Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Отбасындағы сүйіспеншілік
Бекітемін:
23.10.2014ж
Тақырыбы: Отбасындағы сүйіспеншілік
Мақсаты: балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету.Ауызекі сөйлеуін есте сақтау қабілетін,создік қорларын қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке ,үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдістер: Әңгімелеу, жұмбақ, тақпақ айту, ойын, сұрақ - жауап, шаттық шеңбері.көрініс
Көрнекіліктер: отбасы суреттері,интерактивті тақта,
1.Мұғалім:Кіріспе :Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі біздің мектепалды даярлық <<А>>сыныбының <<Отбасындағысүйіспеншілік>>
Атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер
баланың дүниеге келуі, кәмелетке толуы, үйлену тойы, т. б.
Халық даналығына назар аударсақ, ол былай дейді: <<Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң, онда арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң, онда ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді ойласаң, онда бала тәрбиеле>>
Сондықтан халқымыз <<Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар>>, <<Босағасын алтыннан соқсаңда, перзент сүймей, адамның мейірі қанбас>> деп баланы ерекше қадірлеп, оның өсіп жетілуіне айрықша мән берген.
Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар.
Концертік бағдарламамызды.
2.Хормен: <<Қолымда гүлім>> әнімен бастаймыз.
Меруерт: 1 - жүргізуші: Қазақ халқының данышпан ақыны Абайдың <<Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел, алдыңғы толқын - ағалар, кейінгі толқын - інілер, кезекпенен бөлінер, баяғыдай көрінер>> деген нақыл сөзі бар. Ата - тау, ана - бұлақ, бала - жағасындағы құрақ. Ата - ананы қадірлеу, олардың ақ сүтін ақтауға тырысу әр перзенттің міндеті.
Алмат: 2 - жүргізуші: Балаң жақсы болсын десең баласы жақсымен көрші бол, <<Бақпен асқан патшадан, мимен асқан бала артық; сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық>> - демекші, халқымыз ертеден атадан балаға мұра етіп қалдырып кеткен қазақ деген дана халықтың ұрпағымыз. Баласын мәпелеп өсіріп, өнегелі тәрбие беруді мақсат тұтқан атаның көзіміз.
Мұғалім:
3.Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер.
Мұғалім- Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық?
Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.
Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?
- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Дұрыс айтасыңдар.
- Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады.
- Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік.
Хормен:Ал, балалар ойнайық, ойнайықта ойлайық, қандай жұмақ болмасын, шешпей оны қоймайық.
Жұмбақ: Онсыз қызық жоқ маған, онсыз бақыт жоқ маған.
Ол әр баланың панасы, ол не екен, балалар? (отбасы)
- Міне балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен.
Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?
- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.
1 - жүргізуші:Меруерт
Атаң болса анаңмен
Алтыннан соққан қорғаның.
Ағаң болса ақылды
Ешкімнен кем болмадың.
Інің болса жанашыр
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл,
Сөнбес сенің шырағың
2 - жүргізуші:Ардақ
Ата жолын қуатын
Әже жолын қуатын,
Бойында бар қуаты
Аман болсын баламыз
4. Келесі бөлім <<тақпақтар>>
1.Айяулым
Анаң -күнің ,тірегің,
Әкең -өмір тірегің,
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансың.
2.С.Аружан
Әжең - асыл ардағың,
Атаң - дана қорғаң,
Сен- бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансың.
3.Баубек
Қарындасың- қанатың,
Ел-Отаның жаннатың,
Сен- бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын
4.Ханшайым
Ата - өсиеті
Әже - қасиеті
Атам не айтса көнетін,
Апам көңіл бөлетін,
Мен осы үйдің кенжесі,
Бәрі жақсы көретін.
5.Алмат
Әке деген- биік шыңы адамның адамның,
Әке деген- тірегі ғой ғаламның,
Әке деген- бойында аққан қаныңда,
Шықан тегің, ол негізгі жаныңда.
Не десең де әке жолы бір бөлек,
Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.
6.Баян
Сөздерді ең аяулы,
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды,
Кімнің ойлап тапқанын,
<<Күнім>>, <<жаным>> дегенді,
<<Құлыншағым>> дегенді,
<<Ботақаным>> дегенді,
<<Айналайын>> дегенді,
<<Толғанайым>> дегенді,
Ойлап тапқан аналар!
7.Ақбаян
Атамның ән- күйі ғажайып,
Әжемнің әлдиі ғажайып,
Анамның мәрейі ғажайып,
Әкемнің пейілі ғажайып,
Қалмасын ешқашан азайып.
2.жүргізуші: Алмат
5.Келесі кезегіміз: Би: << Батырлар биі>>
Қыздар би: <<Қуыршақ>>
Мақал - мәтелдер:
1.Әділ
Жақсы бала жағадағы құндыз,
Аспандағы жұлдыз.
2.К. Нұрсұлтан
Атадан жақсы ұл туса.
Елдің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елдің малын жейді.
3.Мейірбек
Әкеден - ақыл
Анадан - мейір
Ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі.
4.Исмайл
Әке - асқар тау,
Ана - етегіндегі бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ.
6.Көрініс:Бір ананың балалары.
7. Жүргізуші: Меруерт
Бүгінгі кеш осымен аяқталды,
Демеңіздер өнерін аяп қалды.
Келесі кездескенше сау болыңыз,
Уақыт та біраз жерге таяп қалды.
Келгендеріңізге рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz