынып.сабақ жоспары
Есімшенің жасалуы мен түрлері
Сөз таптары
Сөз таптары. зат есім
Сөз таптары. қазақ тілі, 2 сынып
Пәндер